Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әл-Фараби біздің бәйтерегіміз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Әл-Фараби- біздің үлкен бәйтерегіміз.
Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнектілік: слайдтар, нақыл сөздер, кітаптар көрмесі.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, костюмдер,
Барысы:
Жоспар:
І.Кіріспе бөлім
1.1.Бала Мұхаммедтен - ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабиге дейін. /өмірдерек /
1.2 Ұшқан ұя Фараб – туған елім. /көрініс /
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Дүние емес,білім жинаған ғұлама
*Әл-Фараби –энциклопедист ғылым /философ, математик,астроном , музыкант,тіл білімі, дәрігер ,психолог/
*Әл-Фараби -әдебиет зерттеушісі
* Әл-Фараби- ақын.
* Әл-Фараби-музыкант
*Әл-Фараби –дәрігер.
*Әл-Фараби – психолг
2.2 Әл-Фараби мұрасы –түркі халықтарын біріктірген рухани негіз./А.Машани ,А.Қасымжанов.Б.Ғафуров/
3. Қорытынды бөлім. Әл-Фараби - біздің бәйтерегіміз.
3.1 Хронологиялық кесте
3.2 Әл-Фараби тұлғасының әлі ашылмаған қырлары қандай? /ой бөлісу/
1 слайд. Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті, эпиграфтар.
Әзиз ата, әл-Фараби аруақ!
Бізге парыз-ұлылығың танымақ.
Тұңғиықтан, тұйықтан да шыға алдың:
Қыпшақтардың әлемге атын шығардың.
Заманында тұра алатын қатар кім?!
Сен екінші Аристотель атандың!
Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның Халық жазушысы
...Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын.
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Әбу Насыр әл-Фараби болатын
Мұхтар Шаханов, Қазақстанның Халық жазушысы
1-оқушы: Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген.
2-оқушы: Фарабидің толық аты-жөні -Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан Ұзлағ әл-Фараби ат Түрки.
Ат Түрки-шыққан тегі түркі дегенді, әл-Фараби-Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты-Мухаммед, әкесінің де аты –Мухамед, атасының аты-Тархан, Бабасы Ұзлағ.
3-оқушы: Әл-Фараби түркі тайпасының әулетті отбасында дүниеге келген, әкесі әскер басы болған. Руы қаңлы-қыпшақ. Әкесі әскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің де жауынгершілік, соғыс өнерінен хабары болған.
4-оқушы: Бала Мухаммед қала медреселерінің бірінен сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасынан мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған. Араб тарихшысы ибн Халликан «әл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Әсіресе түркі тілін, араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгерген.
5-оқушы: Әбу Насыр әл-Фараби 12.16 жасында ғылым-білім іздеп Бағдатқа аттанған. Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдай жасаған. Бағдадта «Байт әл-Хакма» атты ғылымдар үйі және әлемде ең бай кіткпхана болған.
6-оқушы: Әбу Насыр әл-Фараби өте кіші пейіл, барға қанағат қылатын, қарапайым киінген ер мінезді болған жан.
Слайд: Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді.
Әл-Фараби
Көрініс: «Ұшқан ұя Фараб- туған елім»
7-оқушы: Әл-Фараби саяхаттағанды жақсы көрген. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетілуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәр кісіге әрі ғажап, әрі таңысық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтарында Бағдад, Шам, Каир, Хорасанда болған.
Слайд: Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұруы тиіс. Әл-Фараби
Мұғалім: Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдад қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып,
бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді.
8-оқушы. Әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотельі» атанған есімі әлемге мәшһұр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.
9-оқушы: Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін ең алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зеріттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
10-оқушы: Әл-Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық, және этикалық көз -қарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
11-оқушы:Слайд:Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы.
Өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана басшы бола алады.
Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүле мінсіз болуы тиіс, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай ұғып алатын болуы керек. Өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін есіне жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын болуы керек. Алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт. Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт. Өнер білімге құштар, оқып үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек. Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келденде қанағатшыл болуы керек. Сауық құмарлықтан аулақ болуы керек. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі керек.
12-оқушы: Әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика-эстетика мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыим негіздерін ашып көрсетті. Этика жақсылық пен жамандықты ажыратуға түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екендігін дәлелдеді. Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты- адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте тұтастықта өмір сүру керек деп білді.
13-оқушы: Бақыт туралы. Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып соған ұмытылуы керек. Содан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек.
Бақыт-өз басын үшін көксейтін игілік.Бақыттың ар жағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жеткізетін еркін әрекет – тамаша әрекет.Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайрымдылы.Қайрымдылық дегеніміз – оның өзі белгілеген , бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық.
...Бақыттың мәні – парасаттылықта ,әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде...адамның өз мінез -құлқын , іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп , игілікке бағыштап отыруында.
14-оқушы: Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған. Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» т.б еңбектері бар.
15-оқушы:Әдебиет саласы бойынша Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – « Өлең өнері» деп аталады.Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»деп аталатын еңбегі .Мұнда Фараби грек поэзиясының жанырларына ,терминдеріне талдау жасаған.
16-20 оқушлар әл-Фарабидің өлеңдерін оқиды.
Қашықтасынң туған жер- қалың елім
Небір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен , қанатым талды менің,
Шыңыт жолға қарауменен.
***
Бауырым,қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
***
Тамылжып бал тыныштық айналамнан
Тылсым түнге құшағын жайған далам
Мен жатырмын ұйықысыз жапа-жалғыз,
Жанымды ой жарығы аймалаған.
***
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзінді
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
***
Слайд: Барлық поэтикалық шығармалар бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу үшін ғана. Шығарылған.
Әл - Фараби
21-оқушы: Араб музыкасын жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер: «Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби- Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ әл-Фараби бас король болып табылады. Басқаша айтқанда музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған»- дейді.
Мұғалімнің сөзі: Қорыта айтқанда әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» - музыка өнері қақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тәжірибесі және теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.
.Фараби музыканың емдік қасиетін,жағымды әсерін жан –жақты дәлелдеді , сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты.Ол музыка теориясын жазып қана қойған жоқ, ол музыкалық аспаптарды да қолдан жасап,сол аспаптарда керемет ойнай да білген Ойлап тапқан аспаптарынын бірі «канун»Қазақ домбырасының атасы –ұлы бабамыз әл-Фараби.
Күй орындату
Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.
Әл - Фараби
22-оқушы. Әл-Фараби жақсы дәрігер болған. Әсіресе бүйрек ауруының нағыз білгірі. Ол медицина ғылымы туралы көлемді еңбектер жазған.
23-оқушы. Слайд:«Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», - деп адам ағзасы мүшелерінің қызметінде айқындап берген.
Әл-Фараби-психолог.
Мұғалімнің сөзі: Әл-Фарабидің мұрасы, әл-Фараби туралы білетініміз аз. Әл-Фараби әлем халықтарын біріктіретін тұлға. Оны хан тұтатын 3 мемлекет бар біріншісі-Иран /олар әл-Фарабиді бізден шыққан дейді/, екіншісі-Қазақстан /ол Отырардан шыққан/, үшіншісі-Араб елі, Мысыр, Сирия т.б мұсылман елдері әл-Фарабиді айрықша қастерлейді.
24-оқушы:Біріншіден, әл-Фараби антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Екіншіден әл-Фараби грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп шығыста үлкен қозғалыс жаңа бағыттар бастады.
Слайд: «Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу»
Әл-Фараби
25-оқушы: Әл-Фарабиді Қазақстанда тұңғыш зерттеген-Ақжан Машани, Ағын Қасымжанов.
Мұғалімінің сөзі: Әл-Фараби- бүкіл түркі дүниесінің ғұламасы. Әл-Фарабиді қазақ елімен қауыштыруға көп еңбек сіңірген Ақжан Машани.Ақжан Машани- Әл-Фараби дің зиратына елімізден тұңғыш барған адам.,1968 жыл.
Ағын Қасымжанов шетелдерде әл-Фарабидің рухани мұрасы жөнінде баяндамалар жасап,кітап шығарған. Ол кісінің жетекшілігімен Философия және құқық институты жанынан 1975жылы әл-Фараби мұрасын зерттеу орталығы құрылды.
Сол жылы А.Қасымжановтың Б.Ғафуровпен бірлесіп жазған «Әл-Фараби – мәдениет тарихында» деген монографиясы Мәскеуде жарық көрді.Бұл еңбек қоғамда үлкен серпіліс тудырды.
26-оқушы: Жалпы Әл-Фарабидің қазақ жұртына оралуы, танылуы 1970 жылдан басталады. 1993 жылы А.Қасымжанов ұйытқысы бойынша С.М.Киров атындағы университетке Әл-Фараби есімі берілді және сонда Әл-Фараби туралы орталық берілді.
Әбу Насыр Әл-Фараби өміріне қатысты оқиғалар шежіресі (хронологиялық тәртіп бойынша )
Шығармашылық:
Әл-Фараби тұлғасының әлі ашылмаған қырлары қандай ?
*Әл-Фарабдің адамзат мәдинетіне сіңірген еңбегі зор.Ғалым мұрасының қазақмәдинеті үшін қандай маңызы бар ?
*Әл-Фараби айналыспаған ғылым саласы кемде-кем.Бірақ соңын ішінде қай ғылымға ерекше үлес қосты деп ойлайсыз?
Сіздің ойыңызша,әл-Фараби тұлғасының әлі ашылмаған қырлары қандай?
Әл-Фараби - біздің үлкен бәйтерегіміз!
Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу Насырәл-Фараби « Адамдар баққытты болуы үшін біріне-бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала- ізгі қала болады .Халықы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам
да ізгі қоғам болады Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады.Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа үмытылып, біріне-бірі көмектесіп отырса ,бүкіл жер жүзі ізгі болар еді »,-дегендей осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып,рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын егеменді еліміздің ертеңі айқын,болашағы жарқын болары сөзсіз.
Әл-Фарабидің қазақ мәдинетіне тигізген үлесі орасан зор.
« Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
« Біз өзіміздің ұлтық мәдинетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек
Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады»-делінген.
Бірлік ,ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық,ең алдымен,өзімізг- қазақтарға керек. Осы айтылған ойдың мән-мағанасын түсінсек ,ұлы ғұламаның бай мұрасындағы ғибратты сөздермен ұштасып жатқандай.
Қазақ ойшылдық тарихындағы дара тұлғаның филасофия,таным теориясы, музыка,логика,жан, саясат пен этика туралы пәлсапалық ойлары-ұрпақтан ұрпаққ мұра болар ой қазынасы.
Тақырыбы: Әл-Фараби- біздің үлкен бәйтерегіміз.
Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, оның жаратылыстану ғылымына қосқан үлесі туралы айту.
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнектілік: слайдтар, нақыл сөздер, кітаптар көрмесі.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, костюмдер,
Барысы:
Жоспар:
І.Кіріспе бөлім
1.1.Бала Мұхаммедтен - ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабиге дейін. /өмірдерек /
1.2 Ұшқан ұя Фараб – туған елім. /көрініс /
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Дүние емес,білім жинаған ғұлама
*Әл-Фараби –энциклопедист ғылым /философ, математик,астроном , музыкант,тіл білімі, дәрігер ,психолог/
*Әл- Фараби жаратылыстанушы ғалым
2.2 Әл-Фараби мұрасы –түркі халықтарын біріктірген рухани негіз./А.Машани ,А.Қасымжанов.Б.Ғафуров/
3. Қорытынды бөлім. Әл-Фараби - біздің бәйтерегіміз.
3.1 Хронологиялық кесте
3.2 Әл-Фараби тұлғасының әлі ашылмаған қырлары қандай? /ой бөлісу/
1 слайд. Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті, эпиграфтар.
Әзиз ата, әл-Фараби аруақ!
Бізге парыз-ұлылығың танымақ.
Тұңғиықтан, тұйықтан да шыға алдың:
Қыпшақтардың әлемге атын шығардың.
Заманында тұра алатын қатар кім?!
Сен екінші Аристотель атандың!
Мұзафар Әлімбаев, Қазақстанның Халық жазушысы
...Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын.
Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз
Әбу Насыр әл-Фараби болатын
Мұхтар Шаханов, Қазақстанның Халық жазушысы
1-оқушы: Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген.
2-оқушы: Фарабидің толық аты-жөні -Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан Ұзлағ әл-Фараби ат Түрки.
Ат Түрки-шыққан тегі түркі дегенді, әл-Фараби-Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты-Мухаммед, әкесінің де аты –Мухамед, атасының аты-Тархан, Бабасы Ұзлағ.
3-оқушы: Әл-Фараби түркі тайпасының әулетті отбасында дүниеге келген, әкесі әскер басы болған. Руы қаңлы-қыпшақ. Әкесі әскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің де жауынгершілік, соғыс өнерінен хабары болған.
4-оқушы: Бала Мухаммед қала медреселерінің бірінен сауатын ашып, хат танып, Отырар кітапханасынан мол қорынан сусындап өскен. Тіл үйренуге жастай көңіл қойған. Араб тарихшысы ибн Халликан «әл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Әсіресе түркі тілін, араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгерген.
5-оқушы: Әбу Насыр әл-Фараби 12.16 жасында ғылым-білім іздеп Бағдатқа аттанған. Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдай жасаған. Бағдадта «Байт әл-Хакма» атты ғылымдар үйі және әлемде ең бай кіткпхана болған.
6-оқушы: Әбу Насыр әл-Фараби өте кіші пейіл, барға қанағат қылатын, қарапайым киінген ер мінезді болған жан.
Слайд: Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді.
Әл-Фараби
Көрініс: «Ұшқан ұя Фараб- туған елім»
7-оқушы: Әл-Фараби саяхаттағанды жақсы көрген. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетілуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәр кісіге әрі ғажап, әрі таңысық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтарында Бағдад, Шам, Каир, Хорасанда болған.
Слайд: Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұруы тиіс. ӘлФараби
Мұғалім: Сонымен, әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдад қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол жаратылыстану, философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып,
бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді.
8-оқушы.Әл-Фараби ғылымнынң бар саласын білу үшін ең бірінші табиғаттану ғылымын игеру керек деген. Соның ішінде алдымен табиғат ғылымдарын білу шарт, өйткені ол адамға ең жақын, ең қажет ғылым.
9 оқушы. Күн сағаты бойынша түстік сызықты, яғни меридиан-бойлық бағытты айыруды анықтаған. Жерге қадаған сырықтан түскен көлеңкенің ең қысқарған немесе жоғалған кезіндегі бағыт-бойлық –меридиан бағыты болатынын анықтаған. Ал бағытты дәл айыру үшін нүктенің екі жағынан ұзындығы бірдей көлеңкені бақылау керек, яғни солардың бағытын тауып, ортасына сызық жүргізсек, сол меридиан түстік бағыт болады, сол Жер шарының екі полюстерін қосатын сызық бағыты болады. Күннің шығысы мен батысын өлшеп ұзақтығын табуға болады. Сол арқылы ендікті табуда қиын емес. Әл-Фараби жер мен аспанның өлшем бірліктері негізінде аспан шырақтарының қозғаласын бақылаған.Күннің батысы, шығысы, Айдың тууы, толуы,өліарасы, жыл маусымы, тағы басқаларды анықтаған.Бұлардың бәрі адам өміріне қажетті жағдайлар.
10-оқушы. Әл-Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотельі» атанған есімі әлемге мәшһұр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды.
Фарабидің «Ақылдың мәні» туралы трактат, «Данышпандықтың інжу маржаны», «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін ең алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зеріттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Әл-Фарабидің әлеуметтік – қоғамдық, және этикалық көз -қарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғандарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
11-оқушы:Слайд:Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы.
Өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана басшы бола алады.
Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүле мінсіз болуы тиіс, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай ұғып алатын болуы керек. Өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін есіне жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын болуы керек. Алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт. Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт. Өнер білімге құштар, оқып үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек. Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келденде қанағатшыл болуы керек. Сауық құмарлықтан аулақ болуы керек. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі керек.
12-оқушы: Әл-Фараби есептеу жолымен Шолпан планетасының Күнді «Басып өту» мерзімін алдын-ала біліп, оны дер кезінде бақылаған. Әл-Фарабидің астраномиядағы тағы бір үлкен жаңалығы-ол марстың жүру жолын мұқият зерттей келіп, оның дүркін-дүркін ауытұуын ашуы болды. Әл-Фараби-жүлдыздарға қарап адамның және басқадай жер бетіндегі оқйғалардың келешегін, тағдырын болжауға ұмтылған сәуегейліктің жалған екенін ғылыми негізінде дәләлдеп берген оқымысты. Әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика-эстетика мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыим негіздерін ашып көрсетті. Этика жақсылық пен жамандықты ажыратуға түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екендігін дәлелдеді. Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты- адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте тұтастықта өмір сүру керек деп білді.