Материалдар / ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада ұлы ұстаз әл-Фарабидің педагогика саласына қосқан үлесі, оқушыларда тәрбиелеуде қолданылған әдіс-тәсілдер жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ


Мақсұт Әсел Ахметханқызы,

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

"Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №16 орта мектебі" ММ



Аңдатпа

Бұл баяндаманың мақсаты әл-Фарабидің әлі ашылмаған, зерттелмеген педагогика саласына қосқан үлесі. Педагогикада жас ерекшеліктерге қалай жүйелі тәрбие беруге болатыны жайында және ғұламаның жалпы педагогикалық идеялары, тәрбиенің мазмұны, түрлері және әдістері туралы көзқарастары. Одан бақса тәрбиеленушіге жүйелі түрде жаттығу, машықтану, сендіру, еліктіру, үлгі көрсету және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсыну.


Аннотация

Целью данного доклада является вклад Аль-Фараби в нераскрытую, неизведанную педагогическую сферу. Взгляды о том, как системно воспитывать возрастные особенности в педагогике и об общих педагогических идеях, содержании, формах и методах воспитания. Из этой концепции предлагать воспитаннику систематическую тренировку, убеждение, вовлечение, демонстрацию моделей и использование методов самовоспитания.

"Рухани жаңғыру" дегеніміз, жан дүниені тазарту деген сөз. Тазарту ғана емес, оны асыл да дана ұлттық құндылықтармен толықтыру, сонда біз ұлы Абай айтқан "Толық адам" қалпына келеміз. Яғни, "рухани жаңғыру" идеясы данышпан Абай атамыздың даналық пәлсапасымен үндесіп, сабақтасып жатыр екен.

Бұл бер жағы ғана. Сәл арырақ барар болсақ, рухани жаңғыру бастауында ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби жұлдызы жарқырып, әлемді нұрға бөлеп тұр. Соның нәрін бойымызға сіңіру арқылы рухани жаңғыруымыз өз арнасына түспек. Біз осы уақытқа дейін Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз білімді өз елінде емес, шетелде, Арабстанда алды деп келіппіз. Жастайынан сонда барып әлемге танымал, білікті ұстаздардан білім алды дедік. Бұл пікіріміз қате екен. Қазірге белгілі болған мәліметтерден, әл-Фараби бабамыздың заманында түркі ғылымы мен мәдениетінің өте жоғары болғанын, бабамыздың осындай терең білімді араб елінде емес, өз елімізде, Отырарда алғанын көреміз. Осындай енді ашылып жатқан деректерге қарап, оны ары зерттеу бағытымен осы ұлы бабамыздың педагогикаға қосқан үлесін зерттеу үшін осы бағытқа көңілім ауды. Педагог ретінде балаларға тәрбие беруде осындай құнды тәжірибелерді қолданғым келеді және әріптестеріммен бөліссем деймін. Биыл елімізде ұлы ғалымның 1150 жылдығы тек, мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралардан ғана емес, сонымен қатар мектеп қабырғасында да түрлі шаралар өткізу арқылы, тәрбиеленушілердің оның өмірі мен шығармашылыға қызығушылықтарын ояту мақсатында түрлі сайыс, іс-шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр.

Педагогика жас ерекшеліктерге жүйелі тәрбие білім беру, оқыту жайлы ғылым болып саналады. Оның бастамалары, тәлім-тәрбиенің мақсаты, міндеті мазмұны мен құралдары жөніндегі ойлар мен ізденістер Пифагор, Платон, Аристолтель, Евклид және басқа грек оқымыстылары еңбектерінде қарастырылған. Кейінгі кездерде жүргізілген тарихи-педагогикалық зерттеулер педагогиканың жетілген ғылым болып қалыптасуына орта ғасыр заманда өмір сүрген Шығыс ғұламаларының да айтарлықтай еңбек сіңіргенін көрсетіп отыр. Бұл ғалым - педагогтардың алдыңғы қатарында Фараби бастаған Орта Азия мен Қазақстан өңірінен шыққан бірсыпыра ұлы ойшылдар мен оқымыстылар бар (Әл-Бируни, Ибн Сина, Насиреддин Туси, Әлішер Науаи, Қожа Ахмет Иассауи т.б.)

Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы жайлы кейбір шағын мақалалар болмаса, оны жан-жақты талдап, ашып көрсетуге арналған еңбек кейінгі кезге дейін болмай келді. Мұның басты себебі ұлы ғұламаның аса маңызды ғылыми еңбектерінің араб тілінен аударылмай, зерттелмей, дұрыс бағаланбай келуі болды. Фарабидің 1100 жылдық тойы қарсаңында (1975 ж) және онан кейінгі кездерде бұл салада атқарылған көп жұмыстар бізге ұлы ғалымның педагогикалық көзқарастарын, әрекеттерін біршама толық дәрежеге, ғылыми дұрыс методолгия тұрғысынан ашып беруге мүмкіндік туғызып отыр.

Әл-Фарабидің Шығыс және Батыс оқымыстылары бір ауыздан адамзаттың Аристотель данышпаннан кейінгі "Екінші ұстазы" деген атақ беруінің өзі оның педагогика саласындағы аса үлкен тұлға болғандығын дәлелдейді. Шынында әл-Фараби өзінің трактаттарының басым көпшілігін халықты, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеу, білімдар ету, ағарту мақсатына арнаған. Бұлардың қатарына "Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары", "Бақытқа жету жолдары", "Ғылымдар тізбесі", немесе "Ғылымдар энциклопедиясы", "Музыканың ұлы кітабы", "Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттілігі туралы", "Евклидке түсініктеме", "Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме", "Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі жөнінде", "Химия ғылымының қажеттілігі жөнінде", "Философиялық сауалдар және оған жауаптар", "Геометриялық салулар" т.б. көптеген трактаттарын жатқызуға болады.

Фарабидің педагогикалық жүйесін баяндауда біз төменде мынадай ретті қабылдадық: "Әуелі Фараби- педагогика ғылымының пәні мен мақсаттары туралы; екінші, ғұламаның жалпы педагогикалық идеялары, тәрбиенің мазмұны, түрлері және әдістері туралы көзқарастары; үшінші, Фараби еңбектеріндегі дидактика проблемалары; төртінші, Фарабидің педагогикалық идеяларының оның жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы; бесінші, Фарабидің педагогикалық көзқарастарының кейінгі ғасырлардағы Шығыс, Батыс педагогикасына тигізген әсер-ықпалы ".

Фарабидің анықтауы бойынша педагогика тәрбиелеуші адамның ерік-ниеті белгілі бағытқа сәйкес, тиісті құралдар мен әдістер арқылы басқару, билеу өнері. Ал басқарушы адам- педагог, ұстаз, тәлімгер.Оның педагогикалық жүйесіндегі темір қазық болып саналатын философиялық - этикалық категория-ол әрбір адамды бақытқа жеткізу мұраты. Бақытқа жетудің негізінде философия, ғылыми білімдер арқылы дүниедегі әдемілікті, кіршіксіз пәк тазалықты бойға сіңіру, ойға, жүрекке ұялату, дарыту әрекеті жатады. Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің дәстүрін дамытып философия ұғымына бүкіл ғылым, білім, өнер игіліктерін қоса жатқызады, яғни философия - шынайы білімпаздық, өнерпаздық, кемеңгерлік.

Фарабидің педагогикалық системасына тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бірінсіз бірі жоқ органикалық, ажырамас, диалектикалық байланысы қосарланып жүреді. Фараби де Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп қарап, өзінің бүкіл педагогикалық этикалық және басқа гуманитарлық көзқарастарында осы қағиданы басшылыққа алады. Фараби бір сөзінде: "Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жете алады".

Бір қызық жәйт, ұлы бабадан кейін мың жыл өткізіп барып данышпан ата Абай дәл осындай гуманистік ұлы қағиданы жаңғыртып, қайталайды, қуаттай түседі. Оны оның отыз төртінші сөзінен оқуға болады. Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр. "Біздің міндетіміз- бақытты адам тәрбиелеу.Бақыт материалдық және рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен құштарлықтарынан тыс та оқшау өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты- асқақ та биікмақсат-жаңа өмір жолындағы жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде". Бұл үшін белгілі бағытта үзбей де жүйелі түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту таптырмас құрал болып табылады. Фарабидің педагогика философиясындағы тындырған бір ірі жұмысы-ол тәлім-тәрбиелі, білім-парасатты, зиялы адамның идеялық үлгісін жасағаны деп есептеу керек. Фарабидің педагогикалық теориясында оқыту мен тәрбие өте тығыз да біртұтас байланыста қарастырылғанмен, олардың педагогикалық құрал ретінде ерекше, әрқайсысына ғана тән жақтары да ажыратылады. "Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал-тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді...".Былайша айтқанда Фарабидің пайымдауы бойынша оқу-философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие-ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, құлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді. Фараби мінез-құлық тәрбиесінің құрал, әдістерін белгілеуде Аристотельдің адамдағы барлық мінез-құлық қасиеттері туа біткен емсе, жаттығу, әдеттену машықтану нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алып, ары қарай дамытып әкетеді. Ол адамда жақсы әдет-мінез қалыптастыруда ерік қайратына көп мән береді, өйткені сезім мен рухани нәпсі мен парасат мұқтаждықтары бір-біріне қарама-қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзіне-өзі билеуге тіреледі. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

Фараби мұнан басқа жүйелі түрде жаттығу, машықтану,сендіру, еліктіру, үлгі көрсету т.б. тәрбие және өзін өзі тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады. Практикалық дағды, шеберліктерді, жақсы мінез-құлықты дарытуда ол тәрбиеленушінің мінезін және басқа жағдайларды ескере отырып екі педагогикалық әдісті-жұмсақ және қатаң әдісті ұштастыра қолдануды талап етеді. Ғұламаның ғылыми-педагогикалық шығармаларында әдемілік, әсемділік пен үйлесімділік, гармония сезімдерін тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олар эстетика- этикамен, қылықтылықпен тығыз байланыста. Ғұламаның педагогикасның салмақты бөлігі дидактикада жатыр. Дидактика - білім беру, оқыту,оқыту процесінде тәрбиелеу теориясына арналған педагогиканың басты бір бөлігі. Платан және басқа грек даналарының педагогикалық идеяларын жаңғыртып, дамытып Фараби шәкірттерді ақыл және теориялық тәрбиені біріктіретін рухани тәрбиелеу проблемасына ерекше мән бергенМен осы тақырыпты көтере отырып, өзіме баға жетпес әл-Фарабидің мұрасы, әл-Фараби әлемі туралы ақпарат алдым. Оның құпиясы әлі толықтай ашылған жоқ. Оның мұраларын әріптестерім мен оқушыларммен бірігіп зерттеп, практикада қолдансам деймін. Әл-Фарабидің 164 еңбегі бар дегенмен, бүгінде соның 40-50-і ғана белгілі, қалғаны белгісіз ашылмаған құпия күйінде жатыр. Оларды іздеп тауып, зерттеп жариялау керек. Әл-Фараби еңбектерін оқысаңыз, көп еңбектерге сілтеме жасағанын көреміз. Оның ашылмаған құпиялары әлі де көп. Оны ашу үшін бағдарламалар ұйымдастырып, ғылыми-танымдық кештер ұймдастырылса, нұр үстіне нұр болары анық.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. "Жалын" әдеби-көркем және әлеуметтік журнал. Ақпан 2020 №2 (179)

2. "Аңыз адам" журналы. Қыркүйек 2011 ж №17

3. Көбесов А. "Әл-Фарабидің ашылмаған әлемі" Алматы. "Санат" 2002 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!