Алаш ардақтылары аңсаған болашақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш ардақтылары аңсаған болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларымызға алаш ардақтыларын білу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алаш ардақтылары аңсаған болашақ.

«Менің идеалым қазақ халқының

тұрмыс жағдайын, мәдениетін мүмкін болғанша көтеру, ал мұның өзі игілікті

дамудың алғышарттары болғандықтан

мен мұратты қандай билік қамтамасыз

етсе соған ризамын»


А.Байтұрсынов.

Бұл ұлы алаш ардақтысы А.Батұрсыновтың айтқан сөзі, арманы, мақсаты қазақ еліне деген сүйіспеншілігі еді. Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық хорымызға айналды.Өткен ғасырдың басында қазақ даласында алаш ардақтыларының бұғаудан босанудың қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ зиялылары турды.Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алып, көзі ашық, көкірегі ояу ел арыстары, ел үшін, болашақ үшін аянбай еңбекпен күресу жолында тарихта мәңгі іздері қалған алаш арыстары еді.Атап айтқанда Қазан университеті түлектері А. Бірімжанов, М. Корабаев, С.Аманжолов, И.Қашқынбаев,

Ш. Бекмұқамедовтар. Петербург университетінің түлектері Б.Каратаев, Б.Құлманов сонымен қатар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, Х Досмұхамедұлы , Х.Ғаббасұлы.

Халқым деп жүрегі соққан ел арыстары «Алаш туы» астында бірікті.

Мұндағы Алаш зиялыларының мақсаты не? деген сұрақ туады.Олар: топтық бөлінуді қолдамаған,

жерді сатуға қарсы болған, жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі деген,

бір тоқтының жүнінен бір жапырақ тоқылатын болса, ол алдымен қазақтың үстінен табылсын.

қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын, мемлекет құруда ұлттық салт – дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қолданылсын. Бұл Алаш арыстарының ұстанымы еді.

Алаш ардақтыларының ең маңызды көздегені – халықтың білімділік деңгейін көтеру. Осы нысанаға жету үшін Ә.Бөкейхан білімді, интелегент тұлғаларға қазақ тілінде оқулық жазуға арнайы тапсырма береді. Нәтижесінде Қ.Сәтбаев «Алгебра» , А.Байтұрсынов «Тіл құралы»,

М.Жұмабаев «Педагогика» , Ж.Аймауытов «Психология» оқулықтарын жазып шығарды.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеасын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеасын жасау міндетін өз мойнына алды.

Олар қоғамның түрлі торабынан шыққан дана ақсүйектерінің өкілдері еді.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деген болатын.Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеасы тәуелсіздіктен кейін іске асты.Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетудеміз.Қазір заманымыз өзгеріп, тоқтамай даму үстіндеміз. Алаш арманы біртіндеп орындалып жатыр. Өз жеріміз – өзіміздің байлығымыз.Байлығымызды игеру үшін түрлі реформалар жасалып, қазба байлықты өңдейтін завод, фабрикалар салынып жатыр. Елімізде мақта өндірісі алға қойылып, өнеркәсіптер біртіндеп ашылуда. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып,тіліміз көркейіп, өз мәртебесін алды.Қазіргі білім саласы Жапон елінің тәжірибесін қолданып,өз нәтижесін беруде. Ұрпақтарымыз түрлі саланы игеріп, білім шыңдарын бағындырып жатыр.

Алаш ардақтылары аңсаған болашаққа жеткен біз – бақытты ұрпақпыз. Бұл бейбіт Алаш ардақтылары аңсаған болашақ еді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2019
2135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі