Алаш арыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш арыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш тарихы туралы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы

Зайсан ауданы

М.Дауленов мектеп-интернаты

тарих пәнінің мұғалімі

Қазырхан Ерлік

Алаш арыстары

«Біз тірі болуымыз керек. Тірі болуымыз үшін-ірі болу керек»

Ахмет Байтұрсынов



Оқу –білімнің аздығы, тіршілік тауқыметі, кедейшілік,індет пен қанқұйлы соғыс әбден титығына жетіп, дағдарысқа түскен, күңгірт өлкеде маңайын сипалаған соқырдай өмір сүрген қазақтың көкжиегіне жиырмасыншы ғасырдың басында төте жол сілтегендей бір шоғыр жұлдыз көтерілген. Олардың бейнеті зор, тері сор қазақтың үзілген үмітін жалғады, бойындағы жарығы мен жылуын аямай төкті. «Енді көшті қай бағытқа түзейміз» деп тұрғанда ертеңгі күннен үміткер етті. Елдестерінің жолына бастарын қатерге тікті, ұлтжанды болып жүріп, ұлтшыл деген ат жамады. Қазба байлығына, жер-суына қызығып, атам заманнан жұтып қоюға ұмтылған екі ұлы елдің ортасында қанды шеңгелге түскен, бұлқынумен күн өткізген қазаққа жоқшы, жанашыр қажет болды. Сол жоқшы, жанашыр-шоқ жұлдыздың ең ірісі, көздері жоқ болса да күні бүгінге дейін сәулесі үзілмеген кемелділері- ол ұлт зиялылары, алаш арыстары еді. [1,152б.]Атап айтсақ, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев т. б. Ел тәуелсіздігі үшін « Жаным арымның садағасы» деп халық үшін аянбаған ұлт зиялыларының еңбектері ерен. Осы алаш арыстарының, ата-бабаларымыздың арқасында еліміз тәуелсіздікке жетіп отыр. Біз қазір бейбітшілік заманда, егемен елде бақытты өмір сүрудеміз. Ендеше есімдері қайта оралған ұлт зиялыларының аттарын ұлықтап, олардың ел үшін сіңірен өлшеусіз еңбектерін айтудан шаршамау керек деп ойлаймын. Алаш зиялылары аумалы-төкпелі кезеңде, қазақ халқы келешекте жер бетінде өмір сүре ме деген сұрақ туындаған дәуірде өмір сүріп, халқының болашағы үшін бастарын бәйгеге тікті.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Д. Досжанов «Абақты» Алматы,1992жыл

  2. Д. Әшімханов «Бес арыс» Алматы, 1992жыл

 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
918
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі