Материалдар / Алаш арыстарының педагогикалық ұстанымдары және бүгінгі білім беру жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш арыстарының педагогикалық ұстанымдары және бүгінгі білім беру жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш арыстарының педагогикалық ұстанымдары және бүгінгі білім беру жүйесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
678
8 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алаш арыстарының педагогикалық ұстанымдары және бүгінгі

білім беру жүйесі

Жакипова Айжан Тұрғаналіқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сақтағанова Мөлдір Қожа-ниязқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназия Түркістан облысы,Түркістан қаласы

saktaganova_moldir@mail.ru

Тәуелсіздік қазақ халқы үшін мыңдаған жылдар аңсатып бір келген бақ. Тәуелсіздік жаңаша көзқарас пен айрықша серпілістің бастауы, арғы замандардан жеткен «мәңгі ел!» мұратының жалғасы. Ал Қазақстан азаттығының бірегей белгісі тарих. Бостандық үшін күрескен бодан күн мен азаттықтың баяндылығы үшін тер төккен бүгінгі күннің тарихы. Сол тарихтың алаулы, жарқын кезеңі Алаш тарихы. "Алаш" сөзі түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді.

XX-шы ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбай, Бақытжан Қаратай сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары Жаһанша Досмұхамед, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұл, Смағұл Сәдуақас, Жүсіпбек Аймауыт, Мұхтар Әуез тағы басқалар одан әрі дамытты. Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" еңбегінің бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылығы "Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабаевтың маңыздылығы ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің маңыздылығынан кем емес "деген Әлкей Марғұлан, тарихшы, ғалым. [3]

Мағжан Жұмабаев қазақ халқының оқу-ағарту ісінде еңбек еткен керемет тұлғалардың бірі һәм бірегейі, өз халқының патриоты, этнопедагогиканың негізін салушы, жалынды ақын. Өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында нағыз поэзия көгіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар зиялы қайраткер. Мағжан Жұмабаевтың "Педагогика" кітабын қазақ педагогикасының алғашқы қарлығашы десек те болады. Ол жазған "Бастауыш мектепте ана тілі", "Сауатты бол", "Педагогика" атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. Бұл кітап жарыққа шыққаннан кейін тек сексен жыл өткен соң Р.Қоянбаев ағамыз педагогика оқулығын жазады.Бұл еңбектің алғашқы басылымы 1922 жылы 15 қыркүйегінде жарық көрген.

Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, дене тәрбиесі. Мағжан осы тәрбиенің төрт түрін тәптіштеп түсіндіре келіп: " Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын" - дей отырып, тәрбие мақсатын нақты айқындап береді және әрбір адамның педагогикамен жақсы таныс болу керектігін, бала тәрбиесінде қолданатын тәрбиешінің өз тәжірибесі мен ұлт тәрбиесі хақында керемет ойларын айтады.Бұдан түйетініміз, баласын, шәкіртін бар болмысымен қабылдап, жан жүрегімен сүйетін ата-ананың, ұстаздың басты міндеттерінің бірі-баланың ақыл-ой, дене бітімі толысуына жағдай жасау, жанашыр болу, баланың азаматтық талғамының қалыптасуына, ізденуіне бағыт беріп, жол сілтеу, соған ықпал ету. Ал, ол үшін бала тәрбиесіне туғаннан бастап жүрдім-бардым қарамай, көп көңіл бөлу, болашағына инвестиция салу, осы жолда жанкешті жұмыс жасау. Еліміздің келешекте бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болуына білім саласының орны айрықша екені анық. Білім жүйесін одан әрі берік ету педагогтардың міндеті. М.Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүние. Сондықтан, әрбір педагог, әрбір ата-ана бұл ерен еңбекті оқып-үйренгені, өмірде қолданғаны абзал.

Ахаң ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Масасын» ұшырды. Міржақып «Оян қазақ !» деп ұран салды. Сұлтанмахмүт Торайғыров қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға тырысты.Әлихан Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Алаш қозғалысы жетекшілерінің ішінде тұңғыш ұлттық «Алашорда» Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның орны бөлек. Міне, биыл қазақ халқының сан мың жылдар бойы армандаған қол жетпес бақыты тәуелсіздік туының көгімізде желбіреп тұрғанына отыз екі жылдан астам уақыт өтсе, Алаш қозғалысына 108 жыл толып отыр. Әрине ширек ғасыр, дегенмен аз уақыт болса да біздің бағындырған белестеріміз бен орындаған арман мақсаттарымыз әлем таңғалардай. Біз үшін ата-бабаларымыздың жанымен келген киелі тәуелсіздік мерекесі айтулы күн. Әрине бұл айтулы күн оңайлықпен келген жоқ. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті. А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.

Ал 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл суреттермен берілген оқулық. 1926 жылы Қызылорда Ташкент баспалары бірігіп шығарған. Қазақ тілін талдап тануда А.Байтұрсыновтың еңбегін және біртұрғыдан ерекше бағалау керек. А.Байтұрсынов тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек.

А.Байтұрсынұлы «Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санады. Ғасыр басында Алаш ардақтылары Қазақ АССР-ның Қазақ-Қырғыз Білім Комиссиясында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, халқын мәдениетке сүйреуде жан аямастан қызмет етті. Білім Комиссиясы жұмысына Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Иса Тоқтыбайұлы, Санжар Асфендиярұлы, Халел Досмұхамедұлы т.б. қатысты. Алаш ордасы партиясы қазақ халқынаXX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзек жарды мәселесі болып отыр. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады » деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Кез- келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Жұмыс жасау барысында мен өзім «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша жұмыс жасаймын. Бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі. Бұл технологиямен жұмыс жасау барысында оқушы өз ойын, өз пікірін білдіре алады. Жаңа материалды талдауға үйренеді.Бұл технологиямен жұмыс жасаудың мақсаты – барлық оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау тек жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән емес. Орта буын және кіші сыныптарға ұйымдастырған кезде даму деңгейіне сәйкес тапсырмалар беріледі. Атқарған әрбір жұмыс нәтижесіз қалмайды. Бұл жаңа технологияның нәтижесі де бар. Яғни, оқушы ой пікірлерін ашық, еркін айтады. Сабақ білім естерінде сақталады. Сабақ барысында әр оқушы өзі талдайды, бір біріне талап, өтініш, тілектерін білдіреді.

Білім ұлттың ақыл ойы мен ерік -жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясаттың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің , оны сақтауға, орындауға деген шын сенімнің де негізі болуы тиіс.Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз. Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын өзі айқындауына жол ашады. Ал бұл ана тілінің оқытылу сапасы мен оның ұйымдастырылуының түпкі нәтижеге сәйкестік деңгейіне тікелей қатысты. Оның үстіне білім таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық білімді сол арқылы игереді. Ендеше тілдік ортаны қорғау «халықтың, ұлттың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі»/Ғ. Мүсірепов/.[4]

Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Біз, барлық мұғалімдер жұмыла кірісіп, әрқайсымыз осындай жаңа технология негізінде оқушы санасына білім құя білсек, біздің еліміз нашар болуы мүмкін емес. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақта отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын фасилитатор ұстаз болуға ұмтылыс жасайық.[5]

АННОТАЦИЯ

«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш орыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті.Тарихтың қай кезеңінде болсын,олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген.» Н.Ә.Назарбаев «Алаш» осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр. Ия «Алаш» сөзі киелі ұғым. Алаш Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы. Алаш Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы. Бұл өмірде қарға деген құсқа ұзақ өмір берілген.Ал бал арасының ғұмыры өте қысқа.Алайда,араның балы дертке шипа ,денеге қуат.Демек,мәселе қанша ғұмыр кешуде емес,берілген аманат уақытттың қадіріне жетіп,мәндіде мағыналы өмір сүруде.Алаш зиялыларының өмірінен де осындай ғибрат аламыз.Олардың «қаламынан тамған бал» еліне шипа.Бізге баға жетпес Асыл мұраларын қалдырды.Қоғамға пайдалы бола білу ұстанымын темірқазық етіп,сол бағытта жанқиярлықпен еңбек етті.Асыл бейнеттерінің зейнетін көре алмаған Арыстар қысқа ғұмырында тарыдай шашылған қазаққа қызмет етудің жауапкершілігін терең сезінді.Гаухардай Асыл дүниелерді өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

АННОТАЦИЯ

«Невозможно правильно узнать какую-либо эпоху, не зная ее великих личностей. Через зеркало человеческой истории мы не только понимаем ход истории, но и чувствуем ее дух и дыхание. Главной целью Алаша было постепенно изменить казахстанское общество и адаптировать его к времени. Русские Алашцы передали нам, как поднять государственную идею как флаг. В любой период истории они были гордостью своего народа».

Н. А. Назарбаев «Алаш» это глубокое и многозначительное слово, состоящее из четырех белых букв, которое легко произноситься. Однако за этим словом кроется история казахского народа, тяжелая судьба казахской интеллигенции, пожертвовавшей собой ради нации. Да, слово «Алаш» понятие священное. Алаш название периода, когда национальный идеал Казахстана «Вечная страна» был определен и уточнен с точки зрения политики и духовности. Алаш это неразрывное звено опыта государственного строительства и государственных интересов казахстанской страны. Алаш зеркало истории мужества и инициативы Республики Казахстан в годы независимости, знаний и ответственности. В этой жизни птице по имени ворона дарована долгая жизнь.А жизнь пчелы очень коротка.Однако мед пчелы лечит болезни и укрепляет организм.Так что проблема не в том, как долго человек живет, а в том, как долго он живет. данное доверие достигает ценности времени и живет осмысленно.Это жизнь интеллектуалов Алаша.Мы можем учиться у них.Исцелиться на земле "мед, капающего из их пера".Они оставили нам бесценное благородное наследие.

ANNOTATION

"It is impossible to correctly recognize any era without knowing its great personalities. Through the mirror of human history, we not only understand the course of history, but also feel its spirit and breath. Alasha's main goal was to gradually change the Kazakh society and adapt it to time. Russian Alashians taught us how to raise the state idea as a flag. In any period of history, they were proud of their people." N. A. Nazarbayev "Alash" is a deep and meaningful word consisting of four white letters, which is easy to pronounce. However, behind this word lies the history of the Kazakh people, the difficult fate of the Kazakh intelligentsia, which sacrificed itself for the sake of the nation. Yes, the word "Alash" is a sacred concept. Alash is the name of the period when the national ideal of Kazakhstan "Eternal country" was defined and clarified from the point of view of politics and spirituality. Alash is an inseparable link of the experience of state construction and state interests of the country of Kazakhstan. Alash mirrors the history of courage and initiative of the Republic of Kazakhstan in the years of independence, knowledge and responsibility. In this life, the bird named after the crow has a long life. And the life of the bee is very short. However, the honey of the bee heals diseases and strengthens the organism. So the problem is not how long a person lives, but how long he lives. this trust reaches the value of time and lives meaningfully. This is the life of intellectuals Alasha.







Пайдаланған әдебиеттер:

1.Педагогика./М.Жұмабаев.Нұр-сұлтан,2022.-160 бет

2.Ізгілік педагогикасы. /Шалва Амонашвили.- Нұр-сұлтан,2022.-204 бет

3.https://ru.wikipedia.org/wiki/

4.https://ust.kz/

5.https://infourok.ru/esse-i-asir-bilim-men-ilimni-asiri-

6.https://www.google.com/search?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!