Алаш идеясы – Мәңгілік
елдің идеясы.
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы
аңсап- армандаған ел егемендігіне қол жеткізіп, өз алдына дербес,
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасы қалана бастағанына биыл
жиырма сегіз жыл. Бұл тарихи өлшем таразысына салғанда қас-қағым
сәт көрінгенмен де, адам өмірімен салыстырып қарағанда едәуір
уақыт. Бұдан жиырма сегіз жыл бұрын дүниеге келген сәби – бұл күнде
есі кірген азамат. Соған ұқсас осы мезгіл ішінде халқымыздың ой-
санасында да үлкен –үлкен өзгерістер болуда. Ең бастысы, бірнеше
ғасырға созылған отаршылдық езгі салдарынан қанымызға сіңе бастаған
құлдық психологиядан арылуға деген талпыныстың өзі – үлкен
жетістік. Соның нәтижесінде халқымыз ұлт ретінде өзін-өзі танып
қана қоймай, сонымен бірге жасампаздық қырымен сыртқы елдерге
танылуға мүмкіндік туып отырғанын айтқанымыз
жөн.
Қазақ халқының жерін отарлау
тарихында, Ресей империясына тең келетін ел болған емес. Осыған
байланысты, қазақ тарихы, Ресейдің озбырлық саясатына қарсы
жүргізілген азаттық қозғалыстарына да толы. Солардың бірі- тарих
қойнауынан «Алаш қозғалысы» деген атпен суырылап шығып, қазақ
елінің бостандығы үшін болған басқа қозғалыстардан еңсесі биік тұр.
Өйткені ол, өктем елдің қиянатына қарсы әлсіз елдің қару ұстанған
қимылын емес, ұлттық сананың оянуының қоғамдық көрінісін көрсеткен
құндылығымен ерекшеленеді [1]. Алаш қозғалысының басқа
қозғалыстардан айырмашылығы сол, ұлттық болмыстың басымдықтарын
сақтау және оларды заман талабына сәйкес етіп бейімдеу болатын.
Алаш қозғалысы, осы ниет жолындағы күресінде, саяси демократиялық
партия мен ұлттық дербес мемлекет құру деңгейіне дейінгі заңғар
биіктен көріне білді. Алаш қайраткерлері өз қызметінде қазақ елін
отарлық езгігіден азат ету, қазақ қоғамын өркениетті
әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды
көздеді.
Екі ғасырға жуық уақыт бойы,
Ресей отарына айналған Қазақстанның тәуелсіздігі жолында, ұлтының
санасын оятуға топ болып кірісуді, осы Алаш зиялылары бастады.
Қазақ халқының таңғажайып өнері мен ауызша айтудан бастау алатын
тарихи білімінің өзін ғана, Еуропа тануға тиісті орасан зор
жетістік екенін, көпшіліктен бұрын түсінген Алаш зиялылары болатын.
Батыстың демократиялық екпінін сезінуге үндеп, болашақ қазақ
интеллигенциясының жаңа сапаға көтерілуіне жол ашқан да, осы Алаш
зиялылары. Ғасырлар бойы қолымыз жетпеген бүгінгі тәуелсіздікке қан
төгіссіз ие болсақ, осыған дейінгі халықтың ауыртпалығын мойнымен
көтергендер- Алаш зиялылары болатын. Алаш зялыларының ұлттық
идеяларының өміршеңдігі, бүгінгі күні де өзінің маңызын жоймаса,
Алаш тарихын одан әрі оқып-білу арқылы, жастардың бүгінгі ортадағы
тұлғалық сипатын қалыптастыру- тарихи білімдегі өзекті мәселенің
бірі болып табылады [2].
Алаш зиялылары көтерген жалпы
ұлттық идея түсінігі, ғасырлар бойы қазақ халқының қалыптастырған
ділінің негізіндегі басқару құрылымын, батыстық демократиялық
үлгідегі тәжірибеде сарапқа салу арқылы орнықтыру болып табылады.
Ал, 1917- жылдың ақпан айының соңынан кейінгі оқиға желісі,
300-жылдай билік құрған Романовтар әулетінің құлауымен байланысты
болатын. Алаш тарихының осы бір кезеңіндегі күрделі жағдайлардан
туындаған болжау, тұжырымдау, шешімге келу сияқты ерекшеліктерін,
ой-елегінен дұрыс өткізе білу керек. Алаш зиялыларының бәрін,
өзінің жекелік мүддесі емес, халықтың тағдыры қызықтырды
[3].
Қорытындылай келгенде айтарым,
Алаш зиялылары, қиын-қыстау кезендердің бәрінде, қандай өкіметті
қолдамасын, бәрібір, ұлттық мемлекет идеясын жоғары көтере білді.
Олар, 30- жылдардан бастап, жаппай жазаға тартылғанда да, сол жалпы
ұлттық идея жетегінде кетті. Олардың отаршылдық езгіге қарсы және
билікке ұмтылу ұстанымдарының бәрінде, халықты жіктеп, таптар мен
топтарға бөліп ыдырату емес, қайта оларды жалпы ұлттық мүдде
негізіндегі бірлікке топтастыру идеялары анық
байқалды.
Алаш тарихындағы жылпы ұлттық
идея ұғымы, Қазақ елі белгілі бір мемлекеттің құрамында болған
күннің өзінде де, ұлттық ділдің басыңқы болуын талап етумен
ерекшеленеді. Алаш- Қазақстанның бүгінгі «Мәңгілік Ел» ел мұратын
өз тұсында саясат пен руханият тұрғысынан тереңдеткен, айшықтаған
кезең атауы. Алаш- Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен
мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы [4]. Алаш- Тәуелсіздік
жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен
парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған
айнасы.
Қазақстанның азаттығы мен
тәуелсіздігі үшін күрескендерді толық ақтау мен олардың ерлігін
мәңгі есте сақтау- өзінің тәуелсіздігін жариялаған халқымыздың және
Қазақстан Республикасының ардақты міндеті. Сондықтан да бұл
мәселенің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының темірқазығы, біріктіруші
тетіктерінің бірі болуға тиісекендігі - табиғи әрі заңды екенін
ұмытпауымыз керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.Алаш мұрасы.⁄ Қ. Сақ.-
Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014-288 б.
2.Қойгелдиев М. Алаш
қозғалысы-Алматы, «Санат», 1995-368 б.
3.Жұртбай Т. Ұраным Алаш. –
Алматы : «Ел-шежіре», 2008- 472 б.
4.Қойгелдиев М. Ұлттық саяси
элита. Зерттеулер.-Алматы: «Жалын баспасы»,2004 –
400б.