Күні:
08.04.2016
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы: «Алаш көгіндегі күн Әлихан
Бөкейхан»
Мақсаты- Алаш арыстарының бірі Әлихан
Бөкейхан туралы оқушыларға мағлұмат беріп, оқушылардың бойына
адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, Әлихан Бөкейхан бейнесін
ашу.
Мұғалім
сөзі.
Сәлеметсіздер ме ұлағатты
ұстаздар және оқушылар Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың
тақырыбы «Алаш көгіндегі күн Әлихан
Бөкейхан»
Әлихан Нұрмұхамбетұлы
Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға.
Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші
ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан,
Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес-
оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс
ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір
жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа
және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші
жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан
«қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық
пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік
одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің
соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы
жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында
қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп
ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі
біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан
тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады
және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына
кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің
өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы
санады.
Жүргізуші:
Ал енді оқушыларымыз Әлихан
Бөкейхан туралы қысқаша өмір жолын
ұғындырады
1-
оқушы
1. Шығу
тегі
Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен
ұлы Жошыдан тарайтын Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866 жылы,
наурыздың 5 жұлдызында бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезінде,
Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бүгінде Шабанбай
би селолық округы болып кетті. Әлиханның тегі алғашында
Нұрмұхамедов болған деп көрсетіледі, кейіннен жоғарғы оқу орнының
соңғы курсында ол өз қалауымен тегін Бөкейханов етіп
өзгерткен.
2 -
оқушы
2.
Білімі
Әлихан Бөкейханов
Қарқаралыдағы ауыл молдасынан арабша тіл сындырады. Кейіннен
қаладағы үш сыныпты, орыс тілді бастауыш мектепке ауысады. Оны
тәмамдаған соң, 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ
балаларына арналған мектепке қабылданады. 1886-1890 жылдар
аралығында Омбыдағы техникалық училищеге түседі. 1890-1894 жылдары
Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика
факультетінде білім алады.
3 -
оқушы
3. Қарқаралы
петициясы
1905 жылдан бастап Ресей
конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі болады.
Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбаевпен
бірге Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болды.
Петицияға 14 500 адам қол қойған.
4 -
оқушы
4. Тұтқындалған
депутат
1905 жылдың күз айында
ғалым-публицист Семей облысы қазақтарының атынан Ресей патшалығына
1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланады. Алайда ол дума
жұмысына қатыса алмады. Себебі, дала өлкесінің
генерал-губернаторының негізсіз айыптауымен 3 ай Павлодар
абақтасына жабылады.
5 -
оқушы
5. Шетелдегі
қызметі
Абақтыдан шыққан Әлихан
Бөкейханов сол кезде тарап кеткен дума мүшелерінің артынан
Финляндияның Выборг қаласына келеді. Выборг үндеуіне қол қояды. Сол
үшін жазаланып, 3 айға Семей түрмесіне
жабылады.
6 -
оқушы
6. Шығармашылық
жұмыстары
Әлихан Бөкейхановтың мұрасы әр
салаға арналған мыңдаған очерктер мен мақалалардан тұрады. Олар
Ресей мен қазақ елінің барлық басылымдарында жарық көрді. Зерттеуші
ғалымның, көрнекті публицист Әлиханның экономика, әдебиеттану,
ормантану, ауылшаруашылық салаларына арналған көптеген жазбалары
сақталған.
7 -
оқушы
7. Толқынды 1917
жыл
1917 жылы Әлихан қазақ
тарихындағы алғашқы саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға
кіріседі, артынша желтоқсан айында Алаш автономиясын жариялайды.
Оның үкіметі болып Алашорда құрылады. Қазақ даласындағы тұңғыш
үкіметтің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов
тағайындалады.
8 -
оқушы
8. 20 жылдардағы
тұтқындау
1920 жылы Алаш автономиясы
тарих сахнасынан біржолата жоғалып, оның мүшелері қудаланады.
Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылып, сонда 10 жыл бойы үй
қамақта отырады.
9
-оқушы
9. Ату
жазасы
Бутырка абақтысына қамалған
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1937 жылы 67 жасында Мәскеуде ату
жазасына кесіледі. Әлиханның қабірнің қайда екені жайлы мағлұмат
тек 2007 жылы жария етілді. Ол Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына
көмілген.
10 -
оқушы
10.
Отбасы
Әлихан Бөкейханов Яков
Севостьяновтың қызы Ольгаға үйленген. 1903 жылы қызы Елизавета, ал
1910 жылы ұлы Өкітай дүниеге келеді. Бөкейхановтың қызы Смағұл
Сәдуақасовқа күйеуге шыққан. 1957 жылы ұлы Өкітай жұмбақ жағдайда
өмірден озған
Жүргізуші:
Ал енді алдарыңызда
Файзулла Нұрбектің орындауында Батырлар ұраны әнімен қарсы
алыңыздар
Жүргізуші:
Ендігі кезекте
оқушыларымыздың көрінісін қабыл алыңыздар. Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі
Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Көрініс:
Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан
Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден
бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға
әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай
қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына
мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл
тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам
ұсынады)
Бөкейханов: ((қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет
етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып
баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен
қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге
не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік
осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой.
Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым –
халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оны алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді,
сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем
деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған болғаны ма?
Қазақ тергеушісі: Ағай сізге не болған, Мә су ішіп жіберіңіз. Қазір
жаңағы жан алғышта келіп қалар.... Құдайым ай соншама дәрменсіз
етіп жаратармысың?! Келіп қалды бекем болыңыз.
Бөкейханов: Рахмет, мен үшін қам жеме, бауырым. (бөлмеге орыс
тергеуші және жендет келеді)
Қазақ тергеушісі: (ұшып тұрып) Жолдас капитан айтқанынан қайтар
емес.
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Онда өз обалы өзіне. (Қасындағы
жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде
Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек
Бар Алаштың ұрпағы болып
қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.
Ал енді оқушыларымызды қарсы
алайық
Әлихан Бөкейхан туралы
пікірлер:
1-оқушы:
Әлкей
Марғұлан:
«Адайлар Бөкейхановтың
залқының алдындағы орны толмас қызметін тани біледі екен. Сондықтан
оның аса жоғары дәрежеде құрмет теді. Өздеріңіз білетін шығарсыз,
қазақ тек ең құрметті қонағына өте сирек құлын сойып қарсы алады.
Әрине, бұл өмірде өте сирек болатын
жағдай»
2-оқушы:
Көкбай
Жанатайұлы:
Қарағым, жалғызымның
қазақтағы,
Ұл тумақ сендей болып
аз-ақ-тағы.
Өгіз өліп, болмаса арба
сынып,
Өмірің өткен жансың
азаптағы,
Бал тамған, ханзадам-ай,
қаламыңнан,
Тәңірім айырмасын талабыңнан!
3-оқушы:
Мағжан Жұмабаев бір эпиграммасында Әлиханды
«заманынан ерте туған ел ағасы»деген ойын:
«Ойы жетім, бойы жетім,
Уа,Әли!
Ел ағасы, Қыр баласы,
Уа, пәлі!»- деп астарлап
білдіреді.
4-оқушы:
Атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Алаштың
Әлиханын» шаттана жырлайды:
«Ас-Салаумағалейкум,
данышпаным,
Қамын жеп мұсылманның
алысқанымӘ
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, арыстаным!…
Заманда басқан аяқ кейін
кеткен,
Жасымай Алашына қызмет еткен;
Болса да қалың тұман, қараңғы
түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі
жеткен;
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін
жалданбаған,
«Қайкенде Алаш көркейер»-деген
ойдан,
Басқа ойды өмірінде
малданбаған…»
5-оқушы:
Азаттық жолында қиян-кескі күресінде өзінің жақын
үзеңгілесі әрі адал досы Ахмет Байтұрсынұлы былай
жырлаған:
«Қырағы, қия жазбас
сұңқарым-ай,
Қажымас қашық жолға
тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына
іңкәрім-ай!»
Жүргізуші:
Ал енді алдарыңызда Сатов
Муслим және Қабулов Қайраттың орындауында Жаса Қазақстан әнімен
қарсы алыңыздар
Ал енді алдарыңызда
Дарменова Арайды қарсы алыңыздар
Ә.Бөкейханов жас ұрпаққа
өсиеті
Алаш туы
астында
Өлсек, бірге өлдік
біз.
Не жақсылық, не
қайғы,
Көрсек, бірге көрдік
біз.
Ішкі жанжал
–таласты,
Күншілдіктен
қарасты,
Мына жерге көмдік
біз,
Жасасын , Алаш,
жасасын!
Алаш туы
астында
Күн сөнгенше
сөнбейміз.
Енді ешкімнің
Алашты
Қорлығын
бермейміз.
Адамдықтың
жолына
Бастаған ерлер
соңында,
Басқаға көңіл
бөлмейміз.
Қандай шайтан келсе
де,
Алдауына
көнбейміз.
Өлер жерден кеттік
біз,
Жасайды Алаш,
өлмейміз.
Жасасын,Алаш,
жасасын!
Қорытынды кезең. Мұғалім
сөзі:
Ә.Н.Бөкейханның қазіргі қазақ
әдебиеті тарихында қалдырған бірден-бір өшпес ізі- ұлы, кемеңгер
ақын, ағартушы Абай туралы жазып қалдырған еңбегі. Ұлт әдебиетінің
өз алдына жеке бір саласы-әдеби сынның іргесін қалап кеткен еңбегі
және қазақ ауыз әдебиетінің теңдессіз үлгілерін жинақтап, өңдеп
бастырған және зерттеуге қосқан үлесі де зор. Ауыз әдебиетінің
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қара қыпшақ Қобыланды батыр», «Ер Тарғын»
сынды үздік үлгілерін өңдеп, бастырған, өз замандастары Абай,
Шәкәрім, Міржақып, Жүсіпбек сынды ақын-жазушылардың шығармаларына
әділ де өткір сын жазып, насихаттаған.
Әлкей Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан-қазақтың 20-сыншы ғасыр басында ілгерішіл ұлт зиялыларының
лидері болды. Ол қазақтың өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ
халқының төл тарихы, әдебиеті, фольклоры, этнографиясы, Қазақ
өлкесінінң экономикасы мен халық шаруашылығы бойынша жүздеген
ғылыми ізденіс пен зерттеудің авторы есебінде, ғұлама ғалым,
дарынды публицист ретінде кең танылды және өмірінің соңғы сәтіне
дейін ғалым болып қалды.
«Мен Кеңес өкіметін
жақтырмадым, бірақ мойындадым!».Бұл –«халық жауы» деген
нақақтан-нақақ айыппен өлім жазасына кесілген адамның ақтық сөзі
болатын. Кеңес өкіметі алдында ол өзін айыптымын деп мойындамады
да, өзін ешбір жазықсыз ату жазасына кескен заңсыз биліктен кешірім
өтініп жалынып-жалбарынбады да. Ол тұлғаның аты ғана- қалың бұқара
халқын рухтандыратын, оның атұарып кеткен ісі, оның артта қалдырған
орасан мол мұрасы бой көтеріп келе жатқан жас ұрпақтың ұлттық
сана-сезімін оятар еді, ал ұлт тәуелсіздігі мен мемлекеттігі
жолында қиян-кескі күреске толы өмір тәжірибесі- келешек ұрпаққа
үлгі-өнеге.
Сабағымызды Әлихан
Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан
жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек».