Материалдар / АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ РӨЛІ : ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ РӨЛІ : ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіс. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
184
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ РӨЛІ : ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН


Тарих пәнінің мұғалімі Заитова Г.Р.


Қарағанды облысы,Нұра ауданы, Ақмешіт ауылы,

С.О.Талжанов атындағы ЖББМ


Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі, Алаш серкелері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Х.Досмұхамедов,М.Тынышбаев,М.Жұмабаев, С.Торайғыров,Ш.Құдайбердиев және т.б. XX ғасырдың  басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын  алға тартқан  рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойында­рына алды. Олар қоғамның түрлі тарапынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. Алаштың ардақты ұлдарын ажал құштырған  опасыз дәуірде, жазықсыз жалаға ілініп, ұлт жолында өзде­рін құрбан еткен  ұлы даланың боздақтарына туған жерінің топырағы да бұйыр­мады. Заманының  қатыгездігіне мойынсынбай, М.Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, А.Байтұрсынұлы «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай, хәм, күшті болу керек»  деген еді «Қазақ» газетінде. Алаш ардақтыларының тағдыры қиын,  бірақ кісі қызығарлықтай еді. Ғұмырлары ащы арманға толы, алайда өзгеге өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұраттарының мазмұны  кей тұста  қайшылықтарға  соқтырса  да  өте  терең.

Қазағым, қақтықпа, қамалма,

Ел болар халыңды  амалда!

Кетті туы, атты таң, шықты күн,

Сал малды, сал жанды аянба!

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған  атақ елім үшін өлгенім.

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін, – деп бір-біріне қажымас қайрат, таусылмас күш беріп отыр­ды. Күрескер қайраткерлер  бір  шаңырақ  астына  бірігіп, «Алашорда»  үкіметін  құрды.

Сонда Ә.Бөкейханов: «Азаттық­тың  таңы атты. Тілекке  Құдай жеткізді. Кешегі күні құл едік, бүгін теңелдік. Қом көңілде қояудан арман қалған жоқ. Қанша ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған  жауыз  үкімет өзгеге қазған оры болып қайтпас  қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген  жақсылықты  өңімізде  көріп, төбеміз көкке жетіп отыр», – деді. Дегенмен, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Кеңес  үкіметі  өз  озбырлығын жалғастыруды тоқтатпады. Бірақ  Қайрат, Ләззат, Ербол сынды жалынды жастар өз өмірлерін құрбан етіп, келер ұрпаққа баға жетпес тәуелсіздікті сыйға тартты. Алаш зиялылары аңсаған тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Алаш ардақтылары мемлекеттің  алғы  шартын  жасап  кетті. [1, 54- б.].

Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Алаш» зия­лылары арманын іске асырды. XX ғасырдың 90-жылдарының басын­да тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Көк байрағымыз желбіреп, әлемді мойындаттық. Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманда­ған  болашақ – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың жүзеге асқанының дәлелі – «Мәңгілік ел идеясы». Демек, «керегеміз – ағаш, ұранымыз – алаш» дейтін біз үшін қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, әрі қарай бола береді де. «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден»  деген Ә.Бөкейхановтың бұл нақыл сөзін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бойынан көріп келеміз. Елі үшін аянбай тер төгіп жатқан, кемел де білімді саясаткер «Жаңа Қазақстан» бастамасын қолға алып, еліміздің қайта жандануына, кеткен олқылықтардың орнын толтыруға, жаңаша дамуға бетбұрыс жасады. Алаштың аманатын орындап, ұмытылып бара жатқан ел ардақтыларының есімін қайта жаңғыртуда. Ел үшін елеулі партия атауын да алмастырып, қазақылық нақышты қалпына келтіруде. «Аманат» сөзінің мағынасы да терең. Халқымыз­дың мәдениеті мен тарихында айрықша орынға ие. Ол алашордашылардың өсиет еткен тәуелсіз елдің мәңгі арманы, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың ұлан-ғайыр елімідің  құндылығы  ретінде  сипатталады [2, 36- б.].

Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіс. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.

Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. Алаш қозғалысының тарихи негізі әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор­ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі [3, 23- б.].

Қорыта айтқанда, Ресейдің боданына бұғауланған ата-бабамыз келер ұрпақ үшін қасық қаны қалғанша күресіп, қой үстінде бозторғай жұмырт­қалаған заманды сыйлаған, көгінде қыран құсы еркін қалықтаған қазақ елі – осы күні бізге аманат. Бұл баға жетпес асыл мұрамызды сақтап, нығайтуға тиіспіз. Ол – біздің ұрпақ алдындағы қастерлі борышымыз. Алаш зиялылары аңсаған тәтті арман орындалып, дамыған елдермен тереземізді теңестіріп, кемел  болашақты  қалыптастыру  үстіндеміз. Алаш ардақтыларының әлеуметтік құрылыс, демократия мен прогресс туралы ойлар мен идеяларының Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдағы дамуы үшін маңызы зор болғаны анық.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1. Құл-Мұхамед. «Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы»-Алматы:Атамұра, 1998ж.

2. Әбдізұлы Қ. «Алаш перзенті» Егемен Қазақстан, 2007 ж.

3. К.Төгісов « Алаш» газеті №19, 2023ж.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!