Алаш қозғалысының көсемі
.
Халқымыздың тұңғыш Алаш
партиясының
ұйымдастырушысы және ұлттық
Алашорда
автономиялы үкіметінің
төрағасы, ғұлама
ғалым, әдебиеттанушы,
аудармашы
әрі дарынды публицист
Әлихан Бөкейхан
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын
болысының 7-ші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына
қарасты Қаратал ауылында дүниеге келген. Ата тегі – Шыңғыс ханның
үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан
Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың
баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі
Нұрмұхамед туады.
Әлихан жасынан зерек, алғыр
болып өскен. Әкесі оны Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың
оқуына берді. Бірақ кішкентай Әлихан молданың оқуына қанағаттанбай,
қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке өз қалауымен ауысады. Оны
бітіргеннен кейін Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған
метепте жеті жыл оқыған.
1886 жылы Омбыдағы 4 жылдық
техникалық училищеде, одан кейін Санкт-Петербург қаласындағы Орман
институтының экономика факультетінде білім алды. Дәл сол студенттік
шақта сан алуан қозғалыстарға белсенді түрде араласқаннан кейін
жандармерияның назарына ілікті, "саяси сенімсіздердің" қара
тізіміне енді.
Әлихан Бөкейхан Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне
төтенше емтихан тапсырып, заңгер дипломына да алып шыққан. Ал
оқудан кейін Омбы қаласына қайта оралып, орман шаруашылығы
училищесінде математика пәнінен оқытушы болып жұмыс істейді. Сол
кезде "Степной край" газетінің редакция алқасына кіреді. Орыстың
императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне
қызу араласады. Осы бөлімнің басқару комитетіне де мүше болады.
Әлихан Бөкейхан өзінің алғашқы мақалаларында қара халықты
қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды,
тойымсыз байдың сойылын соғып жүрген екіжүзді ақындар мен оқыған
қазақтарды аяусыз сынға алды.
"Қырда кім болса да сол молла болады. Аз ғана оқу
білетін қазақ, я қашқын ноғай, я сарт, я тәжік. Сол адамдар бек
надан һәм нәрсені... білмейді һәм солар надан болған соң қазақтарға
ауып, оларды мейлінше бұзады. Қай қазақ моллаға нанбайды, ашық
күнді жауын қыламын деп тұрған соң... (Құдайындай иланады)... Бір
сорлы қазақ бар ма екен... "жақсы" атанып жүрген қазақтар менен
моллалардан көрмеген?.. Сол моллалар надандығыменен дінге қарсы
өтірік айтады... ", - деп жазды Бөкейхан.
Басқа бір мақаласында қазақ қоғамының жағымсыз
жақтарын ашық көрсетті.
"Қыр халқы бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр
сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей, мал шаруасыменен күнелтіп
жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін бір қазақ
мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның
жолыменен жүреді де отырады", - деді 23 жастағы
Бөкейхан.
Бұдан бөлек, "Қазақтың суармалы егістік
жерлерінің алынуы", "Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс
қоныстары", "Ақмола облысындағы переселендердің жер үлестері"
тақырыбында сыни мақалалар жазып, соның бәрін Петербург қаласындағы
"Сибирские вопросы" журналында жариялады. Сол үшін айдауға
жіберілді.
916 жылы жер аудару мерзімі
бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық,
саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан
қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді.
Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі
болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге
қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер
мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан
шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск
қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында
болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ
болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш
саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917
жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ
автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ
автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып
сайланады.
Алаш партиясы Қазан
төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі 50-ге жуық партияның ішінде
сегізінші орында тұрған еді.
Алайда көп ұзамай жеңіске
жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып,
басшыларын қуғынға салады. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер
аударылады
937 жылдың 27 қыркүйегінде қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының
негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама
ғалым Әлихан Бөкейханов жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына
кесіледі. Үкім сол күні-ақ жүзеге
асырылды.
Әлихан
Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол атылып кеткенде қызы Елизавета
мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме
мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбасы, сондай-ақ, насыбай
шақшасы ғана қалған. Әлихан "туған жерден үш аршын жер бұйырса
жетеді" деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отыратын.
Алайда, оған да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба
жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Жезқазғандағы
түсті металдар кенін игерудің бастауында тұрған оның ұлы Оқтайдың
да қайда жерленгені белгісіз. Оқтай шамамен 1957 жылы жұмбақ
жағдайда өмірден өтті.
Алаш қайраткері Қошмұхаммед
Кемеңгерұлы "Қазақ тарихынан" деп аталатын тарихи очеркінде:
"Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да
шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы
болды. Бұл топты баулыған – Әлихан", – деп
жазды.
2016жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында
атап өтілді. Биыл 2021 жылы Әлихан Бөкейхановқа 155 жыл толып
отыр.