Материалдар / Алаш ұлттық идеясының қалыптасуында Барлыбек Сыртановтың – қоғамдық саяси көзқарасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш ұлттық идеясының қалыптасуында Барлыбек Сыртановтың – қоғамдық саяси көзқарасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен “Алаш” қозғалысының басқа да қайраткерлерінің мұрасын насихаттауға бағыттылған “Алаш мұраты” семинар тақырыбы болғандықтан Алаш ұлттық идеясының қалыптасуында Барлыбек Сыртановтың – қоғамдық саяси көзқарасы туралы ойларын жастарға жеткізу мақсатында осы тақырыпты ұсынып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абдикалыкова Ғалия Жолдыбайқызы

Тарих пәнінің оқытушысы

Алматы Мемлекеттік Жаңа Технологиялар колледжі


Алаш ұлттық идеясының қалыптасуында Барлыбек Сыртановтың – қоғамдық саяси көзқарасы.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен “Алаш” қозғалысының басқа да қайраткерлерінің мұрасын насихаттауға бағыттылған “Алаш мұраты” семинар тақырыбы болғандықтан Алаш ұлттық идеясының қалыптасуында Барлыбек Сыртановтың – қоғамдық саяси көзқарасы туралы ойларын жастарға жеткізу мақсатында осы тақырыпты ұсынып отырмын.

Алаш қозғалысының либерал-демократиялық көзқарастарын жақтай отырып, елін, жерін қорғаған, шындық пен әділеттілік іздеген қоғам қайраткері, дербес теоретиг.

Қазақ елінің отарлық Ресейдің жүргізген саясатын көре отырып, халқының мұң-мұқтажын көзімен көрген Барлыбек Сыртанов, қараңғылық жолынан шығудың жолын дербес іздеген тұлға.

Үш жүзден астам алаш азаматтары ішінде Барлыбек Сыртанов туралы аз зерттелген.

Барлыбек Сыртанов 1911 жылы Әлихан Бөкейхановтан тыс, Ресей құрамындағы Қазақ автономиясы Конституциясының «Қазақ елі» жобасын жасады. ХХ ғасырдың басындағы Барлыбек Сыртанов идеясы - Қазақ елін Ресейдің отарлық тәуелдігінен босату, егеменді тәуелсіз мемлекет құру еді. «Қазақ елі» бостандық пен жалпыға ортақ тең құқықтылық ел болудың жобасын аңсаған алаш азаматы.

Барлыбек Сыртанов 1866-1914 жылы Жетісу облысы, Қапал уезінің Арасан болысы, Сыртан отбасында туылған. Әкесі Сыртан елге беделді болған. 1881жылы Жамбыл Жабаев «Сыртанға» атты өлең жазғаны белгілі.

Барлыбек Сыртанов Верныйдағы ер балалар гимназиясынан білім алып, Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетінде оқыды.

Жастайынан өз жұртының қамын ойлаған Барлыбек қазақ жастарымен Мұхаметжан Сералин, Бақытжан Қаратаев, А.Теміров, Бақыткерей Құлмановтармен танысып, «Жерлестер» үйірмесін құрып, әлеуметтік-саяси мәселелерді талқылады.

Оқуын аяқтағаннан кейін 1894 ж 29 қыркүйекте Жетісу әскери губернаторының бұйрығымен облыс басқармасының іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Қызмет ете жүріп, Ресей шенеуніктерінен зәбір көрген қазақ халқының өкілдерін өз көзімен көрген оған, көмек көрсету борышым деп жүрегіне түйді.

Барлыбек Сыртанов қызмет барысында Жетісуда қазақтарды шұрайлы жерлерінен қуып, мал ,егін егуіне мүмкіндік бермеген патшаның орыс шаруаларын қоныстандыру саясатына ашық күресті. «Айқап» журналында қазақ халқының тұрмыстық тауқыметі туралы көп мақалалар жазды.

Қазақ халқының тұрмыс тауқыметін көрген ол, соны шешу жолдарын қарастыру мақсатында жалпықазақ съезін шақыру мәселесін көтерді. Оның бұл ұсынысын Сералы Лапин, Райымжан Мәрсеков, Жанша Сайдалин, Бақытжан Қаратаев сияқты қазақ зиялылары қолдады.

1910-1913 ж аралығында құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің отарынан азат етуді көздеген «Қазақ елі» жарғысын әзірледі. Жарғыда адамды діні, қаны, әлеуметтік немесе этникалық шығу тегі бойынша келіспеушілікке жол берілмеді. Адам тек құдай мен заңның алдында ғана жауапты болады делінген.

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы мен басқаларына қарағанда, Б.Сыртанов биліктің дәстүрлі институттарына, дінге, құқық нормаларына көбірек үміт артты.

«Қазақ елі» Жарғысы кіріспеден және төрт тараудан құрылады: Қазақ елі дербес республикасы туралы, Адам құқықтары туралы, Қазақ жері туралы, 28 бапты қамтыған сот туралы. Өкініштісі сол, кеңестік тоталитарлық жүйе үстемдік етіп тұрғанда бұл заң орындалмады. Дегенімен, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де заңдарымызда Барлыбек Сыртановтың идеялары көрініс тапқаны шындық.

Алаш арысы Барлыбек Сыртановтың өмірін жаңа ұрпаққа жеткізу, таныту ұлт парызы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия 8 том, 141-142 б. А., 1999 ж

  2. Қойгелдиев М, Алаш қозғалысы, А., 1994 ж

  3. Өзбекұлы С., Барлыбек Сыртанов, А., 1996 ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!