400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Алаштану" курсының жоспары" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметіне көзқарас ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының ойы үшін ең азапты құбылыстардың бірі десек, шындыққа қайшы келмейміз.Өмірге келгеніне жүз жылдай уақыт өтсе де,Осынау қозғалысқа байланысты саяси және теориялық мәселе өз зәрулігін бүгін де жойған жоқ, қайта уақыт талабына сәйкес жаңа мәнге ие болып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түсінік хат


Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметіне көзқарас ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының ойы үшін ең азапты құбылыстардың бірі десек, шындыққа қайшы келмейміз.Өмірге келгеніне жүз жылдай уақыт өтсе де,Осынау қозғалысқа байланысты саяси және теориялық мәселе өз зәрулігін бүгін де жойған жоқ, қайта уақыт талабына сәйкес жаңа мәнге ие болып отыр.

ХХ ғасырдың басында қазақтың мемлекеттігін ту етіп көтерген, дербес мемлекеттің тұңғыш рет қалыптасуына күш салып, аз уақыт болса да, мемлекет негіздерін бекемдеген «Алаш» азаматтары еді.

Қазіргі уақытта Алаш азаматтарын тану, олардың еңбектерін халыққа таныстыру әлі де төменгі деңгейде қалып отырғанда «Алаштану» курсының берері мол.

«Алаш»қозғалысы екі мәселені: Азаттық және Ұлттық мемлекет құру мәселесін көтерді. Оқушыларға осы қозғалыс туралы, жалпы қозғалыстың қайраткерлері туралы мағлұмат беріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Ғасыр басындағы мемлекет мүддесін ойлаған ұлты қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар,өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретінде тұжырымды деңгеймен де осы заманмен үндес»,- деп ерекше көрсеткені Алаш тарихын ұрпаққы толыққанды жеткізуге уақыттың келгенін хабарлағандай.




















Мақсаты:



Оқушыларға қазақ халқын отарлық езгіден құтқарып, буржуазиялық- демократиялық мемлекет құруды аңсаған Алаш азаматтарының ұлтжандылығын, күрескерлігін, қайраткерлігін насихаттау.




Міндеті:


  • Ұлт болашағы үшін тер төккен азаматтардың өмірі мен шығармашылығын таныстыру;

  • Ел тағдыры сынға түскен тұстағы азаматтардың ерлікке бастаған істерін саралау;

  • Ұлтын сүйер тұлға қалыптастыру;

  • Өз тарихын тереңдей меңгерту





Ерекшелігі:


Оқушыларға «Алаш» қозғалысы, жалпы қозғалыстың қайраткерлері туралы кең көлемде мағлұмат беріледі.Алаш қозғалысының тарихи маңызын ұғындырады.Ой –өрісі дамыған, өз тарихын жете меңгерген саналы тұлға қалыптастырады.





Болжамы



Егер аталған курс меңгерілсе, онда оқушы «Алашорда» үкіметі және Алаш азаматтары жайында жан-жақты мағлұмат алып, еліміздің мемлекет болып қалуы үшін қасық қаны қалғанша тер төккен абзал азаматтарымыздың есімін мәңгі ардақтап өтер тұлға қалыптасады.










9-сынып (аптасына 1 сағат)


Барлығы 34 сағат


Сабақ тақырыбы

Сағат саны


Күні

1

Кіріспе

1


2

«Алашорда»үкіметінің құрылуы

1



Алаш азаматтары



3

Әлихан Бөкейханов өмірі

1


4

Шығармашылығы мен еңбектері

1


5

Ахмет Байтұрсынов өмірі

1


6

Ел үшін төккен тер

1


7

Міржақып Дулатов өмірі

1


8

Оян, қазақ

1


9

Мұстафа Шоқай

2


10

Мұхаметжан Тынышбаев

1


11

Шығармашылық жұмыс

1


12

Сұлтанмахмұт Торайғыров

2


13

Смағұл Садуақасов

2


14

Мағжан Жұмабаев

2


15

Мәшһүр Жүсіп Көбеев

2


16

Халел Досмұхамедов

2


17

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

2


18

Тұрар Рысқұлов

2


19

Сәкен Сейфуллин

2


20

Шәкәрім Құдайбердиев

2


21

Бауыржан Момышұлы

2


22

Білімдерін саралау. Шығармашылық жұмыс қорғау

2

























Пайдаланған әдебиеттер:


1.Самырат Кәкішев «Ахаң туралы ақиқат»Алматы. 1992ж

2. Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге арналған әдістемелік-нұсқаулар.Астана 2002ж

3. «Қазақстан тарихынан әңгімелер» мектеп оқулығы

4. «Қазақстан тарихы» 9-сынып оқулығы

5. «Оқушы анықтамалығы. Тарих» Астана. Арман -ПВ




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
64 ұстаз жүктеп алған
17.12.2017
4367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі