400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аластау – қазақ халқының көнеден келе жатқан ырым сенімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аластау — оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған тазарту тәсiлi, ұшықтаудың бір түрі. Аластау қазақтар арасында көне дәуірден келе жатқан анимистік және тотемдік наным-сенімге негізделді. Аластау — адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әртүрлі әрекеттер арқылы атқарылады. Оттың көмегімен жасалады. Аластау сөзінің түбірі алас от деген мағынаны білдіреді. Сонда аластау рәсімі ежелден орныққан отқа табыну жосынынан бастау алады деуге болады. Ауру-сырқаудың бәрi адамға жын-шайтан, албасты, әзәзiл мен перiлердiң соғуынан жабысады деп саналғандықтан, әрбiр көшкен сайын киiз үйдi де, малды да, мүлікті де аластайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аластау – қазақ халқының көнеден келе жатқан ырым сенімі

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдарысаяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Бүгінгі күні аса маңызды мәселелердің бірі-ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту.Ал, дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық әдептерге жатады. Сондай-ақ, дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді. Соның бірі-аластау.

Аластау — оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған тазарту тәсiлi, ұшықтаудың бір түрі. Аластау қазақтар арасында көне дәуірден келе жатқан анимистік және тотемдік наным-сенімге негізделді. Аластау — адамдарды бәле-жаладан, көз тию, сұқтан сақтауға бағытталған әртүрлі әрекеттер арқылы атқарылады. Оттың көмегімен жасалады. Аластау сөзінің түбірі алас от деген мағынаны білдіреді. Сонда аластау рәсімі ежелден орныққан отқа табыну жосынынан бастау алады деуге болады. Ауру-сырқаудың бәрi адамға жын-шайтан, албасты, әзәзiл мен перiлердiң соғуынан жабысады деп саналғандықтан, әрбiр көшкен сайын киiз үйдi де, малды да, мүлікті де аластайды. От тұтатып онымен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата «алас, алас, ауру-сырқаудан алас, тіл мен көзден алас» деген сияқты магиялық сөздер айтады. Мұны жөн білетін, ем-домнан да хабары бар адамдар атқарды. Аластау сонымен бірге, тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылды. Мал індеті шыққан кезде түрлі шаралар жасалған соң арша, адыраспан сияқты өсiмдiктердi тұтатып қораны да аластаған. Келін босаға аттағанда аруақтарға арнап отқа май құяды. Келіннің енесі май құйылған отқа алақанын қыздырып алып, келіннің бетін сипайды. Бұл келіннің «жүзі жылы, өзімізге ыстық» болсын деген ниетті білдіреді дейді мәлімет берушілер. Баланы бесікке бөлердің алдында егде тартқан әйел бесікті аластайды. Мейлі күндіз, мейлі түн болсын бесікті шақпақ немесе май шам сияқты жарық шығаратын заттармен бас-аяғын айналдыра үш рет аластап, барып бөлейді:

Алас, алас, баладан алас,
Түрлі-түсті пәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас,
Алас, алас, алас,
Қыла гөр Алла пәлеңнен қалас.

Жын-шайтан, жаман күштерді қуу үшін көптеген аймақтарында арша ағашымен, кейбір аймақтарында адыраспан мен тұзды араластырып аластау кездеседі. Жын-шайтандар жоламасын деп жаңа тіккен үйді де кептірілген адыраспан шөбін тұтатып аластаған. Ал, бақсы-балгерлер науқасты емдеген кезде жын-шайтандарды отпен қоса пышақ, қанжар, қылыш көмегімен қуалап, аластаған. Жын-шайтандарды аластап, қуалау үшін алдымен аруақтарын, пірлерін, жындарын көмекке шақырған. Сонымен ежелгі наным-сенім бойынша қазақы ортада от үйдің жарылқаушысы, «ошақ басы от қасының» желеп-жебеушісі ретінде айырықша қастерленді.

Қазақтың ежелгі ырымдарының көпшілігі қазір тұрмысымыздан алыстап барады. Сонымен қатар замана ағымымен жаңа ырымдар да бой көрсетуде. Қоғам құндылықтарды өзі сұрыптайды. Қазақ ырым-тыйымдары да өзін-өзі ретке келтіріп, табиғи түрде сұрыпталып жатқан үдеріс. Мұндай үдеріске төңкерісшіл көзқараспен келіп, кесіп-жонып, алып тастау мақсатын ұстанудың мәні жоқ. Ғылыми негізі бар болсын, болмасын – ырымды жасағаннан дін ислам жолынан азып, күпірлікке салынып кеткен қазақ жоқ. Сондықтан жақсылықтан үміттендіретін, ізгі істерге жетелейтін, жан дүниеге сенім ұялататын жағымды ырым-тыйымдар ұлт дүниетанымының ажырамас бір бөлігі ретінде өмір сүруге құқылы. Ал біз назарымызды ғасырлар сынынан өтіп болған қазақ дүниетанымын тергеп-тексеруге емес, ұлт тұтастығына, рухани құндылықтарға, дін мен дәстүр бірлігіне қатер төндіретін құбылыстармен күреске аударуымыз қажет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.04.2021
1180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі