Материалдар / «Алаштың асыл арыстары» /ғылыми-танымдық конференция/
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Алаштың асыл арыстары» /ғылыми-танымдық конференция/

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, Алаш қайраткерлерінің өмірін зерттеп ауызша түрде талдау жасау, ақпараттық мәдениетін дамыту, елдің мемлекеттік саясатын түсіну мен қадірлеу, біртуар ұлдардың ерлік әрекеттерін өз іс-әрекетінде тиімді пайдалануға әрі соны қолдану барысында өзінің әрекеттерін реттеуге және нәтижесін бағалауға, өзіндік баға беруге, игерген теориялық білімді өмір сүру барысында қолдана білуге үйретіп, саяси көзқарасын қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
834
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алаштың асыл арыстары»

/ғылыми-танымдық конференция/


«Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет  сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы».

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Мақсаты: Ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, Алаш қайраткерлерінің өмірін зерттеп ауызша түрде талдау жасау, ақпараттық мәдениетін дамыту, елдің мемлекеттік  саясатын түсіну мен қадірлеу, біртуар ұлдардың ерлік әрекеттерін өз іс-әрекетінде тиімді пайдалануға әрі соны қолдану барысында өзінің әрекеттерін реттеуге және нәтижесін бағалауға, өзіндік баға беруге, игерген теориялық білімді өмір сүру барысында қолдана білуге үйретіп, саяси көзқарасын қалыптастыру.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақта «Бабасы мықтының баласы мықты» дейтін сөз бар еді. Биыл сол мықты болған бабаларамыз - Алаш ардақтысы атанған, қазақтың жаңа замана мемлекеттілігінің төр басында тұрған айрықша, ерен тұлғалар, алғыр саясаткер болған ақын, педагог, тюрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл, педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл, ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл, қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл, қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жылдық мерейтойлары жалпыұлттық деңгейде аталып өтуде. Бүгінгі «Алаштың асыл арыстары» атты ғылыми-танымдық конференциямызда осы Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы пікір алмасатын боламыз. Олай болса, «Алаштың асыл арыстары» атты ғылыми-танымдық конференциямызға қош келдіңіздер!

Кіріспе сөз: Еліміздің егемендік алуы – халқымызға қымбат, ұлтымызға ұлық ұғым-дардың жиі және құрметпен айтылуына да жол ашқаны баршамызға белгілі. Сондай ұғымдардың бірі – «Алаш». Бұл «Алаш» сөзінің астары, мағынасы жөнінде көптеген пікірлер бар. Осы тұста мәселе олардың барлығын да түгелдеп шығу емес. Ең бастысы «Алаш» сөзі бар қазақтың баласына аяулы, қымбат, құрметті болуында. Сонау тарихи дәуірлерден жеткен осы ұғымның бойында барша қазақты тұтастыратын қуат, біріктіретін күш, бауырластыратын құдірет жатқандығы ақиқат. «Алаш» сөзі тіліміздегі өзге сөздермен тіркесе келіп, кеше де, бүгін де сан ұғымдарға ұйтқы болғандығы да шындық. Осындай ұғымның бірі – «Алаш ұранды» деген тіркес. Қазақтың рухани тарихында осы «Алаш ұранды» деген тіркесті ең алдымен данышпан Абай қолданған екен. «Алаш» сөзінің шығу тарихына үңілген дана Абай бабаларымыздың жауынгерлігін айта келіп: «Сондықтан «алаш-алаш» болғанда, Алаша хан болғанда, қалмаққа не қылмап едік деп, алаш ұранды қазақ атанған себебі сол екен» - дейді. Сол алаштың ұрпағы Алла жар болып, өзінің егемендігін алды, азаттықтың арайлы таңын көрді. Абай Алаш ұранды қазақ атаған елдің ұрпағы Абайдан кейінгі дәуірде ел мен жердің бостандығы үшін күресті. Сол күрестің ұранына ұлы Абай айтқан Алаш сөзін алды. Алаш қайраткерлері 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынборда Бірінші жалпықазақ съезін ашып, партия құру туралы қаулы қабылдады. Сол күндері Алаш қозғалысының үні «Қазақ» газеті: «Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр» - деп шабыттана жар салды.

Алаш қозғалысына тек жалпылық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Алаш қайраткерлерінің қозғалысы - ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс. Білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл азаматтардың белсенділігінен, тарихи-саяси құбылыстың асыл діңгегі – елжандылық пен адамсүйгіштіктен туған қозғалыс.

Алаш қозғалысы – қазақтың Жаңғыру дәуірі болып, «елім», «жұртым» деген біртуар азаматтардың басын қосып, елдік, бүтін ұлттық, тұтас халықтық ірі құбылысқа айналды.

Абылай заманында сыртқы жаудың қауіп-қатерінен басы қосылған қазақ, Кенесары, Махамбет, Абай дәуірінде «Бас-басына би болған» қазақ Алаш тұсында бас біріктірді, ой біріктірді, қимыл біріктірді. Оның негізінде Отанына, сол Отанының ұрпағына деген ұлы жанашырлық жатты.

Жүргізуші: Алашорда қайраткерлері Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтау, азаттық алу, бодандық бұғауынан босау, сауатты да білімді болу жолында күресті. Ұлттық құндылықтар жолында бастарын бәйгеге тіккен азаматтардың бүгінгі ұрпақ үшін атқарған еңбегі орасан зор.

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жол сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім,- сен де қатарыңнан қалыспа!,-деп халықтың зердесіне сәуле түсіріп,

санасын оятқан осы Алашорда тобының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Келесі кезекте сөзді Ахмет Байтурсынов туралы дайындалған баяндамаларға берейік.

/Толымбекова Диана, Байнұр Еркебұлан, Ноғайбеков Күнбол/

Жүргізуші: Өкінішім, аға, сенің көре алмадым жүзіңді,

Білем, білем, келер ұрпақ алады аршып ізіңді,

Қапелімде тамағыма өксік келіп тіреліп,

Сағыныштың ыстық жасы жанарымнан үзілді.

Сені қапқан төбеттердің  күшіктері бар тағы,

Бірі абалап, кейбіреуі балағымнан тартады.

Елу жылда ел де жаңа, бірақ, бірақ, сол елің

Елу жылда толтырды ма өзің кеткен ортаны?!

Толтырды ма, толқыды ма көзін көріп жарықтың,

Саған деген сағынышы басылған жоқ халықтың.

Қалғып жатқан қалың жұртты маса болып оятып,

Елдін мұнын жоқтай алар ер барлығын таныттың.

Өкініш пен запыраны көп болса да өткен күн,

Туған дала төсіндегі мәңгі өшпейтін көп белгің.

Әнің қандай – еркін жүзген аққуындай Ақкөлдің,

Сәнің қандай – кемпірқосақ бояуындай көктемнің.


Жалғыз ауыз жақсы жырды саф алтынға балаған,

Сөзің балдай, өзің таудай жан екенсің, ағажан!

Қасіреттен түсті басым тауқыметті тағдырың,

Қасиетті өз орнынды алдың бүгін арадан.

Жүргізуші: ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болсын жан-жақты «сегіз-қырлы, бір-сырлы» тұлғалар болатын. Халел Досмұхамедовтың cаяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге. Келесі сөз Халел Досмұхамедовтың өмір жолын зерттеген топқа беріледі.  / Алпысбай Камилла, Таукен Алина, Молдабек Мадияр/

Жүргізуші: Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел тұғырының тұрлаулы болуы үшін жан аямай еңбек еткен Халел Досмұхамедов сынды біртуар азаматтардың рухын еске алып, есімін қастерлеу әрі оның қай­рат­керлік тұлғасын ұлықтау бәрі­мізге ортақ парыз болуға тиісті.

Арыстандай айбатты, 

Жолбарыстай қайратты. 

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!..

... «Алаш» - айбынды ұраны, 

Қасиетті Құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін! 

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды Алаш елім дер.

Алтын Арқа жерім дер

Мен жастарға сенемін!.. 

...Мен сенемін жастарға! 

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда!

Мен жастарға сенемін! -деп,  «Жастар! Алда жүрген, Алаш жолына аянбай қызмет

қылған адал жүрек ағалардан үлгі, өнеге алыңдар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар. Күнді - түн, жақынды - жат, пайданы - зиян деп жүрген, толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар!» - деген Мағжан Жұмабаев еді.  Смағұл Садуақасов айтып, ел аузында қанатты сөзге айналған: «Мағжан - қазақ жастары ой-санасының әміршісі» деген бағаның түп-тамыры, бәлкім, осы бір отты-жалынды өлеңде жатқан шығар. Ендігі кезекті Мағжан Жұмабаев тобына береміз. /Турган Руслан, Әбділда Камиля, Мильяс Лиана/

Жүргізуші:  ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары  тарих сахнасына көтеріліп,  бодандықтың бұғауында отырған қазақ даласын әлеуметтік-экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестіріп, қазақ халқының азаттығы үшін  күресуге белді бекем буды. 1917 жылдың 20 наурызында Петроградтан Әлихан, Мұстафа, Міржақып «Алаш ұлына» атты мақала жолдап: «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырдан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті», - деп көңілдегі қуанышты зор шаттықпен хабарлады. Міне осындай тарихи  сәтте Шәкәрім  қажы кемеліне келіп,  рухани толықсып отырған шақта  еді. Ол кезде ақынның есімі де қазақ   ортасына кеңінен танымал болатын. Шәкәрімнің  Алаш көсемі Әлихан төремен  жақсы  қарым-қатынаста болғанын айғақтайтын    көптеген  деректер бар және  екеуі бір-біріне туған бөле болып келеді. Әлихан Бөкейханов 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Қалқаман-Мамыр» мақаласында Шәкәрім жөнінде былай деген: «Шәкәрім Абай барда таласып ақындық қылып, жарыққа шықпай, көлеңкеде жүре берген. 1900 жылы Шыңғыс елін жазған Иван Флипович Гусев Шәкәріммен сөйлескен. Маған сонда айтты: «Жұрттың бәрінің аузына алғаны Абай. Шәкәрімнің білімі де қазақта жоқ екен» деді.» деп Шәкәрімге жоғары баға берген. Ал белгілі алаштанушы ғалым М.Қойгелдиев өзінің еңбектерінде 1906 жылы Ә.Бөкейхановтың басқаруымен Семейде өткен казақ кадет партиясының жиынында Шәкәрім қатысып, сөз сөйлегенін айтады. Осы деректер екі  тарихи тұлғаның байланысы ертеректен қалыптасқанын байқатады. Әрине бұл жерде Шәкәрім әу бастан Алаш қозғалысының қатарында белсенді қызмет атқарды дейміз. Ақпан төңкерісінен  кейін   қазақты жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер деген сұрақ тұрды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы осы сауалға тура жауап бергендей болды. Поэмада қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше ілтипатпен, үлкен сый-құрметпен жырланады. Сұлтанмахмұт Шәкәрімді жасы үлкен ақсақал ғана емес, терең тамырлы қайраткер,  ойлы ғалым, ең бастысы, қазақ көркем ойының кемел суреткері дәрежесінде суреттейді. Алашорда үкіметі құрылып, қазақ жерінде саяси өзгерістер шұғыл жүзеге аса бастаған шақта Шәкәрім Құдайбердіұлы облыстық соттың мүшелілігіне сайланды, Семей уездік земствосының мүшелігіне лайықталды. Қыруар саяси-әлеуметтік, ұйымдастырушылық қызметтер атқара жүріп өлеңдерін, мақалаларын «Сарыарқа» газетінде жариялауды да ұмытпайды. 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне арнайы шақырылған Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып сайланған.

Ендігі сөз Шәкәрімтанушыларға беріледі / Ербол Ерен, Сәрсенбек Баян, Манатбек Елина/

Жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тарихи және қоғамдық сананың ашықтығының маңыздылығын атап, рухани болмысымыздың кілті – ұлттық кодты жүйелі түрде талдап көрсеткен болатын. Ұлттық код ұлы тұлғалар өмірінің ақтаңдақтарын ашып көрсетуді, олардан алар ұлағатты тағылымды ұрпақ бойына сіңіруді құптайды. Өткен ғасырдағы қазақ тарихының көрнекті тұлғасы – ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, публицист әрі этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының біз біле бермейтін қырлары өте көп.

1905-1907 жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т.б. қазақ зиялылары патша өкіметінің қазақ жеріне жүргізіп отырған саясатына қарсы шықты. Мәшһүр Жүсіптің де саяси қайраткер болып шыңдалуына елде болып жатқан өзгерістер әсер етпей қоймады. Оның публицистикалық қызметінің оянуы және алғаш кітап шығаруы да осы кезеңге тап келді. Мәшһүр Жүсіп өзі өмір сүрген екі ғасыр тоғысындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге белсене атсалысып, болып жатқан өзгерістерге өзінің пікірін, ой тұжырымдарын сол уақыттағы баспасөз беттерінде «Дала уалаятының газетінде» және «Айқап» журналында жариялап тұрған. Патшалық Ресейдің отарлау саясатын, қазақ халқын орыстандыру мен шоқындыру сияқты екіжүзді ниетін әшкереледі. Мәшһүр Жүсіп ұлт бостандығын, теңдігін, ар-ождан бостандығын ел мен жер тағдырын жырлады.


Байланып қорыққандықтан жүрді тілім,

Қазағым, қайран жұртым, есіл елім.

Мұжық кеп, қара шекпен крестьян,

Жеріңді қылмады ма тілім-тілім.

Ақын қазақ халқы үшін киелі ата-бабаларымыздың қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен қорғап қалған жердің, қоныс аударушыларға беріліп жатқанына жаны күйзеледі, сонымен қатар ел, жер үшін батыл ашық күресуге шақырады. Мәшһүр Жүсіп ел
ішіндегі келеңсіз құбылыстарды ұрлық, рушылдық, жікшілдік, парақорлық, надандықты аяусыз сынайды.

Қазағым, өнер іздеп, ұрлық-зорлық,

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық.

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,

Басыңа келген жоқ па талай қорлық

Мәшһүрдің пікірінше, ұлттық бірлік пен татулық, ауызбіршілік халық үшін жарқын болашаққа жол ашатын және бостандық пен теңдікке жеткізетін бірден-бір жол, деген екен.

Келесі сөз кезегі Мәшһүр Жүсіп тобына беріледі. /Ұранбек Балғын, Нұрмұхамет Салтанат, Тоқмұқамет Баяшат/

Қорытынды: Мемлекет басшысы өзінің бір сөзінде: «Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғырту, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді, Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады», – деген еді.

Алаш арыстарының да басты мұраты – азат ел болу екені белгілі. Біз тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқпыз. Тәуелсіздік жолында қаншама құрбандықтар болды. Азаттықты аңсаған Алаш арыстарының сүйектері сандаған елді шашылып қалғаны да жасырын емес. Кеңестік империя аз ұлттардың жеке мемлекет болуын қолдаған жоқ. Сондықтан, 37 жылғы зұлмат Алаш идеясын көздеген арыстардың басын жұтты. Алаш арыстары атылды, шабылды, айдалды. Бірақ олар арман еткен тәуелсіздік идеясын түп-тамырымен жоя алған жоқ. Ол идея әрбір қазақтың бойында іштей бұлқынып жатты.

Алаш идеясын ту етіп көтеру – бүгінгі барша қазаққа асыл парыз. Осы орайда, Алаш идеясын негіз еткен ғылыми-танымдық  конференциямыздың өтуі де, азаттықты көксеген Алаш қайраткерлерін тағы бір ұлықтаудың нақты көрінісі. Алаш арыстары ұлттың азаттығы үшін күресті, ұлттың тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етті. Қазақтың мемлекет ретінде батыл қадам жасауына қызмет етті. Мемлекетшілдікті ту етті.

Қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ар-намысы кем ұлт – өспеген ұлт» деген екен. Бүгінгі ұрпаққа қажеті де осы – ұлтты сүю, Отанын қадірлеу… Ар-намысын аяққа таптамау, сонда ғана тәуелсіз елдің келешегі зор болмақ, - деп бүгінгі «Алаштың асыл арыстары» атты ғылыми-танымдық конференциямызды аяқтаймыз.































Алаш идеясын бүгінгі жастарымызға насихаттай бергеніміз жөн.



Алаштың асыл арыстарының арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді. ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақтың зиялы қауымы ағартушылық, либералдық, демократиялық көзқарасты ұстана отырып, ұлт-азаттық жолында қызмет етті. Қазақ елінің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге жетуі, ол үшін оқу-білімді дамыту – ұлт зиялыларының басты мұраттарының біріне айналды.





 

 

 

 



«АЛАШ ТУЫ АСТЫНДА...»

Мемлекет басшысы өзінің бір сөзінде: «Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғырту, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді, Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады», – деген еді.

Алаш идеясын ту етіп көтеру – бүгінгі барша қазаққа асыл парыз. Оның үстіне, биыл Алашорда қозғалысының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда, еліміздің басты қалаларында Алаш идеясын негіз еткен ғылыми-практикалық конференциялардың өтуі де, азаттықты көксеген Алаш қайраткерлерін тағы бір ұлықтаудың нақты көрінісіне айналып отыр.

Алаш арыстары ұлттың азаттығы үшін күресті. Алаш арыстары ұлттың тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етті. Қазақтың мемлекет ретінде батыл қадам жасауына қызмет етті. Мемлекетшілдікті ту етті.

Ал Шымкент қаласында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен өткен «Алаш туы астында: Алашорда, Желтоқсан, Тәуелсіздік» атты ғылыми-практикалық конференция еліміздің Тәуелсіздігіне, Алашорданың 95 жылдығына арналды. Конференцияға алаштанушы ғалымдарымыз бен белгілі саясаттанушылар, Алаш арыстарының ұрпақтары қатысты. Атап айтар болсақ, олардың арасында белгілі ғалым Мәмбет Қойгелді, жазушы Бейбіт Қойшыбаев, Нұрлан Дулатбеков, Ерлан Қарин, Айдос Сарым және т.б. елімізге белгілі ғалымдарымыз бар. Конференцияның 13 желтоқсанда өткізілуінің де өзіндік сыры бар. Өйткені, «Сарыарқа» газетіне жариялаған мақаласында белгілі қоғам қайраткері Әлімхан Ермеков: «Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт Отанды болды», – деп жазған екен.

Конференцияның кіріспе сөзін бастаған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли: «Жалпы, желтоқсан айы қазақ үшін жақсылығы мен жамандығы, әділдігі мен қиянаты қатар өрілген ай ретінде тарихта қалатын шығар. Бұл айда Қазақ елі азаттық алды, бұл айда Алашорда үкіметі құрылды, бұл айда Елбасы ресми түрде Астана қаласында қызметін бастады. Бұл айда алаш баласы алғаш рет жалпыхалықтық сайлауда Президентін сайлады. Бұл желтоқсан айының бізге қуаныш сыйлаған сәттері. Ал өзекті өртер өкініштерге келер болсақ, бұл айда Түркістан автономиясы жарияланғанымен, оны большевиктер қанға бояды. Бұл да қазақтың тарихына тікелей қатысы бар оқиға болатын. Одан бөлек бұл айда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Дегенмен, желтоқсан айында Қазақ елінің тәуелсіздік алуы азаттық жолындағы арпалыстардың азапты күндерін ұмыттыратын оқиға», – дейді.

Алашорда автономиясы қазақтың ХХ ғасырда көтерген алғашқы отауы. Ұлт азаттығын ту еткен қайраткерлер бұл жолда қыруар еңбек сіңірді. Ұлттың тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы сәтсіз аяқталса да, олардың алаш туралы идеясы әлі күнге өзінің өміршең екендігін танытып келеді. «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин: «Егер де олар Азаттық пен тәуелсіздік үшін күреспесе, өз жандарын сол Ұлы күресте құрбандыққа шалмаса, бүгінгі күн болар ма еді?!

Бүгінгі егеменді, тәуелсіз, азат Қазақстан болар ма еді?! Кім біледі. Бірақ олардың өз өмірлерін қысқартып, бүгінгі күнді жақындатқаны сөзсіз. Отаршыл жүйе Алаш арыстарын өлтірмек болып, қазақтың тілін, қазақтың тарихын, қазақтың рухын, қазақтың арманын өлтірмек болды. Алайда қазақ халқы сансыз кедергілер мен қиыншылықтарды бастан кешіп, өз арманына жетті», – дейді. Саясаттанушы Ерлан Қаринның айтуынша, еліміз қол жеткізген тәуелсіздік Сырым мен Кенесары, Әлихан мен Ахмет, Жаһанша, Мұстафа мен Смағұл, Міржақып пен Мағжан, Шәкәрім мен Ақыт қажы, Оспан батыр және түрлі дәуірлерде құрбан болған барша қазақтың аңсаған арманы еді.. «Сол еркіндікке, азаттыққа деген ұмтылыс, өршіл рух кешегі талай жан беріп, жан алысқан айқастарда қазақты тәуелсіздікке бастаған болатын. Бұл рух кешегі желтоқсанда қазақ жастарын қар жастанып, мұз төсене жүріп, азуы алты қарыс Кеңес империясына қарсы шығудан да жасқандырмады. Сөйтіп, қазақтың қанындағы азаттық рухы 1991 жылы тәуелсіздік алуымызға бас­тап әкелді. Сондықтан, 1991 жылы иеленген Тәуелсіздігіміз ол соған дейінгі әкелеріміз бен ағаларымыздың, аталарымыз бен бабаларымыздың жанкешті күресінің нәтижесі. Тәуелсіздікті біз кездейсоқ иеленген жоқпыз. Тәуелсіздік үшін миллиондаған қазақ өмірін құрбан етті», – деді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!