Алаштың сөнбес жұлдызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаштың сөнбес жұлдызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан. Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам, ал анасы Гүлсім керей Әшірбек деген саудагердің қызы болған. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаштың сөнбес жұлдызы



Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін! –деп, өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп аманат сенім артқан, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев.


Мағжан Бекенұлы Жұмабаев  1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам, ал анасы Гүлсім керей Әшірбек деген саудагердің қызы болған. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.

1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер Сәлімгерей Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 19 жасында Қазан қаласында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарады. Бұл 1912 жылы болған еді. Содан бастап Жұмабаевтың есімі Омбы, Петропавл, Семей қалаларындағы әдеби қауымға мәшһүр болады. Жазғандары жұрт ауызына ілігіп, жастардың піріне айналады

Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиеті мен тарихының кемеңгері, бейнелеп айтсақ, қазақ ағартушыларының ірі қайраткері және дауылпаз ұлы ақын. Сонау өткен заманда қазақ даласында болған талай кезеңді басынан кешіп, бар тіршілік-өмірін қазақ баласының зарын жазып, жанын аямай ат салысқан алаштың қайратты абзал азаматы.

Тарихқа қарасақ, өткен ғасырдың басындағы бет-бейнесін айтсақ, жүректі қан жылатып, аяусыз қинаған Ресей империясы, одан әрі Кеңес үкіметінің құрылуына қисынсыз қазақ баласының аямаған заманы болса керек. Сол кезеңде қазақ даласында шаш ал десе, бас алатын шолақ атқамінерлерінің келеңсіз күні туған болатын. Сол қиын уақытта қазақ елінің Алаш арыстарын қорғап, жырын жырлап, келеңсіздіктерге бастарын тігіп, жанын құрбан еткен адамдардың бірі Мағжан Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаев – қазақ өлеңінің ұлттық бояуыменен рухын ұстана отырып, оны түрлендіріп айтқан, адам жанының сұлулығы мен сыр сымбатын жырлаған, осылайша қалың оқырманның жүрегіне жол ашқан халқының білікті де парасатты ақыны. Өлмес өлең тудырып, артына өшпес із қалдырған, осы бір Мағжан сында ғажайып ақынның Ақтөбе қаласының №4 М.Горький атындағы кітапханасында «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты оқырмандар арасында жыр сайысы өткізілді.

Шараны № 20 орта мектеп-лицейінің оқушылары «Батыр баян» поэмасынан көрініс көрсетіп ашып берді. Сайысқа серіктес мекемелер № 20 орта мектеп-лицейі, № 28 орта мектеп, №38 қазақ орта мектеп және «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылары болған: зейнеткер ұстаз Сәметей Төлебайұлы Өтеміс, педагогика ғылымдарының кандидаты, Құрметті профессор, Еңбек ардагері, «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісінің иегері Күляш Охасовна Умербаева, «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқытушысы Асланбек Ерланұлы Кәдірғали. Олар туған жерім, елім деп тулап тұрған Алаш арысы - Мағжан Жұмабаев туралы естеліктермен де бөлісті.

Кітапханашы Аяжан Әлібайқызы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Мағжан-ақынның ақыны» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасаса, кітапханашы Үзілхан Жанатқызы кешті кәсіби біліктілігімен жүргізді.

Сайыс қатысушылары Күляш Охасовнаның қолынан дипломдар мен алғыс хаттар алса, белсенділік танытқан оқушыларға кітапхана атынан кітаптар сыйға табысталды.

«Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп - жұмыр жауһар дүние» осы бір дана сөзбен кітапхана меңгерушісі Айнұр Сералықызы қортындылады.







Үзілхан Жанатқызы Сабиева,

4 М.Горький атындағы

қалалық кітапхананың кітапханашысы

Ақтөбе қаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2024
294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі