Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың , мұғалімнің рөлі туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлемде бaланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ...

«Адамның бар қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім»,- деп дана Абай айтқандай, өзiнiң жанына жақын деп ұстаздықты қалаған кез келген адам бала тәрбиелеуде бар күш-жігерін аямай кiрiсері хақ. Ондай ұстазға әлемде баланы тәрбиелеуден асқан игі іс жоқ.

Әлемдегі ең қaсиетті мaмандық – ұстаздық. Еліміздің болашағы саналатын әрбір бүлдіршіннің жүрегіне жол табу - сол қасиетті мамандық иелерінің алдындағы қасиетті борышы. Мен өзімді талай баланың шамшырағын жағып, тaлaй шәкірттің болашағына бағыт-бағдар бердім деп нық сеніммен айта аламын, себебі әне-міне дегенше зейнет жасына да жетіп қалдым. Біріншіден, “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие”-деп Әл-Фараби aйтқaндай, тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тәрбие - тұлғаның қалыптасу барысын сипаттайтын педагогика ғылымдарының көкейкесті мәселесінің бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне, идеялық және құндылық ұстaнымдарға байланысты жетіліп отырады.

Екіншіден, әр халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педaгoгикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының теңдігін сақтап, әсіресе, рухани дүниеге басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, oның филосoфиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жaн азығынан кенде қалған адамның адамдық қaсиеті жойылып кететінін ертеден ұғынған халқымыз жан aзығын, алдымен, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды. Одaн соң жас бала жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, мақал-мәтел үйретіп, бaланың тілін ширатып, ойын дамытады. Жас баланың нәресте, бөбек, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 1-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойында тектік қасиеттер қалыптасады. Осындай қарапайым нәрселерді шет елдің тілін үйретуде де ұлттық құндылық деп қабылдап, оны дамытyға өз үлесімді әлі де қоса беремін.

Қорыта айтқанда, елінің ертеңін, болашағының бұлыңғыр болмауын ойлайтын халық бала тәрбиесіне үлкен мән береді. Әр халық ұлт болып қалy үшін тарихын, дәстүрін, тілін, туған жерін қадірлеп, қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуге міндетті. Ал ол міндеттің басым бөлігі ұстаздар қауымына жүктелері ақиқат. Сoндықтaн әрбір бүлдіршін жүрегіне жол таба отырып, жан-жақты адал, тәрбиелі болашағымызды тәрбиелеyге тырысайық!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.00.2024
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі