Материалдар / Әлемді өзгерткен өнертабыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемді өзгерткен өнертабыс

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
15557
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әлемді өзгерткен өнертабыстар»


Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын оята отырып тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу. Өзіндік танымдық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Слайд, А4 қағаз, маркер т.б

Барысы:    

Тренинг  

Саламатсыздарма  оқушылар. Бүгінгі бізің куратор сағатының тақырыбы: «Әлемді өзгерткен өнертабыстар» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім сіздерге күнделікті пайдаланып жүрген технологиялар ең қарапайым заттардың қалай және кім дүниеге әкелгенін осы куратор сағатында білетін боласыздар.

Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.
1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі және өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі (оған 166 ел мүше

Енді оқушылар 4 топқа бөлініп топтық жұмыс жасайсыздар. (суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді)

  1. Компьютер

  2. Телефон

  3. Теледидар

  4. Интернет

Қандай техникалар бар күнделікті қолданатын және әр техниканың ерекшеліктерін жазып қорғайтын боласыздар.

(төрт топ қорғап болғасын слайд көрсетем)

Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген.

Жұртшылықты  техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда. Әзірше Бүкіләлемдік көрмелерде көрсетілген ең танымал деген 10 жаңалықты есімізге түсірейік.

  Телефон аппараты

Тұңғыш телефон аппараты 1876 жылы Филадельфиядағы Бүкіләлемдік көрмені таңқалдырған дүниеге айналды. Өнертапқыш Александр Белл «сөйлейтін телеграф» қалай жұмыс жасайтынын көрсетті. Өнертапқыштың басқа бөлмеде тұрып Дат ханзадасының «Болу, я болмау» деген монологын оқығанын телефон тұтқасынан естіген кезде, көрме қазылар алқасының таңданысында шек болмады. Жүз жылдан астам уақыт ішінде, әрине, телефонның сыртқы түрі қатты өзгеріске ұшырады, алайда оның қызмет ету қағидасы бәз-баяғынша қалды.

Фонограф

1878 жылы Париждегі Бүкіләлемдік көрме кезінде фонографты (дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған құрылғы) таныстырғаннан кейін, оны ойлап тапқан Томас Эдисон үлкен танымалдыққа ие болды. Көптеген көрерменге фонографтың адам дауысын қайталауы таңғажайып сиқырдай көрінді, сөйтіп Эдисонға «Менло Парктың сиқыршысы» (Нью-Джерсидегі зертханасы солай аталатын) деген ат тағылды. Кейінірек фонограф идеясы граммофон, патефон және тіпті магнитофонда қолданыс тапты.

Айналаны шолу дөңгелегі

Тұңғыш айналаны шолу дөңгелегі 1893 жылы Чикагода өткен Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Атағы жер жарған аттракционды Кіші Джордж Вашингтон Гейл Феррис жобалап шыққан. Дөңгелектің биіктігі 80 метрден асатын, ал оның салмағы 2 мың тоннаға дейін жететін. Американдықтар оны осының алдында Парижде өткен Бүкіләлемдік көрмеге орай салынған Эйфель мұнарасына жауап ретінде ойлап тапты. Ағылшын тілінде айналаны шолу дөңгелегі осы күнге шейін ferris wheel, яғни «Феррис дөңгелегі» деген атпен аталып келеді.

Сыдырма ілгек

Алғашқы сыдырма ілгек аяқ киімге арналған болатын. Оны 1893 жылы Чикагодағы Бүкіләлемдік көрмеде Уитком Лео Джадсон көрсетті. Ілгектің түрі қазіргі нұсқасына қарағанда өзгеше болатын: оның бір қапталында ілгек, екінші жағында «кілт-тілшік» көмегімен ілінетін ілмек қатары болатын. Джадсонның өнертабысы аяқ киімді түймелеуді айтарлықтай тездететін, сондықтан ол осындай атауға ие болды. Алғашқыда жаңа өнертабыс  бірден көпшіліктің көңілінен шыға қойған жоқ, өйткені оны пайдалану үшін екі бетті алатын нұсқаулықты оқу керек болатын. Тек 20 жылдан кейін ғана сыдырма ілгек үлкен танымалдыққа ие болды.

Рентген аппараты

Жұртшылыққа рентген сәулелерінің қасиеттері 1901 жылы Буффалодағы Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Бұл өнертабыс АҚШ президенті Уильям Мак-Кинлидің өмірін сақтап қалар ма еді? Көрме кезінде ол ауыр жарақат алды, себебі президентке оқ атылды. Дәрігерлер оның денесінен оқты табу үшін рентгенді пайдалануына болар еді, алайда олар бұдан бас тартты. 8 күннен кейін Мак-Кинли  көз жұмды. Бірақ кейінірек рентген аппараты медицинада кең қолданысқа ие болды.

Балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан

Балмұздаққа арналған жеуге болатын стақан 1904 жылы Сент-Луистегі Бүкіләлемдік көрме кезінде таныстырылды. Бұған дейін балмұздақты тек қағаздан жасалған стақанда сататын. Вафлядан жасалған қауыз бен балмұздақты бірге үйлестіру көрмеге келушілердің көңілінен шыққаны соншалықты, балмұздақтар дереу сатылып кетті. Алғашқыда вафлялық стақандар қолдан жасалынатын, тек 1921 жылы ғана балмұздақ қауызын жасауға арналған машина пайда болды.

Нейлон

Кез келген матаны берік әрі созылғыш ететін жаңа синтетикалық материал нейлонның таныстырылымы 1939 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрмеде өтті. Жаңалықты "Дюпон" химиялық компаниясы таныстырды. Көрмеде өте күшті жарнама өткізілді: нейлоннан жасалынған шұлықтар төңкеріс жасаған киім ретінде танылды. Бұл өнертабыс әйелдер жағынан тез өз бағасын тапты нейлоннан жасалған бұйымдардың сатылымы күннен күнге дейін артты. Қазіргі күні нейлон киім өндірісінде ғана емес, сонымен бірге, төлке, пленка және жұқа жабындарды дайындауда қолданылады.

Телехабар тарату

1939 жылы Нью-Йорктегі Бүкіләлемдік көрменің көрермендерін тікелей эфирде телехабар тарату қатты таңдандырды ол кездің өзінде телевизор әлі таңсық дүние болатын. Көрме өтіп жатқан уақытта АҚШ президенті Франклин Рузвельттің ЭКСПО-ны ашып жатқанын тікелей эфирде көрсетті. Көрмеге келушілерді теледидардың техникалық ерекшеліктері айрықша әсерде қалдырды. Тіпті көбісі трансляцияны иллюзионистің фокусы деп те ойлады. Ал бүгінгі күні тікелей эфирде хабар тарату үйреншікті іске айналған.

Ұялы телефон

Тұңғыш ұялы телефонның алғашқы нұсқасы және ұялы байланыс технологиясы 1970 жылы Жапонияның Осака қаласындағы Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Бұл нағыз төңкеріс болатын: бұған дейін қолданыста болған телефондардың барлығы розетка қосылмаса, жұмыс жасамайтын. Алғашқы ұялы телефондар Осакадағы таныстырылымнан кейін бірнеше жылда кейін-ақ қолданыста пайда болды. Қазіргі ұялы телефондармен салыстырғанда олардың пішіні үлкен және ыңғайсыз болатын, оларды қалтаға салып жүру мүмкін еместін.

Сенсорлық экран

Саусақтың басқанын сезетін экран алғашқы рет жұртшылыққа 1982 жылы Ноксвилдегі Бүкіләлемдік көрмеде таныстырылды. Көрмеге келген әрбір адам сенсорлық экранды жеке өзі пайдаланып, байқап көре алды. 30 жылдан кейін бұл өнертабыс өте танымал бола бастады. Бүгінгі күні сенсорлық экрандар төлем терминалдары, ақпараттық дүңгіршектерде, қалта компьютерлерінде және ұялы телефондарда қолданылады.

Біз ЭКСПО-да тұңғыш рет таныстырылған ең танымал деген өнертабыстардың тарихы туралы айтып бердік, бірақ көрмеде осындай мыңдаған өнертабыстар таныстырылған болатын. Әртүрлі Бүкіләлемдік көрмелерде жұртшылыққа жоғарыда аталғандарға қоса, Singer тігін машинасы, дизель моторы, электр розеткасы, Попов радиосы, Люмьер ағайындыларының киноқондырғысы, Ладыгиннің қыздыру шамы, алғашқы сериялық телевизор, IMAX жүйесі және тіпті IBM компьютерлері таныстырылған. Өзімізге үйреншікті болып кеткен осы заттардың барлығы әлемнің мойындауына жетіп, Бүкіләлемдік көрмедегі көрсетілімінен кейін коммерциялық қолданысқа түсті. Биылғы жылы Елордамыз Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі әлемдік танымалдыққа жететін жаңа өнертабыс түрлерімен қонақтарды таңқалдырып, осы дәстүрді жалғастырады деп сенеміз.

Оқушылар енді сіздермен «Мен экспоға барамын» ойынын ойнаймыз. Оның ережесі сіздер айтасыздар «мен экспоға барамын өзіммен бірге машинамды алып кетемін» деп айтасыздар. Сіздер кімді немесе нені алып кететіндеріңді айтасыңдар?

Бұл ойынның нәтижесінде өздеріңізге не нәрсе немесе кім жақын екендіктерін білдік. Сол өткізілетін әлемдік көрмеге барып, жаңа өнертабыс түрлерін алғашқы болып көру армандарыңыз орындалсын.

Рефлексия. «Мен не ойлап табар едім» деген тақырып беріледі.

А4 қағаз беремін әр оқушыға. Оқушылар өз ойларын жазады.

Қызықты мәлімет. Александр Грейам Белл алғаш сым құралдары арқылы хабарласатын телефонды ойлап тапты.Телефонмен сөйлескен сайын айтылатын «Алло» сөзі негізінде бір қыздың (телефонды ойлап тапқан Александр Грейам Беллдың сүйіктісі) қысқартылған есімі. Қыздың толық есімі – Алессандра Лолита Освалдо. Грейам Белл телефонды ойлап тапқанда алғаш телефон желісін сүйіктісінің үйіне қарай тартады. Шеберханасында телефон шалынған сайын оның сүйіктісі екенін біліп, телефон тұтқасын көтерер-көтермес «Алессандра Лолита Освалдо»,- дейтін болған. Уақыт өте келе сүйіктісінің атын қысқартып «Але Лол Ос»,- деп айта бастаған. Жұмыстары көбейген сайын оның атын әлде де қысқартып, екі буыннан тұратын «Алло»,- деген атпен атап кеткен Бұл сөз бүгінге дейін жетеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!