«Әлеуметтік жағынан осал
отбасылардан шыққан балаларды кәсіптік білімге бейімдеудің
жолдары»
Сланбекова Қарлыға
Боранқұлқызы,
Бақанас аграрлы-индустриалдық
колледжі
директорының оқу-тәрбие
жұмысы
жөніндегі
орынбасары
Қазіргі білім беру
жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарында көрсетілген мемлекеттік
маңызы бар міндеттердің бірі – жастардың өз кәсібіне деген
қызығушылығын қалыптастыру мәселесі. Бұл орайда колледждің алдына
қойып отырған міндеттері – мамандарды кәсіби даярлаудың сапасын
көтеру, олардың таңдап алған мамандықтарына деген қызығушылығын
арттыру, өз кәсібіне деген жауапкершілігін қалыптастыру.
Мектеп бітірген соң
оқушылардың колледжге келуі – олардың өміріндегі алғашқы дербес
қадамдарының бірі. Қазіргі кезде кез-келген оқушының мектептен
кейін колледжге түсіп, сол оқу орнына бейімделуі орасан зор
әлеуметтік мәнге ие. Студенттерге қойылатын барша талаптардың
орындалуын қамтамасыз ететін – ұстаздар. Ұстаздар студенттерге тек
кәсіби білім беріп, біліктілігін ғана көрсетіп қоймай, олардың
колледждегі күнделікті жүріп-тұру дағдысын игеруіне, қоғамдық
тәртіпке бағынуына, тұлғалық бейнесінің қалыптасуына жұмыс
істейді.
Бейімделу процесі –
үздіксіз процес. Бейімделу - адамның, әлеуметтік топтың және
әлеуметтік ортадағы әлеуметтік өзара әрекеттесудің ішкі ортасының
салыстырмалы тұрақтылығын сақтауға бағытталған қоршаған орта
жағдайларына бейімделу негізінде жатқан организмнің психологиялық
және физиологиялық реакцияларының тіркесімі.
Бейімделу — бұл оқу үрдісін
ұйымдастыру мен студенттің оған деген қарым–қатынасының
өзгерісі.
Колледжде бірінші курс
студентінің бейімделуінің әлеуметтік деңгейі көптеген факторларды
анықтайды: адамның жекелеген тұлғалық-психологиялық ерекшелігі,
тұлғасы, іскерлік қабілеттілігі мен тәртібі, құндылықтары,
академиялық белсенділігі, денсаулық жағдайы, әлеуметтік ортасы,
отбасылық деңгейі, т.с.с. Жастардың студенттік өмірге қалыптасуы
әлеуметтік және биологиялық өзгерістердің толықтай
жетілмегендігінен, қиын әрі көпжақтылы үрдіс деп қарастырылады.
Сондықтан, бірінші курс студентінің колледж жағдайына бейімделу
мәселесі жалпы теориялық мәселелердің бірі және бүгінгі таңға дейін
өзекті болып табылады. [1]
Зерттеушілер бірінші курс
студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін
көрсетеді:
1) формальды
бейімделу- студенттердің жаңа ортаға, колледж құрылымына, ондағы
оқыту мазмұнына және оның талаптарына
қатысты;
2) қоғамдық
бейімделу- бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және
жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу
үрдісі;
3) Дидактикалық
бейімделу- студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне
байланысты бейімделу.
Бірінші курс студенттерін
колледждегі оқу процесіне бейімдеу үрдісінде келесі қиындықтар
анықталды:
-
Мектеп ұжымынан кетуге байланысты
күйзелістер;
-
Таңдалған мамандыққа мотивацияның
жеткіліксіздігі;
-
Психологиялық өзін-өзі реттеуді жүзеге асыруға
қабілетсіздігі (дербес жұмыс дағдыларының жоқтығы, жазбалар,
бастапқы көздермен
жұмыс, сөздіктер, каталогтар);
-
Жұмыстың оңтайлы режимін іздеу және жаңа
жағдайда еркінсу;
-
Топтың және колледж оқытушылары алдында сөйлеуден
қорқу;
-
Студенттердің
әлеуметтік-экономикалық
проблемалары: өзін тұрғын
үй және қаржы құралдарымен қамтамасыз ету, туыстары мен достарынан
эмоционалдық қолдаудың жоқтығы [4, 5].
Осы
проблемаларды табысты шешу студенттермен өзара әрекеттесудің
әртүрлі деңгейлерде тиімді бейімделуіне ықпал ететін осындай
форманы енгізуімен байланысты:
-
білім беру - білім беру қызметіне
бейімделу;
-
тәрбие беру - шығармашылық белсенді және тәуелсіз
тұлғаны моральдық позициямен және моральдық өзін-өзі
тануымен тәрбиелеу;
-
психологиялық - оқуға деген мотивацияны дамыту,
өзін-өзі бағалау;
-тұлғааралық - тиімді тұлғааралық қарым-қатынас процестерін
қамтамасыз ету [6,7].
Колледждегі оқу процесі көп деңгейлі, бірнеше жүйені
біріктіретін динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің
түпкі мақсаты – мамандарды жалпы және кәсіби тұрғыдан даярлаудың
жоғары сапасына қол жеткізу.
Дегенмен, оқу
үдерісі, тіпті ұйымның ең жоғарғы деңгейінде де, студенттерді
колледжге бейімделуін қамти алмайды. Осыған байланысты, бірінші
курс студенттерін бейімдеу процесін қамтамасыз ету
мақсатында «Колледждегі бірінші курс
студенттерінің оқуға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі
бағдарламасы» бойынша іс-шаралар
жоспары жасалады.
Бағдарламаның
мақсаты: кәсіптік білім беру
мекемесінде бірінші курс студенттерінің оқуға
әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілеттерін анықтау, қалыпты
бейімделушілікке әсер ететін жағдайлар жасау үшін сынып
жетекшілеріне, оқытушыларға, ата-аналар мен студенттерге сәйкес
ұсыныстар беру, тренингтік сабақтар
өткізу.
Міндеттері:
-
Бейімделу үрдісінде студенттердің
психологиялық жағдайын зерттеу.
-
Студенттердің бейімделу үрдісінде
бейімделусіздік факторларын төмендетуге мүмкіндік беру негізінде
жасалған қорытындылардан ұсыныстар
жасау.
-
Студенттердің оқуға, мазасыздану
деңгейін төмендету, өздік бағалауды арттыруда тиімді
бейімделушілікке әсер ететін тренингтер
жүргізу.
-
Ата-аналар жиналысында әлеуметтік
бейімделу туралы мәселелерді қозғау және оған сәйкес ұсыныстар
беру.
-
Қайта зерттеу
жүргізу.
Болашақ маман ретінде студенттердің кәсіби
бейімделуін әлеуметтік- психологиялық сүйемелдеудің кешенді
бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар:
1.Құжаттармен
жұмыс: Жаңа қабылданған топ жетекшілерімен
ұйымдастыру жұмысы. Жаңа қабылданған топ жетекшілеріне арналған
қажетті құжаттамамен танысу, әлеуметтік топтама
анықтау;
2.Психо-диагностикалық
жұмыс:
Бірінші курс студенттерінің
студенттік өмірге тез бейімделу үрдісі олардың өмір сүру үрдісінде
жаңа кезең болып саналады. Оқу кезеңінің алғашқы баспалдағында
олардың оқу– іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктері мен
өзгерістерін, психологиялық жағдайын зерттеу мен психологиялық
қолдау ең маңызды рөл атқарады. Психологтар бірінші курс
студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым
мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын,
мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу үшін
колледждегі білім алушылардан әртүрлі тест алынып, коммуникативтік
қасиеттерді, қарым-қатынас жасай білуді дамыту
жөніндегі тренингтер мен жаттығулар
жасалып, сауалнамалар жүргізіледі. Мысалы, бейімделу кезінде
бірінші курсқа түскен студенттерге комплексті диагностика өткізіп,
қорытындысы бойынша консультацияға шақырады. Консультация барысында
студенттердің әртүрлі проблемалары анықталып. Бақылауға алып, топ
жетекшілеріне ұныстар береді. Өткізілген консультациядан кейін
студенттің жеке бақылау картасы
толтырылады.
3. Ата-аналармен
жұмыс: Бірінші курсқа түскен
студенттерге колледждің оқу–ісі үрдісі мен тәртібін қабылдау оңайға
соқпайды. Бұл мектеп кезі мен үйде баланың үнемі мұғалім мен
ата–ана қамқорлығында болуымен тікелей байланысты. Студенттер
өздерін өзі бақылауға әлі қалыптаспаған, үйренбеген. Колледжге
түсушілердің негізгі бөлігі аудандардан (облыс, ауылдардар) келеді.
Олар ата–ана қамқорлығынан тысқары болып, өздерінің жеке өмірлерін
бастайды. Сондықтан да ата–ана тарапынан үнемі бақылау мүмкін емес.
Осы себепті ата-аналарымен колледждегі ережелермен, нормалармен, ішкі
тәртіппен, оқу үдерісін ұйымдастырумен, студенттік өмірмен
ата-аналарды таныстыруда жалпы ата-аналар жиналысы, топтар бойынша
жиналыстар, сұхбаттар жүргізіледі және ұсыныстар беріледі. Мысалы
төмендегідей
ұсыныстар:
-Балаңызбен ұдайы хабарласып
отырыңыз. Онымен сөйлесіңіз, колледждегі студенттік өмір
туралы сұраңыз, әрдайым қолдау
көрсетіңіз және көңілін көтеріңіз. Осы
арқылы
ол
өз
үйінің
сүйіктісі
екенін
және
үйдегілердің оны
әрдайым
күтетінін
білетін
болады.
-Жаңа ортаға
бейімделу
кезеңінің
ерекшеліктері туралы ұлыңызға/қызыңызға
түсіндіріп қойыңыз. Осы жағдайдың
уақытша
екендігі
және
жақын
арада
барлығының өз
орнына
келіп,
жақсы
болатындығы туралы
айтып беріңіз.
-Колледжде
студенттерге қиын уақытта олардың проблемаларын шешуге
көмек
көрсетуге
дайын
қызметтердің жұмыс
істейтіні
туралы
және
оларға
ұялмай
өтініш
білдіруге
болады
деп
ескертіңіз.
4. Коммунакативтік-шығамашылық
жұмыс: Колледждің қоғамдық өміріне және сабақтан тыс
шараларға, спорт секцияларына, үйірмелеріне белсенді түрде тарту.
Сайыстар, концерттер, «Қош келдің бірінші курстық!» айлығы
т.б. Сонымен қатар колледжде
өзін-өзі басқару органдарының бірінші курс студенттерін бейімдеу
үдерісіне қатысуы, студенттердің бір–бірімен жақындастыруға, ортақ
тіл табыстырып, достастыруға, курстастардың өзара және жоғарғы курс
студенттерімен қарым–қатынас жасай білуге бағытталған әр түрлі
мерекелік және тәрбилік іс–шаралары
ұйымдастырылады.
5.Топ жетекшілерінің
жұмысы: Мейірімділік, көңіл бөлу
колледждегі оқу–тәрбие үрдісіне бейімделу уақытын азайтуға
мүмкіндік тудырады. Топ жетекшісі студенттердің сабақ үлгерімі мен
сабаққа қатысымын бақылап, ата-аналарын хабардар етіп отырады.
Әркімге жекелей қарым-қатынас жасау – бұл біздің топ жетекшілері
жұмысының негізгі мақсаты. Олар әркіммен ортақ тіл табысуға, ашық
сөйлесіп, кеңестері мен ұсыныстарын білдіруге, студенттің
мағлұматты өз бетінше игеруге көмек көрсетуге, өзінің білімі мен
қабілеттілігін бағалай білуге үйретуге
тырысады. «Мектептен колледжге»; «Колледж
студенттерінің құқықтары мен міндеттері»; «Колледж студенттерінің
тәртібі мен жауапкершілігі»; «Сенің болашақ мамандығың»;
«Колледждің ішкі тәртіп ережелері»; «Қарым-қатынас өнері» Бірінші
курстықтарды оқытудың жаңа жағдайларына, ұжымға, өмірдің жаңа
жағдайларына бейімдеу: топпен таныстыру; колледжбен (ережелермен,
нормалармен, ішкі тәртіппен, оқу үдерісін ұйымдастырумен,
студенттік өмірмен т. б.) таныстыру; болашақ мамандықпен танысу
шараларын өткізеді.
Осылайша, бейімделу үдерісінің сәттілігінің ықтимал жолдарының бірі
бірінші курс студенттерін бейімдеу кезеңінде оқу барысында
студентке кәсіби білім алу ортасында өзін қолайлы сезінуге және оқу
үдерісінің тиімділігі мен сапалық мәселелерін шешу болып
табылады.
Қорытынды:
Студенттік өмір бірінші курстан басталады.
Сондықтан да бірінші курс студентінің колледж өмірі мен оқу–іс
әрекетіне тиімді бейімделуі тұлға ретінде болашағының жақсы
дамуына, жақсы кәсіби маман болып қалыптасуына кепіл бола алады.
Мұнымен оқытудың әртүрлілігі мен қалыптасудың қарама–қайшылық
мәселелері зерттеулік және тәжірибелік қызығушылық туындайды
және анықталады.
Әр адамның өзін–өзі бағалай
білуі, тұлғалық даму құқығы бейімделудің психологиялық жағдайын
құрудың негізгі мақсаты болып табылады. Егер біз студентке жаңа оқу
ұжымына енуіне көмек көрсетсек, оны колледждің барлық
орталықтарымен (оқу, ғылыми, қоғамдық) бірге жүзеге асыруымыз
керек. Осылайша кәсіби білім жүйесіне енгелі тұрған бірінші курс
студенті алдындағы туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдары
студенттің академиялық белсенділігі мен білім үрдісіндегі
жетістігін арттыра түседі.
Әдебиеттер тізімі
-
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
31.01.2017
жылғы жолдауы.
-
Назарбаев Н.Ә. Білім мен ғылым – даму тетігі /
Елбасының ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде
сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2004.
-
Авдиенко Г.Ю. Влияние мероприятий психологической
помощи студентам в начальный период обучения на успешность
адаптации к образовательной среде вуза // Вестник психотерапии.
-2007. -No 24. -С. 8-14.
-
Алёхин И.В. Изменение условий подготовки
студентов высших учебных заведений и их адаптации в условиях
трансформации российского общества // Вестник Башкирского университета. -2008. -No 2.
-С. 366-368.
-
Алтынова Н.В., Панихина А.В., Анисимов Н.И.,
Шуканов А.А. Физиологический статус студентов - первокурсников в
условиях адаптации к обучению в вузе // В мире научных открытий.
-2009. -No 3-2. -С. 99-103.
-
Ананьев Б.Г. Личность, субъект деятельности,
индивидуальность. -
М.: Директ - Медиа, 2008.
-134 с.
-
Андреева Г.М. Социальная психология: Учебник для
высших учебных заведений. -М.: Аспект Пресс, 2003. -363
с.
-
Антипова Л.А. Педагогические технологии успешной
адаптации личности студента в процессе обучения в вузе // Казанский
педагогический журнал. -2008. -No 2. -С. 52-56.
-
Архипова А.А. Адаптация студентов как одно из
условий самореализации личности // Педагогические науки. -2007. -No
3. -С. 173- 177.
-
Preview by scanning text (see Skimming and
Scanning to Preview Text, pg. 32 Think Literacy: Cross-Curricular
Approaches, Grades 7-12).
-
Marzano, R.J. & Pickering, D.J. Building Academic
Vocabulary, 2005