Материалдар / Әлеуметтік желі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әлеуметтік желі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата- аналармен өткізілген тренинг барысында ата- ананың әлеуметтік желіге деген көзқарасын және өзіндік ой- танымын қалыптастыруға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
562
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік желі. АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ

 Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.


ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы;

  2. Топқа бөлу;

  3. Ой жинақтау;

  4. Ситуациялық сұрақтар;

  5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;

  6. «Ашық айтсам…» жаттығуы;

  7. Рефлексия;

  8. қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Мұғалім сөзі. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, құрметті оқушылар!

Адамдар әлеуметтік желіге орта есеппен 3-4 сағат уақытын жұмсайды. Кәмелетке толмағандар мен 18-25 аралығындағы жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 5-6 сағатты құрайды. Оның пайдасынан көрі зиянын көп тартып жатқанымыз жайында әлем зерттеушілері жиі дабыл қағады. Уақыттың қадірі әлеуметтік желі келгелі тым төмендеп кеткен. Тіпті таңғы, түскі, кешкі асын ішпесе де әлеуметтік желіде отыратын буын пайда болды. Әлеуметтік желіге деген тәуелділік адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзін онлайнға айналдырды. Мұнымен күрестің жалғыз жолы, оны тек қажетіңе ғана пайдалану. Әлеуметтік желілер пайда болғасын біздің әлеміміз онлайн, офлайн болып екіге бөлінді. Ол арқылы тіпті мұхиттың ар жағында жүрген достарымызбен тілдесе аламыз, әуен тыңдап, кітап оқимыз, сондай-ақ түрлі суреттерімізбен бөлісеміз. Әлеуметтік желілер біздің өмірімізді жүз сексен градусқа өзгертті. Әлеуметтік желілердің желісін біздің елімізге Ресейлік «Мой мир» алып келді. Ол жиырма бірінші ғасырдың жаңа басталған кезі болатын. Сол кездегі жұрт басы бүтін бағынышты болып қалған. 2009-жылдары «вконтакте» де кең таралды. Статистикаға сүйенсек, қазірдің өзінде вконтактені жиі қолданатын Қазақстанда 1, 945 миллион адам бар екен. Бір айдың ішінде олар 45 миллион хабарлама алмасады. Қолданушылардың 53,8 пайызы ерлер, 46,2 пайызы әйел азаматтарымыздан тұрады. Вконтакте әлеуметтік желісінің негізгі аудиториясы он сегіз жасқа дейінгі қолданушылар. Оның жалпы жұртқа ұнаған тұсы онлайн музыка тыңдау. Бірте-бірте вконтакте желісінің орнын «instagram»  баса бастады. Енді жұрт бұрынғыдай музыка тыңдамай, сурет жүктеп оған лүпіл қоюмен, оның санын арттырумен жарысқа түсті. Бұл жарыс әлі күнге дейін толастаған жоқ. Қазіргі таңда қазақстандағы ең танымал парақшаларға 3 миллионнан астам адам тіркелген. Еліміздегі инстаграм қолданушыларының 71,9 пайызы әйел азаматтар еншісінде, қалған 28,1 пайызға ер азаматтар ие. «Әлеуметтік желі» бұл сөз 1954 жылы пайда болған. Оны американдық социолог Джеймс Барнс ойлап тапты. Алғашқы әлеуметтік желі компютерлік технологиямен қоса 1971 жылы пайда болды. Ол ақпарат алмасу үшін құрама штаттардың қарулы күштеріне арнап жасалды..

  1. Топқа бөлу.

Алдарыңызда әр түрлі әлеуметтік желілердің логотиптері берілді. Осы логотиптер арқылы топқа бөлініп отырсақ және осы әлеуметтік желіні не мақсатта пайдаланатынымыз жөнінде ой бөліссек.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ.  Әлеуметтік желі және сіз.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

  1. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

  3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  6. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

  8. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

  9. Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

  10. Биыл сіздіңі балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

  11. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

  12. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

  • Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

  • Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

  • Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

  • Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

  1. «Ашық айтсам…» жаттығуы; қорытынды:

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні___________________________________________

Менің тренингтік есімім_____________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________ Жүргізушіге ұсыныс_________________________________________________

__________________________________________________________________ Қолы__________________

  1. Рефлексия:

  2. Қорытынды:

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық.

  1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.

  2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру.

  3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!