Материалдар / Әлеуметтік желі әсері

Әлеуметтік желі әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік желінің қоғамға тигізер әсері баршаға мәлім.Соның ішінде жастар өз өмірлерін виртуалды әлеммен байланыстырып,шынайы өмірде өз жақындарымен араласуды қойды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2022
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік желі әсері

Әлеуметтік желі кез келген адаммен байланысудың, оның өмірін бақылаудың, оны талқылаудың алаңына айналып кетті. Бірінші тоқталғалы отырғаным әлеуметтік желідегі буллинг, яғни кибербуллинг. Әуелі анықтама беріп өтейін, желіде барлығымыз суретімізді жариялаймыз, ойымызды жазамыз, өміріміздің көрсетуге тиіс деп санаған бөлшектерімен бөлісеміз. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Кейде еш күдіксіз салған суретіміз қызу талқыға түсіп, сыртымыздан небір сөздер айтылып жатқанын байқамай қаламыз. Осы бағыттағы негативты хабарламалар мен пікірлер ашықтан – ашық та жұрт көзіне жария болып жатады. Мектеп жасындағы балалар бір – бірін мазақ ету, келемеждеу бағытында желіде түрлі дүниелер ұйымдастырып, ол көпшілікке тарап кетіп жатқанына да куәміз. Бұл бала психологиясына үлкен соққы болып тиеді.

Желіде әртістер мен әншілердің, блоггерлердің дәурені жүріп тұр, миллиондаған адам күн сайын тамашалап отырады. Сәйкесінше олар да өздерінің әдемі өмірлерін, шетелдерге саяхаттарын, сәнді киімдер мен зәулім үйлерін, бақытты сәттерін көрсетеді. Байқағанымыздай желіде бәрі мінсіз, барлығы сондай сұлу, бай, бақуатты, шалқып, тасып өмір сүруде. Ал осы көріністі күн сайын көрген жеке өмірінде мәселелері бар, қаржылық қиындыққа ұшырап жүрген қарапайым желі қолданушылары қызғанышпен қарайды. Әрі өзін – өзі бағалауы құлдырайды десек болады. Өзіне деген сенімсіздік пайда болып, өзін жолы болмайтын, өмірде ештеңеге жетпеген, қолынан түк келмейтін пайдасыз адам сезінеді. Бірақ шын мәнісінде, желідегі мінсіздердің де, өмірде шешімін таппай жатқан проблемалары барын ойламайды. Көзге көрінбеген, парақшада жоқ нәрсе, өмірде де жоқ деген сөз емес. Жай ғана оны камераға көрсетпеу қиын емес. Ақыр соңында бұл да өз күшіне өзі сенбеушілікке, өзін – өзі бағаламауға әкеліп соғады.

Желі тек қана байланыс құралы емес, онда саны жағынан шектеусіз ақпараттар, бейнелер мен суреттер жүктелген. Және өз парақшаларын жүргізіп отыратын мыңдаған адамдар бар. Ақпараттардың көпшілігін кез келген адам әлеуметтік желіге жүктей салады, ал қолданушылар болса, оның дұрыс, бұрыстығын тексеріп бас ауыртпайды. Керегі бар, керек емесі бар бәрін бірдей санасына қабылдап, сене беруге құмар. Ал оның ішінде біразы қолданушылар арасында дау тудырып, мәселені шиеленістіру мақсатында жарияланған жалған ақпараттар. Осының кесірінен ел ішінде неше түрлі қате пікірлер қалыптасады. Ал сансыз көп бейнелер мен суреттер адамдардың шамадан тыс бос уақытын алады. Желідегі дүниелерді адам баласы бүкіл ғұмырын арнаса да тауысып біте алмайды, оның ішінде пайдасызы қаншама. Бірақ соны біле тұра, түн ұйқысын қиып отырып желіге жұмсау, таңертең көзін тырнап аша сала ұялы телефонын іздеу күнделікті дүние айналып кеткен.

Қорытындылай келе, ақпарат соғысы жүріп жатқан заманда кез келгенін саралап, рас – өтірігін тексеріп барып тұтынған жөн. Әуелі өзіңізге сұрақ қойыңыз, бұл маған қаншалықты қажет, қандай пайдасы бар? Егер пайдасын көрсеңіз ғана, қолданғаныңыз абзал. Әлеуметтік желідегі парақшалар мен бейнелер де дәл солай. Өз психологияңызды өзгенің құртуына жол бермеңіз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ