Материалдар / "Әлеуметтік желілердің тиімді тұстары" Мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Әлеуметтік желілердің тиімді тұстары" Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні мұғалімі жазған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2019
519
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік желілердің тиімді тұстары XXI ғасыр – ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры. Осы ғасырдың басталғанына жиырмаға жуық жыл өтсе де, кейде ұшқыр технологияның ізіне ере алмай қалып жататын кезіміз де болады. Соңғы жылдары білім беру саласы да жаңартылып, оқулық материалдарын бала санасына сіңіруде бұрынғыдан мүлде өзгеше тәсілдер қолданып жүрміз. Жаппай жаңарамыз деп өзіміз түсінбейтін, байыбына бармаған әдіс-тәсілдерді де былағайлап қолданып кететініміз өтірік емес. Осы тұста балаға білім беруде жаңа технологиялардың тек нәтиже беретін тұстарын ғана қолдануды ұсынамын. Мысалы, әлеуметтік желілердегі ақпараттар. Халықтың көпшілігі күнделікті өмірде түрлі әлеуметтік желілерді тек бір-бірімен қатынас құралы ретінде пайдаланады. Шындап келгенде, әлеуметтік желі – адамдар өз қажетіне жарататындай ақпарат көздері жиналған пайлады дүние. Өзім география пәнінің мұғалімі ретінде шәкірттеріме өтілген тақырыпты нақтылау мақсатында «Инстаграм» желісін пайдаланамын. Түрлі тақырыптарды өту барысында желідегі географиялық парақшалар бізге қосымша материал ретінде немесе кітаптан алған біліміміздің дәлелдемесі ретінде көмекке келеді. Сонымен қатар, оқуышларға білім бере отырып, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында «Инстаграм» желісіндегі жиһанкез блогерлердің парақшаларын оқуды ұсынамын. Нақтырақ айтсам, Өркен Кенжебек, Динара Болат сынды қазақ блогерлері көптеген жас буын өкілдерін ғаламтор арқылы қызықтыра отырып тәрбиелеуде. Өзі психолог, әрі саяхатшы, әрі блогер Динара Болаттың парақшасынан өзі саяхат жасаған елдері туралы, олардың әдет-ғұрыптары, экономикасы, табиғаты жөнінде мол мағлұмат алуға болады. Тек әлем елдері туралы ақпарат беріп қана қоймай, олардың қоғамынан өзімізге үлгі етіп алатын тұстарын да қоса айтады. Блогердің әр жазбасынан балалар әр түрлі әсер алады. Мысалы, дамыған жетіліктің бірі саналатын Жапонияның ұшқыр экоономикасы мен қатаң білім беру саласы – бізді соған қарай ұмтылдырып, алға жетелесе, Үндістандағы әлі күнге дейін лашықтарда тұратын халықтың өмірі – Қазақстан сияқты бай қуатты елдің тумасы болғанымызға қуантады. Бұл парақшаның тек географиялық білім беруде ғана емес, өсіп, тұлға болып қалыптасып келе жатқан жас буынға психологиялық тұрғыдан да көмегі көп деп ойлаймын. Елбасымыз айтқандай, бүгінде жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. Біз, ұстаздар – болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті, дүниежүзілік өркениет пен мәдениеттен хабары бар жан-жақты, білімді болып өсуіне әсер етіп, бағыт-бағдар беруші болғандықтан, шәкірттерімізді заман ағымына сай етіп тәрбиелейік. Қолда бар мүмкіндіктерді шәкірт игілігіне пайдалана білейік. Балаларға білім берумен қатар, «көштен қалмаудың» жолдарын үйретейік. Сонда ғана еліміздің болашағын жаңашыл, білімді жастарға аманат ете аламыз. Күмісбай Жайнагүл Мұртазақызы Қарақұм орта мектебінің география пәні мұғалімі 8 775 666 52 10
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!