Материалдар / Әлеуметтік педагог

Әлеуметтік педагог

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2023
213
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Турлыбаева Гулнур Байзаковна

Әлеуметтану ғылымдарының магистірі

Аңдатпа. Бұл мақалада Әлеуметтік педагог мамандығының ертеңі мен болашағы жайлы жазылған, қазіргі заманғы заман талабына сай жасөспірімдік шақта дұрыс тұрғыда бағытбағдар беру әлеуметтік тұрғыда қажет деп ойлаймын. Сондықтан бұл мақалада қысқаша түрде мағлұмат беріп кетуді жөн санаймын.

Аннотация. В этой статье рассказывается о будущем и перспективах профессии социального педагога, я думаю, что в современном подростковом возрасте необходимо дать правильный ориентир. Поэтому я предпочитаю кратко изложить эту статью.

Annotation. This article describes the future and prospects of the profession of social pedagogue, I think that in modern adolescence it is necessary to give the right guidance. Therefore, I prefer to summarize this article.

Кілттік сөздер. Педагог, кадрлар, технология, депривациялық, проблемалар.


Ключевые слова. Педагог, кадры, технология, депривация, проблемы.


Key words. Teacher, personnel, technology, deprivation, problems.


ҚАЗІРГІ ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ»

МАМАНДЫҒЫНЫҢ ЕРТЕҢІ МЕН БОЛАШАҒЫ


«СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ» В СОВРЕМЕННЫХ УСЛОВИЯХ

БУДУЩЕЕ И БУДУЩЕЕ ПРОФЕССИИ


«SOCIAL PEDAGOGUE» IN MODERN CONDITIONS

THE FUTURE AND THE FUTURE OF THE PROFESSION


Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік – педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі [К.М.Арыбаева 2015, 6 ]. Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педа Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау –әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы [М.А. Галагузова Х.В.Мардахаев. М. Академия 2004 ж, 4].

Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.

Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және жетім балалар санының көбейіп отырғандығын айтсақ болады. Бұл проблема барлық менмлекеттерде бар мәселе . Бірақ та тірі ата-анасы бар кезде және олар мемлекет үшін товарға ацналып отырған кезде жаңа көрініс-әлеуметтік жетімдердің көбею қаупі туындауда (20-25 б, 2004 ж) .

Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін қалыптастырмай отыратындығында. Мемлекет пен сол елдің азаматының арасындағы қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.

Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік –демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.

Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде өзіндік, спецификалық көріністерге ие болған, ол қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшелігін көрсететін. 1990 жылдың басына дейін ол функцияны комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық, басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастар институтытоқырауға ұшырады. Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді. 1991-1993 жылдары балалар мен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің материалдық базасына үлкен зиян тигізді (10-19 б, 2007-2008жж). Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік органдарды құру, оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.

Жастар санасында өзекті дүние-өмірлік проблемаларының алуан түрлілігі болып саналады. Елімізде 500 оқушыға жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде төмендегі жағдайлар анықталды.

Оқушылардың аса маңызды өмірлік проблемаларының рейтингісі


1 кесте. Өмірлік проблемалары Бұл проблемаларды маңызды деп санаған адам саны Респонденттердің жалпы санының

Рейтинг

Өмірлік проблемалары

Бұл проблемаларды маңызды деп санаған адам саны

Респонденттердің жалпы санының

1

Мектептегі үлгерімі

250

50

2

Жеке қолданыстағы ақшасының жетіспеушілігі

184

37

3

Ата-анасымен қарым-қатынасы

134

27

4

Достарының және жақын адамының болмауы

134

27

5

Оқушы мен мұғалім арасындағы конфликт

94

20

6

Құрдастарымен қарым-қатынасындағы проблемалар

84

17

7

Бос уақытын өткізудегі проблемалар

34

7

8

Басқа проблемалар

15

3

[А.И.Ситиик. А.В.Мисько. М.Академия 2005 ж.]

Мәліметтерді талдай келе бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі күрделі процесс екендігін байқауға болады. Бұл қиындық алдымен өз болашағы үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады. Бүгінгі таңдағы оқушының прроблемаларының көзі мектеп болып отыр. Мектеп-оқушының біршама бөлігі үшін әлеуметтік бейімделіне жағдай жасай алмай отыр. Бұл жерде проблема тек қана оқушының үлгермеушілігінде болып отырған жоқ, мектеп-баланың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра алмай отыр.

Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.

Әлеуметтік қорғау – жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірді өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау-бұл әлеуметтік – экономикалық, құқықтық категория ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.

Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:

  • Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау

  • Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау

  • Адам құқығын қорғау

  • Мақсатты әлеуметтік қорғау

Бүгінгі тағдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенудегі қиыншылықтар оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтану процесінің жоспарды және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.

«Тұлға-отбасы-қоғам» жүйесінің өзара әрекеттесу жүйесінің үйлестірушісі бола отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер етеді. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету [Н.В.Аскеров. Е.В.Белова, Н.А.Мельникова М 2000г, 5]. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетінг, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын адамдар. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.

Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.

Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының , педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.

Балаларды әлеуметтік – педагогикалық қолдау – баламен бірге оның өзіндік көзқарасын , мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.

Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум – әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен , оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды.

Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.

Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Сонымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.

Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік – қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.

Әлеуметтік педагог – өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар – бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Педагогика және психология» А.Мектеп-2002 ж.

2. «Методика и технологии работы социального педагога» М.А. Галагузова Х.В.Мардахаев. М. Академия 2004 г.

3. «Методическая помощь социальному педагогу образовательного учреждения но ведению текущей дакументации» А.И.Ситиик. А.В.Мисько. М.Академия 2005

4.«Методика и технологии работы социального педагога» Н.А.Шентенко.Г.А.Воронина М.Академия 2002 г.

5.Шпаргалка по социологии Н.В.Аскеров. Е.В.Белова, Н.А.Мельникова М 2000г.

6. «Девиантты мінез-құлық жасөспірімдерімен түзетушілік- педагогикалық жұмыс атқару» К.М.Арыбаева Шымкент 2015ж

7.Профилактика подросковой девиации: Теория и практика А.И.Тееленко М.С.Керимбаева А.2005г.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ