Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әлеуметтік педагог-ізгіліктің мәртебесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы
Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Шығармашылық тақырыбы:
Әлеуметтік педагог –ізгіліктің мәртебесі.
Мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету
іс-тәжірибемнен
Әлеуметтік педагог: Сарыпбекова А.А
Түлкібас поселкесі
2017 жыл
Әлеуметтік педагог –ізгіліктің мәртебесі.
Мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету іс-тәжірибемнен
КІРІСПЕ
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бала жақсы дамып, салауатты өмір салтын ұстанып толыққанды білім алуы үшін құқықтық, әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғалып, қаржылық, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі керек.
Қазақстан 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды:
-
Баланың өмір сүру құқығы
-
Баланы қорғау
-
Дамуына жағдай жасау
-
Қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу.
Біздің елімізде адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, білім алуын, еңбек етуін мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР-ның Конституциясы – еліміздегі барлық Заңдардың негізгі басты құжаты. Конституция негізінде Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңы 2002 ж. 8 тамызда қабылданды. Осы заңдардың шеңберінде кез келген ҚР азаматтары құқықтарын пайдалана отырып толыққанды өмір сүре алады.
Баланың бастапқы әлеуметтену процесі мектепте өтетіндіктен ол процеспен мектепте «Директордың балалық шақты әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары айналысады»
/Білім беру ұйымдарының лауазымдық нұсқаулықтары. 2011 ж./
Белгісіз себептермен бұл лауазымдық қызметтің мәртебесі төмендеп мектептердің штаттық кестесінде әлеуметтік педагог деп аталып жүр.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты –оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.
Елбасы Н. А. Назарбаевтың 2010 - 2020-шы жылдарға арналған «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында келесі стратегиялық бағыт көрсетілген:
Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті- Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік қорғауды нығайту.
Осы жолдауда айтылған стратегиялық бағытты іске асыру мақсатында мектебімізде әлеуметтік саламыздағы басты басымдық оқушыларды оқумен қамту, оқулықтармен ,ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, сауықтыру демалыс орындарында демалуларына жағдай жасау, т.б. материалдық көмекпен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мектеп әлеуметтік педагогының жетекшілігімен балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және олардың жан жақты дамуына жағдай жасау, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым- қатынасты құру , оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу жұмыстарына сынып жетекшілері жыл бойы көп көңіл аударады.
«Ең бақытты шақ» дегенімізбен, балалық шақта, бала денсаулығының кейбір кемістігі, отбасындағы кейбір келеңсіздіктер бала жүрегіне қаяу түсіреді.
Біздің қоғамдық жүйеміз бала көңіліне қаяу түсірмеу үшін әрекет етеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендігі атап айтылған. Еліміздегі барлық білім беру орындарының басшыларына қамқорлықсыз қалған балалардың болмауы, аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен жетім және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше қамқорлық көрсету тапсырылған.
Еліміздегі экологияның бұзылу салдарынан және басқа да себептерден туа біткен, тұқым құалаған, жүре пайда болған аурулар көбейіп, олар бала жүрегін жасытып отыр. Тіптен олардың саны көбеюде. Мемлекетіміз бен Елбасымыз осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетуді қолға алып, мүмкіндігі шектеулі балалардың да қоғамдық құбылыстардың,қоғам дамуының бел ортасында бола алатындығына барынша жағдай жасауда.
Осыған байланысты мектептің әлеуметтік педагогы балалармен жұмыстар жүргізуде жоғарыдағы мәселелерді ескеріп отырса балалар өміріндегі мұңды күндер азайып өмірге құштарлығы артуы сөзсіз.
Сонда ғана «бақытты балалық шақ» деген сөз тіркестерін ұялмай айта алатын боламыз.
Әрбір педагог бүгінгі таңда «Қоғамымыздағы баланы қалай қорғасақ екен, жағдайын жасап, дұрыс қалыптасуына қалай әсер етсек екен» деген сұрақтарға үнемі жауап іздеп жүруіміз керек.
Әлеуметтік педагогтардың негізгі міндетінің өзі де отбасындағы баланың жағдайын зерттеп қадағалау, мемлекет, қоғам, отбасы және мектеп байланысын орнықтырушылық.
Қиын бала, жағдайы төмен отбасы балалары, қамқорлықтағы бала, сәтсіз отбасындағы балалармен т.б. жұмыстар жүргізіп, баланы қоғамнан алшақтатпай, дұрыс тәрбиелеу осы саладағы педагогтар жұмыстарының басты міндеттерінің бірі болып қала береді.
Мектептегі әлеуметтік педагог-оқушының өз дәрежесінде қоғамымызда әлеуметтенуі үшін жоғарыдағы міндеттердің шешілуіне өз тарапынан белсенділік танытса нұр үстіне нұр болып мемлекетіміз бен елбасымыздың тапсырмаларының орындалуына септігі тиер еді.
Мен, Сарыпбекова Анар Амангелдіқызы, Түлкібас поселкесі Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы қызметін лауазымдық жалпы ережені, лауазымдық міндеттерді, жүктелген жауапкершілік талаптарын, өзара қарым-қатынас пен лауазымдық байланыс аясын ескере отырып жасалынған жылдық жоспар негізінде атқарып келемін.
Ж
Оқушылармен жұмыс
Отбасымен жұмыс
Сынып жеткшілермен жұмыс
Оқушылардың дамуына ықпал ету жұмыстары
Педагог –психологпен бірлескен жұмыс
Әлеуметтік педагог
Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары
Медбикемен бірлескен жұмыс
Қиын және құқықбұзуға бейім оқушылармен жұмыс
Қамқоршылық және қорғаншылық жұмыс
ДТІЖО, әлеуметтік педагог ,КТІЖБ бірлескен жұмыс
Лауазымдық міндеттердің ішінде:
-
Бала құқықтарының бұзылмауы мен заңды мүдделерінің қорғалуы
-
Баланың рухани, адамгершілік болмысының дамуына, парасатты, салауатты адам болып қалыптасуына ықпал ету
-
Мұқтаж балаларға дер кезінде моральдік, әлеуметтік, материалдық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөліп мұқтаждық көніл-күйді сейілтуге қолымыздан келгенінше жұмыс жасап келеміз
Бұл жұмыстар бір-екі күнде орындала қоятын жұмыс емес. Ондай жұмыстарды іске асыру үшін тәртіпке келтірілген, жүйелі ізге түсірілген шығармашылық еңбек, ұзақ мерзімді ізденіс пен зерттеу, зерделеу, орындау жұмыстары жолға қойылған болуы керек.
Сонымен мұқтаж оқушыларға мектеп қабырғасында қандай көмек көрсетіп, қалай қолдау жасауға, қолтығынан демеп бір сәт те болса олардың көңіліне қаяу түсірмей қамкөңіл күйлерін қалай көтермелеуге болады?
І Қаражат көздері:
1.Елімізде мектеп жасындағы мұқтаж балаларды материалық қолдау мен әлеуметтік қорғау, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жалпы орта білім беру қоры құрылған. ҚР «Білім туралы» заңының (2007ж.27 шілде) 4 бабы 21 тармақшасын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Үкіметі 2008 ж. 25 қаңтардағы №64 қаулысымен «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін» бекітті.
2. Жергілікті атқарушы органның бюджетінде қарастырылған жалпы білім беретін мектептерді ұстауға арналған шығындар сомасынан 1%-дан кем емес мөлшердегі аударымдар.
3. «Мектепке барар жол», «Балаға мейірім сыйла», «Мейірімді жандарға мың алғыс», «Мейірімді жүрек», «Аялайық жас ұрпақты дәріптеп», «Балаларға бірге көмек берейік» акцияларын өткізу.
4. «Біздің тұрақты демеушілеріміз» кездесу кештерін өткізу
5. «Біз Қызыл –Ай қоғамының мүшесіміз» іс-шара өткізу
6. Президент шыршасы, Облыс әкімінің шыршасы, аудан әкімінің шыршасы мерекелеріне оқушыларды қатыстыру
7. «Бұлар біздің оқушыларымыз» мұғалімдер мен ата-аналар акциясын ұйымдастыру
8. Поселке аумағындағы түрлі мекемелердің, парктердің айналасын таза ұстап көгалдандыру мақсатында «Біз үлкендерге көмек береміз» атты сембіліктер өткізу. Өз кезегінде үлкендер мен мекеме басшылары да мектепке (оқушыларға) қарай бет бұрады. Жылымық атмосферасы қалыптасады.
Осындай іс-шараларды мәжбүрлеу емес мерекелік көңіл –күймен шын жан-ашырлық пен ұйымдастыра білсек қомақты қаржы көзін қарастыруға болады.
Бүгінгі күні еліміз кең көлемді экономикалық дағдарыстың қиын –қыстау кездерін бастан кешіріп отыр. Сонымен қатар ел халқының басым көпшілігінің күн көрісіне, табыс көзіне оң ықпалын тигізер ауыл шаруашылығы оның ішінде шаруа қожалықтары, шағын және орта кәсіпкерлік, шикізат өңдеу саласы, түрлі жаңашыл шағын, орта,ірі жобалар да аяқтарынан нық тұрып кете алмай жатыр.
Осындай объективті және субъективті жағдайлар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді өз деңгейінде ұйымдастыруға кері әсерін тигізіп отырғаны жасырын емес.
Ол проблемалардың бір сыпырасы мыналар:
-
Оқушылардың жекелеген топтарының ата-аналарының жұмыссыздығы
-
Өзін-өзі қамтамасыз етіп жүрген ата-аналардың табыс көзінің төмендігі
-
Вахталық жұмстағы ата-аналардың ұл-қыздарына ата-ана бақылауының нашарлауы
-
Бюджет қызметкерлерінің жалақысының төмендігі
-
Сәтсіз отбасы балаларының көңіл- күйлерінің төмендігі
-
Жетім және жартылай жетім балалардың жағдайы
-
Жалғызілікті жанұя балаларының жағдайы
-
Ажырасқан ата-аналардың балаларының жағдайы
-
Мүгедек балалардың жағдайы
-
Жекелеген топтағы оқушылардың ақыл-ойының дамуындағы тежелгендік
-
Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының жағдайы
-
Түзету- дамыту (инклюзивтік) тобындағы оқушылардың жағдайы
-
Үйден оқытылатын оқушылардың жағдайы т.б.
Өкінішке орай оқу және тәрбие үдерісінің әлсіреуіне себеп болатын сипаттамалардың толық тізімі бұл ғана емес.
Мектептің әлеуметтік педагогы осы жағдайлардың бәріне толыққанды талдау жасай білсе, бар мүмкіндіктерді жанашырлықпен, іскерлікпен тиімді ұйымдастыра алса ата-аналармен, сынып жетекшілермен, педагог-психолгпен, тәлімгермен, медициналық қызметкерлермен ынтымақтаса жұмыс істеп мектеп басшылығынан қолдау тауып отырса жоғарыда айтылған жағдайлардың ауыр салдарларын едәуір жеңілдетуге көп көмектесіп, септігін тигізе алады. Оны іс жүзінде көріп те жүрміз.
Мұндай жағдайларда мемлекеттің мүгедек балаларға, көп балалы аналарға, аз қамтылған жанұяларға, жаңа босанған аналарға, қамқоршыларға т.б. өмірлік қиын жағдайларға кездескен балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік, қаржылай материалдық көмек көрсетуі, тұрақты демеушілердің қайырымдылық істері, түрлі акциялар мен басқа да қайырымдылық іс-шаралар үлкен роль атқарады.
ІІ Әлеуметтік, қаржылық, материалдық көмек кімдерге көрсетіледі?
1.Мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балаларға
2. Жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасынан шыққан оқушыларға
3. Жетім және жартылай жетім балаларға
4. Көп балалы отбасынан шыққан балаларға
5. Мүгедек балаларға
6.Үйден оқытылатын балаларға
Осы топтағы әлеуметтік қорғалмаған отбасыларына және басқада мұқтаж балаларға көмек көрсету жұмысы:
1). Сыныптар бойынша әлеуметтік карта құрудан басталады.
2). Жергілікті әкімшілік тарапынан жасалынған әлеуметтік картаға ілінген оқушылар тізімі жасалады.
3). Жоғарыда көрсетілген топтардағы балалардың тізімдері сынып жеткшілерінің ұсынуымен әлеуметтік педагог,ата-аналар комитеті, жергілікті әкімшілік мүшелерімен жасалады.
Осы мақсаттарға бөлінетін қаржыны мақсатты жұмсау білім мекемесінің басщысы арқылы қамтамасыз етіледі. Түсімдерді есепке алу және есеп берушілік, қаражат пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектеп бұйрығымен бекітілген құрамында бес адамы бар жалпыға міндетті орта білім беру қорының қаражатын бөлу жөніндегі комиссия ұсынылған құжаттардың жиынтығын қарастырады. Олар мұқтаж отбасыларының «Жалпыға міндетті орта білім беру қорынан», жергілікті әкімшілік тарапынан бөлінген қаражаттан және басқада түсімдерден көмек алу құқығы бар екендігін анықтайды.
Жалпыға мінтетті орта білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақ ұйымдастыру.
Ресми статистика мектеп оқушыларының денсаулықтарының төмендеп бара жатқандығын айтып отыр.Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметтері бойынша мектеп оқушыларының 80-90 пайызында денсаулық жағдайының түрлі деңгейдегі ауытқушылықтары, 40 пайызында созылмалы ауырулары бар. Оқушылардың тек қана үштен бір бөлігінің денсаулығын дұрыс деп есептеуге болады. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқу күнінің соңына қарай ойын жинақтай алмауы- қалыпты жағдай болып отыр. Балалардың көпшілік бөлігі тез ашуланшақ, физикалық әлсіздігімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайлардың себептері көп: бұл әлеуметтік мәселелер, мектептегі ұтымсыз академиялық жүктеме, нашарлап бара жатқан экология, дұрыс толыққанды тамақтанбау, тамақтанған күндегі тамақ өнімдерінің, оларға қосылатын түрлі қоспалардың сырттан әкелінетіндігі, ол өнімдердің Қазақ тамақтану академиясының –Т.Ш.Шарманов стандартына сәйкес келе бермейтіндігі, пайдалы спорттық және еңбек қимылдарының аздығы, гиподинамия т.с.с.
Осындай жағдайлар оқушылардың денсаулықтарын нығайтуды және қорғауды басты міндет етіп отыр.
Сондықтанда бүгінгі таңда мемлекет «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына» енгізіп отырған «Жалпыға міндетті орта білім беру қорынан» оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру мен оларға бас киім, киім, аяқ киім және т.б. оқу құралдарын сатып алуға қаражат бөлуі мұқтаж балалар және олардың отбасылары үшін үлкен қолдау болып табылады.
Сонымен қатар тубдиспанцер ұсынымы ,мектеп дәрігері және медбикенің баянхаты мен қолдаухатының негізінде оқу жылының ішінде химиялық препараттарын алатын тубвиражды оқушыларды тамақтандыру да жолға қойылып отыр.
Қаражаттың қалған бөлігі жазғы каникул кезінде мектеп жанындағы лагерде аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, жетім, жартылай жетім, қамқорлықтағы оқушыларды тамақтандыру төлеміне аударылады. Тамақтандырудың есебі және бақылау оқу кезеңінде де жазғы демалыс кезінде де жүргізіледі.
Мұқтаж балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, қаржылай, материалдық көмек беру, адамгершілік рухани және моральдік тұрғыдан жәрдемдесу туралы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына өз үлесімізді қоса отырып 2016 -2017 оқу жылында атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып өтейін.
Мектепте биылғы оқу жылында 610 оқушы білім алуда.
Оның ішінде әлеуметтік толық қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасыларда тәрбиеленген білім алушылардың саны-50, жанұя саны -28.
-
Жетім бала саны -1.
-
Жартылай жетім балалар саны-36.
-
Көп балалы отбасы-19, балалар саны-70.
-
Толық емес жанұясы-18, балалар саны-28.
-
Үйде оқытылатын оқушы саны-6.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 4-бабы 21 тармақшасын жүзеге асыру мақсатында мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсетуге арналған қаражат оқушылардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының жеке өтініштері негізінде бөлінеді. Өтініштермен бірге жағдайларын растайтын құжаттар № 64 қаулы бойынша бірге тіркеледі.
1. Әлеуметтік картаға енген және әлеуметтік картаға енбей қалған, жетім, жартылай жетім, және аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы балаларына «Міндетті білім қорынан» әр оқушыға 12000 теңге қаржы бөлініп, 45 оқушыға материалдық көмек берілді. (Жалпы соммасы 540000теңгені құрады)
2. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов «Балам деген Ел болмаса, Елім деген бала қайдан шығады»- деген. Елімізде жыл сайын 1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні» ретінде кеңінен аталып өтуде. Мектебімізде осы мерекеге байланысты ұйымдастырылған іс-шараға Түлкібас поселкесі әкімшілігінің қызметкерлері, Қызыл ай қоғамының қызметкерлері және әлеуметтік картада тұрған, әлеуметтік картаға енбей қалған, жетім, жартылай жетім, және аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы ата-аналары қатысты.
Қызыл ай ұйымының төрайымы сөз сөйлеп, балаларды құттықтап сыйлықтарды тапсырды. Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 12 оқушысы сапалы қысқы сырт киімдер алды. Әр сырт киімнің бағасы 15000 теңге (жалпы соммасы 180000 теңге) Олар:
№ |
Оқушылардың аты -жөні |
Әлеуметтік статустары |
Сыныбы |
1 |
Азамқұлова Гозал |
Аз қамтылған |
5 «А» |
2 |
Нұрлыхан Нұрай |
Жартылай жетім |
1 «А» |
3 |
Нұрлыхан Нұрхан |
Жартылай жетім |
4 «А» |
4 |
Қуанышбеков Рамазан |
Аз қамтылған |
7 «Ә» |
5 |
Усман Әнел |
Жетім |
2 «Б» |
6 |
Исақ Біржан |
Аз қамтылған |
7 «А» |
7 |
Қонарбай Райхан |
Аз қамтылған |
6 «А» |
8 |
Умбетов Таңатар |
Аз қамтылған |
7 «Ә» |
9 |
Умирбай Тоқжан |
Аз қамтылған |
8 «Ә» |
10 |
Утеули Абзал |
Аз қамтылған |
3 «Б» |
11 |
Таласбек Мария |
Аз қамтылған |
9 «Ә» |
12 |
Залкан Нұргүл |
Жартылай жетім |
9 «А» |
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 14-қосымшадағы «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес, жазғы демалыста «Б. Саттарханов» сауықтыру легерінде 21 оқушы, бір оқушыға шаққанда 26000 теңгелік жолдамамен демалды. (жалпы соммасы 546000 теңге)
4. ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқауына сәйкес облыс әкімдігінің шешімімен 9 –ші рет республикалық «Мектепке жол» акциясы (2016 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек) биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» деген үндеумен өтті.
Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына материалдық көмек көрсету және олардың оқумен толық қамтылуын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы тамыз айының 22 жұлдызында ұйымдастырылған.
«Мектепке жол» атты акциясына екі оқушы қатысты, мектептің
6а –сынып оқушысы Ерубай Айнұрға аудандық маслихат депутаты Қ. Ахметов 20000 теңге және 4б сынып оқушысы Абдраманов Асылжанға Түлкібас поселкесінің әкімі Б. Құлманбетов 20000 мың теңге қаржылай жәрдем берді.
5. Осы іс-шараның жалғасы ретінде мектебімізде 2016 жылғы тамыз айының 25 жұлдызында «Мектепке жол» атты акциясы өткізілді, мектеп ұстаздарының демеушілігімен 7ә сынып оқушысы Қуанышбеков Рамазанға аяқ киім,киім мен оқу құралдары берілді.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы
№ 173 қаулысына сәйкес мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен тегін қамтамасыз етілді.
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 6-қосымшадағы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес, жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына бір мезгіл ыстық тамақпен 45 оқушы қамтылған. Әр оқушы күніне 261 теңгеге ыстық тамақ ішеді.
Ай сайын ыстық тамаққа бөлінген қаражат есебін аудандық білім бөлімінің есеп бөліміне тапсырып отырамыз.
8. Қараша айында мектепішілік «Балаға мейірім сыйла» атты акция ұйымдастырылды. Акциядан түскен қаражатқа үйде оқытылатын 4 «А»-сынып оқушысы Камал Нұрай, 8 «Ә» сынып оқушысы Өмірзақ Нұрсулу, 6 «А» сынып оқушысы Лесбек Балжан, 6 «А» сынып оқушысы Мекенбай Жандос, 7 «Ә» сынып оқушысы Тұрғанбек Дамирлерлерге оқу құралдары алып берілді.
9. Үйде оқытылатын 4 «А»-сынып оқушысы Камал Нұрай, 8 «Ә» сынып оқушысы Өмірзақ Нұрсулу, 6 «А» сынып оқушысы Лесбек Балжан, 6 «А» сынып оқушысы Мекенбай Жандос, 7 «Ә» сынып оқушысы Тұрғанбек Дамирлердің үйлеріне барып сабақтарының өтілуі барысын қадағалап, әлеуметтік жағынан зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің инспектор қызметкерлерімен оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл орайда әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына ерекше көңіл бөліп отырамыз.
10. Желтоқсан айында мектепішілік «Мейірімді жандарға мың алғыс» атты акция ұйымдастырылды. Акциядан түскен қаражатқа 10 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар алып берілді.
-
-
қ/с
Оқушылардың аты-жөні
Сыныбы
Әлеуметтік жағдайы
1
Тоғабай Арайлым
1а
Аз қамтылған
2
Кульчимбаева Іңкәр
1ә
Аз қамтылған
3
Тұрғанбай Болатбек
1ә
Аз қамтылған
4
Умирбай Ердаулет
1ә
Аз қамтылған
5
Кеңесбай Асқар
2а
Аз қамтылған
6
Альчимбаев Бейбарыс
2а
Аз қамтылған
7
Ұсман Әнел
2б
Тұл жетім
8
Балтабай Жаннұр
2ә
Аз қамтылған
9
Узақбай Балнұр
2ә
Аз қамтылған
10
Самет Айдана
2ә
Аз қамтылған
-
11. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үйлеріне барып қамқоршылардың жандарына жақын болдық. Бұл оқушы 2б- сынып оқушысы Усман Әнел қамқоршысы Нурбекова Анар . Қамқоршы күнінде қамқоршысы Нурбекова Анарға 15000 теңге көлемінде сыйлық берілді .
12. Желтоқсан айының 26-жұлдызында аудан әкімінің шыршасы ұйымдастырылды, оған мектебімізден 2б сынып оқушысы Усман Әнел мен 2а сынып оқушысы Исақ Тоғжан және 2ә сынып оқушысы Умирбай Ақнұр қатысып қол шатыр мен тәтті сыйлықтар алды.
13. Жоспарға сәйкес ата-аналармен тренинг сабақтар өткізіп отырамын, мұндағы мақсат - мектеп өміріне ата-ананың қатынасу деңгейін нығайту,отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру,баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуындағы ата-ананың рөлін көтеру.
14 «Аман өсіп, ел тағдырын ойлайтын ұл болсын деп, аялаймыз жас ұрпақты дәріптеп» тақырыбында мектебімізде әлеуметтік педагогтардың аудандық семинары өткізілді.
Семинар барысында Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы мен А. Сарыпбекова «Аман өсіп, ел тағдырын ойлайтын ұл болсын деп, аялаймыз жас ұрпақты дәріптеп» тақырыбында көлемді баяндама жасап сонымен қатар «Бала құқы, ата-ана мен қоғамның міндеті» тақырыбында пікірталас сабағын өткіздім, Семинар жұмысына АББ-нің басшысының орынбасары М. Тұрғынбаев, балалардың құқығын қорғау бойынша бас маман Казима Контаева және аудан мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысып жылы лебіздерін білдірді.
Наурыз айында қыздар арасында «Қыз өссе- елдің көркі...» атты домалақ үстел ұйымдастырылды қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамытуды қалыптастыру.
Осы айтып кеткен жұмыс көлемінің бәрі бүгінгі біздің сынып жетекшілермен бірге атқарып отырған жұмысымыз. Бүл жұмыс өзінің жалғасын алдағы уақытта да табады деп білеміз.
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында отбасылық сайыстар өткізіліп отырады, ондағы мақсатымыз жетім, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына жайдары отбасылық мейрам сыйлау.
Жоспар бойынша өткеізілген тренинг сабақтар мейірімділік, кайырымдылық туралы түсініктерін кеңейтуге, қамқорлық жасауға бағытталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2017 жылы 25 сәуір күні Шымкен қаласы №87 жалпы орта мектеп базасында аудандық, қалалық білім бөліміндеріне қарасты білім беру ұйымының әлеуметтік педагогтар үшін «Ең үздік әлеуметтік педагог» тақырыбында облыстық байқау өткізілді, байқауда Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагог А. Сарыпбекова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Біздің қоғамымыз бала мүддесі мен оның қызығушылығына әрекет етеді. Адам өміріндегі игі істердің бірі мұқтаждарға қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасау. Осыған байланысты мектепте кең ауқымды игі жұмыстар жүргізіліп отырды.
Ол жұмыстардың басты мақсаты:
-
кеңес берушілік
-
ағартушылық
-
ұйымдастырушылық
-
әлеуметтік оңалту
-
ортаға оқушыны бейімдеу, әріптестерге көмектесу
-
сақтандырушылық
-
түзету
-
заман талабына сай шәкірттерге көмек беру
Мұндай жұмыстар адам өміріндегі құндылық аясын арттырады. Бала жүзіне қуанышты күлкі үйіріліп, өзін бақытты сезінгенін көрудің куәсі болдық.
Халық ақыны Музафар Әлімбев: «Шәкіртке ұстаз болу –ізгілік, ұстазға ұстаз болу-даналық» дегендей әрбір әлеуметтік педагогтың өз ісінде мектептегі сынып жетекшілеріне де көмегі тиері сөзсіз.
Ол әріптестеріне бала тәрбиесінде көмек берушы тұлға, оқушының өз дәрежесінде қоғамымызда әлеуметтенуі үшін өз тарапынан белсенді жұмыс жасайтын жанашыр ұстаз болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметін ұйымдастыру және іс-қағаздарды жүргізу (әдістемелік нұсқаулық) .2013 жыл А.Қ. Бөкешова, М.М.Раимбаева, Ж.А. Игілік
-
Әлеуметтік педагог қызметін ұйымдастыру және жоспарлау (әдістемелік нұсқаулық) 2012 жыл А. Панова
-
«Психологя негіздері» Қ. Жарықбаев 2005 ж.
-
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
-
Әлеуметтік педагог және өзін өзі тану журналы № 5-6, 2016 ж.
-
Интернет материалдары.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс есебі, зерттеу жұмыстарының нәтижесі
Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің әлеуметтік картада тұрған, және әлеуметтік картаға енбеген, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған , жалғыз ілікті,ажырасқан, көп балалы, үйде оқытылатын, құжатты жоқ, отбасы балаларына 2016-2017 оқу жылындағы көрсетілген әлеуметтік көмек мәліметі
Ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны 45 күніне 261 теңге |
Демеушілер есебінен ыстық тамақ ішетін оқушы саны 10 күніне 261 теңге |
Жалпыға міндетті орта білім беру қоры есебінен 45 ата-анаға 12 000 теңге қаражат берілді |
Жазғы сауықтыру лагеріне 21 оқушы жіберілді Әр жолдама 26000 теңге |
Дмеушілер есебінен қаражат алған оқушылар саны -5. Әр оқушы 20000 теңгеден |
Аудан әкімі шыршасына 3 оқушы қатысты . Әр оқушыға 5000 теңгелік сыйлықтар берілді |
Мектеп ішілік жаңа жыл мерекесіне 10 оқушыға сыйлықтар берілді |
«Қызыл ай» қоғамдық ұйымынан 12 оқушыға сырт киім берілді. Әр сырт киім бағсы 15000 теңге |
Қамқоршылар күніне 1 оқушыға 15000 теңге берілді |
Үйде оқытылатын 7 оқушыға 3000 теңгеден оқу құралдары әперілді |
Мұғалімдердің демеушілігімен құжаты жоқ екі оқушыға 25000 теңге қаражат құжаттарын әзірлеуге берілді |
Қыркүйек -171701 |
Қыркүйек - 6003 |
540000 теңге |
546000 теңге |
100000 теңге |
15000 теңге |
20000 теңге |
180000 теңге |
15000 теңге |
20000 теңге |
25000 теңге |
Қазан -275871 |
Қазан -6264 |
|||||||||
Қараша-231768 |
Қараша-6264 |
|||||||||
Желтоқсан-247689 |
Желтоқсан-6003 |
|||||||||
Қаңтар -217676 |
Қаңтар -5220 |
|||||||||
Ақпан - 267982 |
Ақпан -6264 |
|||||||||
Наурыз -167823 |
Наурыз -4435 |
|||||||||
Барлығы: 1,580 515 теңге |
Барлығы:40453 |
|||||||||
Міндетті білім қорынан жұмсалған қаражат– 2,666 515 теңге |
||||||||||
Демеушілер есебінен жұмсалған қаражат - 375000 теңге |
1