Материалдар / «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы жайлы не білу қажет?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы жайлы не білу қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен мұғалімдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы жайлы не білу қажет?

Экономиканың өзгеруі, технологияның дамуы, әлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтардың өрши түсуі балаларға білім беру мен тәрбиелеу жағдайын өзгертуге қажеттілік туындады. Осыған байланысты Қазақстанның бірқатар жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы енгізіліп, мамандар даярлай бастады.

Қазақстанда «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мамандарды даярлау балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуымен қатар жүріп келеді. Қазіргі таңда елімізде дамуында кемістігі бар балалар мен өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек көрсететін көптеген арнайы ұйымдар ашылып жатыр.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша даярлау ҚР Мемлекеттік жіктеліміне сәйкес жүзеге асырылады және үш деңгейде жүргізіледі: балавриат, магистратура және докторантура. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірушілерге «Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектептегі әлеуметтік педагог» біліктілігі беріледі. Енді, әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімдерінің атқаратын қызметін толығырақ қарастырайық.

Әлеуметтік педагог деген кім?

Қазақстанда «әлеуметтік педагог» мамандығы ресми түрде 1991 жылы жария құжаттарда ресми түрде тіркелген.  Алайда әлеуметтік педагогтың жұмысы шамамен 2000 жылдардың соңына таман пайда болды.

Әлеуметтік педагог – бұл балалар мен жасөспірімдерге қоғамда әлеуметтенуіне, дербес тұлға бола отырып, онда өз орындарын табуға көмектесетін маман.

Әлеуметтік педагог қызметінің объекті – әлеуметтену барысында көмекке мұқтаж балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Бұл санатқа толыққанды әлеуметтік тәрбиенің тапшылығы салдарынан туындаған интелектуалды, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ауытқулары бар балалар, сондай-ақ, физикалық, психикалық немесе интеллектуалды дамуында бұзылыстары бар балалардың көп бөлігі жатады.

Әлеуметтік педагог қызметінің міндетін баланың қоғамға интеграциялануына,  оның дамуына, тәрбиесіне, білім алуына, кәсіби қалыптасуына көмек көрсету, басқаша айтқанда баланың әлеуметтенуіне көмек көрсету ретінде анықтауға болады.

Сәйкесінше, әлеуметтік педагог қызметінің мақсаты баланың психологиялық жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін жағдайлар жасау, отбасыдағы, мектептегі, жақын ортадағы және басқа социумдардағы теріс құбылыстардың алдын алу мен жеңудің әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық, педагогикалық механизмдердің көмегімен оның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Көріп отырғанымыздай, әлеуметтік педагог жұмысының мектеп мұғалімінің жұмысынан айырмашылығы, олар үйде де, көшеде де, мектепте де, қоғамдық және басқа ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс істеуінде көрінеді.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша даярланған мамандар әлеуметтік педагог біліктілігімен қатар «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі біліктілігін алып шығады.

«Өзін-өзі тану» пәні не үшін қажет?

«Өзін-өзі тану» пәні  – бірегей пән. Бұл пән адамның өз-өзін түсінуге, өзінің ішкі әлеуетін ашуға және пайдалануға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес әрі ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғаса береді.

«Өзін-өзі тану» пәні мектептерде 1-11 сынып аралығында оқытылады және басқа пән салаларының маңыздылығын кемітпей, олардың тұлғалық-бағдарлық сипатын еселей отырып, оқушының адамгершілік, адамзатты сүю және қайырымдылық рухында тәрбиеленуіне көмектеседі.

«Өзін-өзі тану» пәні оқу пәні ретінде тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуды көздейді. Қазақстандық қоғамдағы өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оларға рухани-адамгершілік білім беру жалпы ұлттық, адамзаттық, этномәдениеттік және жеке тұлғалық құндылықтарға негізделген. Олар адамға қоғамда қызмет етуде өзін толықтай танып білуіне, өмірдегі өзінің орнын ұғынуға және ролын түсінуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білім берудің құндылығын күшейтеді, тұлғаның  ең маңызды риясыз сүюін ашып және дамуын көрсететін, өзіне және өзінің күшіне сенуге, жақсылық жасауға, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімге жетуде өзін жетілдіруге және түсінуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар қайда жұмыс істей алады?

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар келесідей салада жұмыс істей алады:

мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттерде);

әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);

мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мамандандырылған білім беру мекемелерінде);

—   өскелең ұрпақты қоғамдық ортада тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен байланысты мекемелерде (түзету және оңалту орталықтарында, арнайы мектептерде, колонияларда);

балалардың тынығуын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен байланысты мекемелерде (қоғамдық ұйымдарда, балалар клубтарында, студияларда, сауықтыру лагерьлерінде, аниматорлық қызметте).

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетуде өте маңызды мамандықтардың бірі болып табылады. Сондықтан да, аталмыш мамандықтың адам өмірінде де, қоғамға да қосар үлесі зор



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!