Материалдар / Әлеуметтік педагогикалық қызметтегі отбасы мен мектептің ынтымақтастығының ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогикалық қызметтегі отбасы мен мектептің ынтымақтастығының ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагогтарга баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік педагогикалық қызметтегі отбасы мен мектептің ынтымақтастығының ерекшеліктері


Исакулова А.Т

Т.Рысқұлов ауданы,

4шағын орталықты орта мектебі


Бүгінгі күні әлеуметтік педагог қызметінің негізгі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделе отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар әлеуметтік педагог өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен әлеуметтік жағдайларды көрсететін басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Жалпы әлеуметтік педагог қызметі үш негізгі бағытта жүргізіледі:

-Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық, қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді;

- иииииииии әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;

- баланың жан-жақты дамуына психологиялық жағдай жасау;

Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың ішінде казіргі уақытта мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы ерекшелігі келесі бағыттарда айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық – педагогикалық жұмыс; ата-анадардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

Ата-аналармен ұйымдастырушылық- педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялар сияқты формалар арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналар комитеті- ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (ол жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын) төрағадан 4-5 мүшесінен тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер бүтін комиссияның ынталы топтары құралуы мүмкін.

Дұрыс және жөнді қызмет ететін ата-аналар комитеті- сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық , орындаушылық, бастамашылық, тірбиелік, бағыттаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалының ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты т.б) өткізуге көмектеседі. Сонымен қатар мектепте әлеуметтік педагог даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыстар жүргізе алады.

Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болуының шарттары- оның мүшелерінің, ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, громаталар, жұмыс тәжірбиесін талдап қортыу және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.

Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық педагогикалық жұмыстарының жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет әрекеті де ерекше орын алады. Олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетті. (Көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).

Кейбір мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері , кәсіпорын , мәдени- ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарындп еңбекке орналасуында мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді.

Мектеппен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық педагогикалық формулаларына сондай-ақ ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша, жеке сыныптар бойынша да өтеді. Жалпы мектептік ата-аналар жиналыстары немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте жылына екі-үш рет өткізіледі.

Жанұямен ұйымдастырушылық педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің, сынып өмірі жайлы ұжымның міндеттері туралы т.б . ақпарат береді. Жиналыста жанұямен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әр түрлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс практикумдер, қорытынды,тоқсандық,жылдық,топтық, әңгімелесу жиналыстар т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық деңгейде ата-аналар жиналысын немесе конференцияларды өткізіп тұру керек. Яғни бұл процестің жетекшісі(өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек.

Жанұядағы бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі- ата-аналар педагогикалық сауатты дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатылығын дамытуды, ата-аналар жиналысын, кеңестер беру, сұрақ-жауап кештерін өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әр бір мектеп өз жағдайына «Жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелігінен сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық кеңестер және практикалық кеңестер жеке дара жұмыс жиі қолданылады.

Ата-аналарға оқушылардың оқу-еңбегінің әр түрлі шараларын өткізуге қатыстырылады ( пәндік, тақырыптық кештер, танымдық ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге арналған. Бұл күні ата-аналар сабаақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, белсенділік деңгейін, оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып, ұй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеруі тиіс. Осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыларға оларды жеңу үшін көмектесу керек. Ата-аналарға жанұя тәрбиесімен алмастырудың әр түрлі формалары ұсынылады.

Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту тәрбиесі процесінің әр түрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.

Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелген педагогикалық процестердің ара-қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттермен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушыларымен олардың жанұяларымен бағыттарында да анықтайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!