Материалдар / Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2021
277
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарында ақпараттық  – коммуникациялық технологияларды  қолдану жолдары  


Алматы қаласы білім басқармасы «Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

АӘД пәнінің оқытушысы, запастағы аға лейтенант Науканов Кайсария Дюсупович.


Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгйге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

ХХІ ғасыр–техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп пен колледжде компьютермен қамтамасыз етілді.

Компьютер білімалушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу–керек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз–білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білімалушыға беру процесі.

Білімалушылардың білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы,«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.

Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы.

Алғашқы әскери дайындық пәні сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

·  оқушының өз бетімен жұмысы;

·  аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

·  білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

·  қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

·  қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

·  іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

·  оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.


Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық  - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты –білімалушыларға ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Оқушы тұлғасының  дамуына ықпал жасайтын  электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Алғашқы әскери дайындық  пәнінде ақпараттық – техниканы тиімді пайдаланудың тағы бір жолы, бұл электронды оқулықтарды қолдану болып табылады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Бұл жерде электронды лекцияны электрондық почта арқылы жіберу. Барлық нәрсе виртуалды болып кетпеуінде қадағалаған жөн. Мысалы, кестеге сай саптық дайындық кезінде саптық дайындықты арнайы орындарда өткізу.


Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін  бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны сабақта пайдалану оқушының пәнге қызығушылығы мен білім сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып,  бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. Сондықтан да колледж оқушыларын ғылым мен білімнің қоғамға қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, олардың отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарымен сусындату басты міндет. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу білімнің тереңдігімен өлшенеді.

Үздіксіз өзгеріп отырған әлем адамнан қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды талап етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай бұрын оқушының ойлау қабілетін, оқу, көру, есту арқылы дамытсақ, қазір ақпараттық технологияларды пайдаланып оқытудың ролі ерекше.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 2010, 16қазан

2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.

3. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!