400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру" (ашық сабақ) 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру" (ашық сабақ) 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерді қайталау 
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алгебралық өрнектер және оларды түрлендіруде қосындының көбейтуге қатысты терімділік қасиеттері мен ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару тепе - теңдіктерін тиімді пайдалануға машықтандыру;
Дамытушылығы: Осы тақырып бойынша білімдерін өмірде, әртүрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топпен және жеке, ойын арқылы оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, банктердің белгілері, 1000, 5000, 10000 ақшалар бейнесі, фишкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру, қағаз қиындылары арқылы екі топқа бөлу, оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау (олар өздерінің көңіл - күйлерін қағазға түсіреді, бір - біріне көрсетеді).
Оқушылар: Біз бір - бірімізге қуаныш сыйлаймыз.
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз,
Біз сізге қуаныш сыйлаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша)
Мұғалім бір оқушының жұмысын тексеріп, қателерін түзетеді. Дәптері тексерілген оқушы дұрыс жауабын дауыстап оқиды, ал қалған оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

ІІІ. Теориялық білімдерін тексеру
а) «Қарлы кесек» ойыны (мұғалім оқушыға допты лақтырып сұрақ қояды, оқушы оны қағып алып жауап береді, сосын допты мұғалімге қайтарады, осылайша іс - әрекет қайталана береді)
1. Таңбалары әртүрлі сандарды қалай қосамыз?
2. Теріс сандарды қалай қосамыз?
3. Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?
4. Қосындының көбейтуге қатысты үлестірімділік қасиетін тұжырымдап бер.
5. Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктіреміз?
ә) «Кәне жылдам ойлаңдар, сөздерден сөйлем құрандар» (оқушылар сөздерден сөйлем құрастырады)
1 - топ. Жақшаның алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.
2 - топ. Жақшаның алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама - қарсы таңбамен алмастырылады.

ІV. Ауызша тапсырмалар.
а) Тез шығарып есепті, зерек болып өсейік
1 - топ.
1) - 4+7, 1; 2) - 4+0, 5; 3) - 4+7, 25; 4)- 4+9; 5)- 4+2, 5; 6)- 4+72, 1
2 - топ.
2) - 9+15; 2) - 9+10, 25; 3) - 9+0, 2; 4)- 9+11; 5)- 9+3, 5; 6)- 9+7, 2
ә) Тепе - теңдікті сақтайық, жақшаны тез ашайық
1) - 3(а - 2b);
2) - 4(7 - 2b)

V. Практикалық білімдерін тексеру.
а) Ұқсас мүшелердің астын сызып, біріктіріңдер
2аb+3a - 5ab
7c - 3cd - 5dc
ә) Қандай өрнек тығылды? Қане тауып көрейік.
6x - …- 13x=- 7x - 9
6x -…- 13x+1 - 4x=…- 8

VІ. Банк ойынын пайдаланып есептер шығару. Банк - қаржы мекемесі онда барлық халық, барлық мекемелер, кәсіпорындар қаражаттарын жинайды және несие береді. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Әр топқа банк атауы беріледі. 1 - топ. Халық банк, 2 - топ БТА банкі. 2 топтың президентін сайлаймыз. Қалған оқушылар салымшылар. Әр банктің тапсырмалары 1 мыңдық, 5 мыңдық, 10 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға жазылады.
1 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне байланысты, яғни жеңіл тапсырмалар беріледі.
5 мыңдық бейнесінде сәл күрделі тапсырмалар.
10 мыңдық бейнесінде қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі.
2 топтағы әр оқушылар өз деңгейіне байланысты өзі шығарған есеп теңгелерді өз банкісіне салып отырады. Қай банк қаржысының өсімі көп болса, сол банк жеңіске жетеді.
1 мыңдық №801; 5 мыңдық №809; 10 мыңдық №818

VІІ. Математикалық диктант
1) - 4с*3d; 2)- 0, 2a*(- 3b); 3).

VІІI. «Мұны біліп жүрейік, зейнімізге түйейік!»
(Бұл тапсырма өмірге байланысты болады) Бұл тапсырманы оқушылар топпен біріге отырып орындайды.
Мысал. Көп қабатты үйдің бір қабырғасы кескінделген. Үйдің берілген қабырғасының ұзындығы n м, биіктігі m м. Қабырғада биіктігі х м ені у м бір есік және қабырғасы а м он алты квадрат терезелері берілген. Суретті салып, қабырғаның боялған бөлігінің ауданын табыңдар.

ІХ. Қорытындылау.
Балалар бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер?
Алгебралық өрнектердің өмірде пайдалануға болады ма? Мысал келтіріңдер.
Х. Оқушылар білімін бағалау. Сабақтағы әрбір дұрыс орындалған тапсырмалары үшін фишкалар беріліп отырады және әр топтың алдында бағалау қағаздары бойынша оқушылар өздерін бағалайды.
ХІ. Үйге тапсырма беру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
30.05.2018
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі