Материалдар / Алғырлар / спорттық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғырлар / спорттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғырлар спорттық сайысында -Физика және Биология пәнінен өтіліп отыр.Бұл сайыс әр түрлі спорттық турлардан тұрады.Оқушыларға бұл сайыс өте қызықты болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
861
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қарақол орта мектеп бақшасы» КММ

Тақырыбы: «Алғырлар» /Спорттық  сайыс ойыны/

Мақсаты:Спортқа деген қызығушылғын арттыру.Салауаттану-адам жанының да,тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

 

Өтілетін орны:  Спорт зал

 

Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, формула жазылған қағаздар т.б құрал жабдықтар.

 

Өту  барысы:


- Құрметті ұстаздар, оқушылар Бүгінгі «Алғырлар» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер
Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

1 ші жүргізуші : Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

2 ші жүргізуші:

Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Жалын» тобын шақырамыз


Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Био-физ» тобын

1 ші жүргізуші: Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


2 ші жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

 

Қатардан артта қалып қоймайық,

 

Белсенді болайық ортада,

 

Уақытты тектен-тек жоймайық! –дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

 

 

Бүгінгі спорттық сайыс 5  кезеңнен  тұрады.

 

1.     «Мұртты эльфтер»

 

2.     Кенгуру

 

3.     Сұрақ – жауап

 

4. Паравоз

 

5. Іздеп табу

     

 Таныстыру

Жалын тобы:


«Био – физ» тобының таныстырылуы

1 ші жүргізуші: 1 сайыс: Мұртты эльфтар

Бұл сайыста оқушылар карандашты мұрнына қысып жартылай қысып отырып, жүріп екінші жақта берілген формула мен сұрақтарға жауап беріп, қайта орнына келеді. (5 ұпай)

  1. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

  2. Меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не? (масаасы 1 кг заттың температурасын 1 С-қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама?

  3. Меншікті жылу сыйымдыдығының формуласы?( )

  4. Заттың тығыздығының формуласы?( )

  5. Жұмыстың формуласы? (A=F*s)

  6. Изотермалық процессте тұрақты болатын шама? (температура)

  7. Адам организмінің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым? анатомиясы

  8. Ұрықтың дамуы туралы ғылым ? эмбриология

  9. Адам денесіндегі әрбір сомалық жасуша ядросында қанша хромосома болады? 46

  10. Эндоплазмалық тордың неше түрі бар? 2

  11. Жасуша мен оны қоршаған орта ұлпа сұйықтығы арасындағы үздіксіз алмасу процесі қалай аталады? Зат алмасу

  12. Су, минералды тұздар қандай қосылысқа жатады?Бейорганикалық заттар

Келесі кезең: Кенгуру

Мөшекпен секіріп кедергіге келіп тоқтап мөшекті шешіп, сұраққа жауап береді де, кедергіден секіріп сұраққа жауап беріп, келесі кедергіден өтіп қайта оралады. (10 ұпай)

  1. Балқу дегеніміз не? (заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процессі)

  2. судың меншікті жылу сыйымдылығының сан мәні? ( 4200 Дж/ кг*С)

  3. Изохоралық процессте тұрақты болатын шама? (көлем)

  4. Отынның жану жылуының формуласы? ( )

  5. Булар нешеге бөлінеді? (2-ге қаныққан және қанықпаған булар)

  6. Қайтымсыз процесске мысал келтір?(жұлдыздың сөнуіғ, диффузия құбылысы)

  7. Жылу алмасусыз жүретін процесс? (адиабаталық)

  8. Отынның жану жылуының анықтамасы? (Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама)

  9. Жылулық қозғалыс дегеніміз не? (молекулалардың ретсіз қозғалуы)

  10. Броундық қозғалыс дегеніміз не кім ашты? (өте ұсақ бөлшектердің үздіксіз бейберекет қозғалысы)

  11. Диффузияның анықтамасын бер. (бір зат молекуласының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы.

  12. Жылу алмасу дегеніміз не? (екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен жылу энергиясының қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.

  13. Миокард немесе басқаша қалай аталады? Жүрек бұлшықеті

  14. Нақты пішіні бар, организмде белгілі орны бар, бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі? мүше

  15. Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі не арқылы іске асады? гормондар

  16. Гипофиз массасы? 0,5-0,7 г

  17. 1921 жылы америкалық ғалымдар гипофиздің қандай функциясын анықтады? Өсу гормонын

  18. Өсу гормонының артық мөлшерде бөлінуі ағзаға қалай әсер етеді? гигантизм

  19. Қалқанша бездің массасы? 15-30 г

  20. Тироксин құрамына енетін маңызды элемент? иод

  21. Адамға ағзасына қажетті йодтың тәуліктік мөлшері? 0,15-0,20 мг

  22. Қандағы фосфор және кальций тұздарының мөлшерін зерттейді? паратирин

  23. Қоршаған дүние жағдайларына сай ағзаның іс –әрекетінің үйлесуі мен реттелуін жүзеге асырады? Жүйке жүйесі

  24. Қалқанша бездің қызметі бұзылған кездегі аурулар? миксидема

Сайысымыздың келесі кезеңі: Сұрақ-жауап 

12 бала бір біріне қарама-қарсы тұрып сұрақтар қояды. Сұрақ кою өз еркімен.

Келесі кезең: Паравоз

Әр кедергіде бір бір баладан тұрады. Паровоз шығуы керек.

  1. Термометр дегеніміз не? (өзімен жылулық байланыста болатын дененің температурасын өлшеуге арналған құрал.

  2. Қанықпаған буға анықтама бер (өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу)

  3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? (Дж)

  4. Заттың балқу кезіндегі температурасы..................деп аталады.(балқу

  5. Сұйықтың бетінде жүретін булану..................деп аталады (кебу)

  6. Жылдамдықтың формуласы ( )

  7. Май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді? 38,9 кдж

  8. Құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығын қалай атайды? ұлпа

  9. Адамның жануарларға ұқсастығы? Ұрпағын тірі тууы мен сүтпен асырауы

  10. Терінің беткі қабатын, ішкі мүшелердің сілемейлі қабығын және көптеген бездерді түзеді, ол қандай ұлпа? Эпителий ұлпасы

  11. Жыныс жасушаларының ядросында қанша хромосома бар? 23

  12. Жасушаның сыртқы ортадан әсер еткен немесе жасуша ішінде пайда болатын әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап реакциясы қалай аталады?рефлекс


Сайысымыздың соңғы кезеңі: Іздеп тап

Сұрақ оқылады, оқушылар кедергіден өтіп сұрақтың жауабын «кір қысқыш» әдісі арқылы табады.

  1. Жылу мөлшерінің формуласы

  2. Термодинамиканың I заңының формуласы

  3. Қысымның формуласы

  4. Меншікті балқу жылуының формуласы:

  5. Үйкеліс күшінің формуласы

  6. Меншікті булану жылуы

  7. Гидравликалық машинаның формуласы

  8. Қатынас ыдыстардың формуласы

  9. ПӘК формуласы

  10. Теңәрекетті күш бірдей бағытта

  11. Сұйықтар мен газдардағы қысым

  12. Ауырлық күшінің формуласы

  13. Жарық пен дыбысқа жылдам реакция беруді қамтамасыз ететін ми бөлімі? Ортаңғы ми

  14. Жұлынның жалғасы болып табылатын ми бөлімі? Сопакша ми

  15. Адамның эволюциялық тұрғыдан алғанда ең жас бөлімі? Үлкен ми сыңарлары

  16. Есту аймағы орналасқан ми бөлігі? Самай бөлігінде

  17. Қимыл-қозғалыс аймағы орналасады? Маңдай бөлігінде

  18. Парасимпатикалық жүйке жүйесі? Көз қарашығын кішірейтеді

  19. Зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды реттейтін ми бөлімі? Аралық ми

  20. Үлкен ми сыңарлары қыртысының жалпы ауданы? 2200-2500 см

  21. Көру аймағы орналасады. Шүйде бөлігінде

  22. Мишықтың жұқа беткі қабаты? қыртыс

  23. Үлкен ми сыңарлары қыртысын құрайтын нейрон саны? 14-18 млрд

  24. Ми мен жұлыннан шығатын жүйке жасушаларының ұзын өсінділерінің шоғыры? Сұр затты құрайды



  Енді сайысымыздың  жеңімпаздарын таныстыру үшін  сөзді  әділ-қазылар алқасына береміз. Әділ қазылар алқасы қорытынды баға шығарғанша, 8 «Б» сыныбының дайындаған флэш мобын тамашалайық!


Ұрпақ  керек  ертеңгі алда,

 

Болашақты болжайтын.

 

Дені таза, тәні таза,

 

Елін, жерін  қорғайтын!

 

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

 

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

 

Салауатты өмір салтын насихаттап,

 

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

 

 Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Осымен «Алғырлар» атты спорттық сайысымыз аяқталды.



Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!