Материалдар / Алғыс айту күніне орай өткен "Алғыс-сөздің асылы" атты мерекелік кештің мақаласы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алғыс айту күніне орай өткен "Алғыс-сөздің асылы" атты мерекелік кештің мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алғыс-сөздің асылы" атты алғыс айту күніне орай өткізілген мерекелік кештің мақаласы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
562
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғыс айту күні Наурыз айының 1-күні Егіндібұлақ ауылдық клубының ұйымдастыруымен,Егіндібұлақ ауылдық клубында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алғыс-сөздің асылы» атты мерекелік әдеби сазды кеш өтті. Татулықпен бауырмалдыққа шақыратын бұл мерекеде алдымен кеш жүргізушісі Сарыбаева Б.Д. құттықтау сөзді Құндыкөл ауылдық округі әкімшілігінің әдіскері Мұқышев М.С. берді.Әдіскер елімізге 1-наурыз мерекесінің қаншалықты маңызы зор екенін алға тартып, жыйылған халықты ауыл әкімі атынан құттықтады. Өте жоғары деңгейде өткен бұл іс-шарада Құндыкөлмен Егіндібұлақ ауылының өнерпаздары тамаша әндерімен,оқушылардың өздері шығарған кереметтей өлеңдерімен және мың бұралған бишілерімен үйлесім тапты. Атап айтсақ мереке шымылдығын ашқан Мәжит Дәулеттің орындауындағы «Елге сәлем» әні, Абенов Ералының орындауындағы «Арыс жағасында» әні және Мәжит Нұржанның «Анаға сәлем» әні көрерменді бір серпіндіріп тастады. Мектеп оқушылары Серікбай Ақбота,Хамитова Меруерт,Абенова Гүлназ күміс көмей,жезтаңдай әнші екенін байқатса,Егінбай Карима,Аужанова Әсел, Солтанбай Ершуақ өздерінің алғыс күніне арналған жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Солтанбай Күннірдің орындауындағы «Адай »күйімен мың бұратылған «Ерке наз» би тобының орындауындағы әсем би көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ шара барысында салт-дәстүрге байланысты сұрақ жауап бөлімінде де оқушылар атсалысып қатысты.Одансоң арнайы дайындалған экраннан алғыс күніне арналған слайд көрсетілді.Іс-шара соңында барлық қатсушыларға алғыс хаттармен сыйлықтар табысталды.Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде, мәдениет бөлімінің қолдауымен, С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Мейірімді ана,ерке қыз»атты байқаудың жеңімпазы анасы Тілеубаева А.Ж. және қызы Мәжит Н.Д. марапатталды және де сол күні аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген аудандық оқушылар арасында Баянауыл ауданының құрылғанына 90-жыл толуына орай «Баянауыл басынан бақ кетпеген» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлері сайысында Жұмаш Ақбота 3-ші орынмен марапатталды. Б.Сарыбаева Егіндібұлақ ауыл кітапханашысы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!