Материалдар / ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
341
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ, АЛҒАШҚЫ ДЕМОКРАТ


Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан (1866 –1937) мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және «Алаш» қозғалысының жетекшісі. Ол аудармашы, публицист, ғалым ретінде өз кезінде де белгілі болды.

Әлихан Бөкейхан қоғамдық-саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. Оның отаршыл патша үкіметінің саясатына көзқарасы өзгерді. Сонымен қатар ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы: пайдакүнемдік, болыс лауазымы үшін талас-тартыс сияқты жағымсыз көріністерді де сынға алды. Өз халқының жарқын болашағын алдын ала болжады: «Қазақ даласы... табиғатынан ақылды және қабілетті қазақ халқы болашақта, өркениет жолында іргелі жетістіктерге жетеді», – деген пікір білдірді.

Ол сауатты, өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.

Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты. Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе кейбірін газеттер мен арнайы жинақтарда жариялады. Сондай-ақ даланың тағы бір көшпелі элитасы – Кенесары хан бастаған қарулы көтеріліс туралы ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Әлихан Бөкейхан осы ізденістердің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты.

Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының ең басты себебін ол ел тізгінін ұстағандардың, тіпті ең қатерлі кездің өзінде, яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауызбірлік орната алмауынан көреді. «Бұрынғы билеушілердің көпшілігі, – деп жазады Әлихан Бөкейхан, – күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті». Алып Ресей империясымен алысып, байырғы тәуелсіздікті қарулы көтеріліспен қалпына келтіру мүмкін емес деп тұжырған Әлихан Бөкейхан «бұл жолды халықтың жаппай қолдауы да неғайбыл, Кенесары көтерілісінің жеңіліске ұшырауы – соның бір көрінісі» деп есептеді. Алаш жетекшісі отаршыл империяны саяси тұрғыдан реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыру арқылы ғана қазақтың әуелі өзін-өзі билеп, кейін толық тәуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санады.

Осынау стратегиялық мақсаттарға жету жолында ұлттық зиялы қауымға да, қарапайым бұқара халыққа да жақын идея ауадай қажет еді. Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.

1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады.

ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезіндегі казақ қоғамының тарихын зерттеген Оксфорд және Сорбонна университеттерінің профессорлары қазақ зиялыларының азшылық тобы бастаған Алаш қозғалысына «мәдени-ренессанс дәуірі» деп баға берген. Алып Ресей империясының дағдарысы тереңдеген кезеңге сәйкес келген осы топтың азаттық үшін жүргізген азаматтық қарсыласу күресі қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруда, асты мен үсті табиғи байлыққа толы кең байтақ атамекенді сақтап қалуда еңбегі ерен. Ресейдің демократиялық қозғалысының көрнекті өкілдерімен пікірлес болған, саны жағынан азшылық осы топ оптимизмге сүйене отырып, ұлт болашағы үшін қайрат-жігер таныта алатын әлеуметтік күшке айналды. Біліммен қаруланған зиялылар тобы өздерінің ағартушылық қызметі арқылы халықты соңына ертіп, ел өміріне өзгеріс енгізуді ойлады. Міржақып Дулатов осы топтың басында тұрған көшбасшыны «Заманымызға қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқына бірінші дерлік жан басшымыз – Әлихан Бөкейханов»- деп бағалаған.

Қазақ халқының ұлттық тарихындағы ірі тұлғалардың бірі - Әлихан Бөкейханда «Біз істемегенде кім істейді?» деген қағида болған. Өзіде, пікірлес серіктеріде қазақ қоғамының қай тұсы кенже қалып, ақсап жатса сол бағытта жұмыс атқарған. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде орыс тілінде білім алып қалыптасқан қазақ зиялы қауымы ғалым Ш.Уалиханов, педогог Ы.Алтинсарин, ақын А.Құнанбаев бастаған ағартушылық миссиясын жалғастыруда көп еңбек етті. Қазақ тілінде кітаптар шығарды, газет- журналдар баспаханаларын ашты. Олардан шығып жатқан өнімдерді сын елегінен өткізіп, оқырманға бағыт-бағдар беріп отырды.

Әлихан Бөкейхан халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Алаш» көшбасшысы Ә. Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орнына Алаштың келесі ірі тұлғасы, қайраткер, ғалым Қошке Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» еңбегінде мына тұрғыда баға берді: «Биліктің қуғындау мен қудалау жылдарында түрмеге қамалып, жер аударылса да бірқатар батыл да ержүрек азаматтар өз халқының болашағы үшін күресті жалғастыра берді. Бұл топтың жетекшісі, тәрбиешісі де Әлихан Бөкейхан еді. Ол елінің болашағы үшін қиыншылықтан қорықпайтын ұлтжанды азаматтарды күрескерлік рухта баулып, әдеби тіл нормасының орнығуы мен діни фанатизмнен арылуға зор үлес қосты. Нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Әлихан Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орны, міне, осында жатыр».

Тәуелсіз еліміздің танымал жазушысы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай: «1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идея – «Біртұтас Алаш идеясын» қаланды. Онда алаш қайраткерлерінің барлығының демі мен аңсары бар, ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын» - деп баға береді.

Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында алашордашылардың ХХ ғасырдың басындағы іс-әрекеті туралы былай дейді: «Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгеймен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес. Өткелі тұрған ғасырдың соңғы жылдығының зиялылары топтық мұддеден биік тұрса, өлермен атаққұмарлықтан аулақ болса,мұны Қазақстандағы мамыржай тыныштық пен тұрақтылықтың басты бір факторы деп білу керек».

Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идеясы төңірегіне топтастырды. Ол қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Өзінің: «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін», – деген ұстанымына адал болып өтті. Қазіргі жастар Әлиханнан үлгі алып, өз Отанына адал және аянбай еңбек ету керек.


Әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә., Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999.

2. Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы. Бірінші том. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008.

3. Жұртбай Т., Тарих тағылымы. ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫЛАРЫ немесе Әлихан Бөкейханов және біртұтас Алаш идеясы//Түркістан.-2011

4. Жұртбай Т. Әлихан Бөкейханов: Алаш көсемі // Аңыз адам. №20. 2011 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!