Материалдар / ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАННЫҢ РУХТЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАННЫҢ РУХТЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАННЫҢ РУХТЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ БӨКЕЙХАННЫҢ РУХТЫ ТҰЛҒА

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ


«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Әлихан Бөкейханның рухты тұлға қасиеттеріне баса назар аударғаны байқалады.

Рухани тұлға дегеніміз кім? Өз басын сыйлайтын, өз отбасын қорғайтын, табиғатты аялайтын, өз жерін қастерлейтін, өз халқына жанашар, әр ісіне саналы түрде жауап бере алатын жан.

Осы қасиеттер ұрпақ бойына қалай дариды? Қазақ қанын таза ұстау мақсатында жеті ата-бабаға дейін қыз беріп, қыз алмаған. Толыққанды ұрпақ тәрбиелеуде ананың тегіне мән берген. Берілетін тәрбиеге аса мән берген. Бесік жыры мен ертегіден бастау алған тәрбие, өмірден озғанша ата мұрасымен, дәстүрменен жалғасын тапқан.

Осындай керемет тәрбие жолымен жүріп өткен Әлихан Нұрмұхамедұлының бейнесін ашуда, оның ішкі жан дүниесін түсінуде «Алаш» партиясына тоқталмай өту мүмкін емес.

1905-1917 жылдарды қамтыған аса күрделі тарихи кезеңде Ә. Н. Бөкейхан туған халқының ұлт-азаттық күресінің теориялық негізін қалаушы әрі оның саяси серкесіне айналды. 1917 жылдың 13-желтоқсанында қазақтың ұлттық мемлекетінің шаңырағын қайта көтеріп, туын тіккен Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Саяси Кеңесінің төрағасы болып сайлануы – соның бірден-бір айғағы болатын. Бір сөзбен айтқанда, Алты Алаштың ұлы – Әлихан бүкіл Ресей империясының кеңістігіндегі ықпал-беделді саясаткер, қоғам қайраткері санатына көтерілді.

Әлихан Бөкейхан – қазақ қоғамының реформаторы. «Алаш» партиясының ұлттық бағыт-бағдары бес түрлі ұстанымға негізделді.

Бірінші ұстаным: Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, жер – Отан, aл, Отанды сатуға да, жекеменшікке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшін әрбір намысты қазақ күрескен, әр қазақтың тері мен қаны төгілген деген тұжырымға саяды.

Екінші ұстаным: Жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә. Бөкейханның айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші ұстаным: Ә. Бөкейханның жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.

Төртінші ұстаным: Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Егер қоғамның дамуы осы бетімен кете берсе, күні ертең біз «Құранды» да орыс тілінде оқитын боламыз.

Бесінші ұстаным: Тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Әлихан Бөкейханның тарихи ұлы ерлігінің бірі қазақ халқының ғасырлар бойғы күрес нысанасы өз мемлекеті туралы арман-тілегін демократиялық тұрғыдан тұжырымдап, ғылыми арнада негіздеп, дербестік принциптерін белгілеп берген «Алаш» партиясын құруы еді.

«Алаш» партиясы 1917-1920 жылдар құрылған қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. Партия төрағасы Әлихан Бөкейхан сайланды. Әлихан бастаған топтың мақсаты – қазақ халқын жаңа сатыға көтеру, тәуелсіз ел қатарына қосу болатын. Осы мақсатқа жету үшін ғылым-білімнің күшіне сүйенді. Өз заманына лайықты «Қазақ» ұлттық газеті, «Айқап» журналдарын өмірге әкелді.

Жоғарыда аталған «Алаш» партиясын құруға, қазақ арасындағы мәселелерді көтеруге ат салысқан Әлихан Бөкейхан жайлы не білеміз?

Әлихантанушы-ғалым Тұрсын Жұртбай: «Әлихан Бөкейхановтың үш түрлі мінезін ерекше атап өтуге болады. Біріншісі, әрі ең бастысы – ол кісінің турашылдығы. Пікірін айтуда ешкімнен жасқанып, тайсалмайтын батылдығы... Екіншісі, Бөкейханов болмысының салауатты, алдына келген жанның мысын басатын өзгеше жаратылыс иесі екендігі. Бұл жайлы Әлкей Марғұлан, Қалижан Бекхожин, Ғалым Ахмедов, Мариям Мұқанова, Валентина Николаевна Әуезова естеліктерінде ашық жазған... Үшінші қасиетін айтар болсақ, сондай ұлы тұлға нәзік жанды, адамдарға бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал болған. Осы үш мінез Әлихан Бөкейхановтың күрескерлік тұлғасынан бөлек, адами болмысын тереңірек танытады» дейді. Өз заманында осы қасиеттерді бойына сіңіре білген көшбасшы ретінде танылды.

Көш бастаған, ұлт көсемінің жүрегіне жүк артқан не нәрсе болды?

«Тіл үшін күрес неге жүріп жатыр? Қазақ тілі деген не? Қазақ тілінің ар жағындағы жатқан мәселе – жер. Біз мына жерді қазақ болып, қазақша сөйлеп қана қорғай аламыз» деп тіл ұлтты сақтап қалушы күш болса, қазақ жері мен жер асты байлығы тек қазаққа тиесілі болуын, діні, салт-санасы, тілі өзге ұлт өкілдеріне қарағанда үстем болуы, халықты қорғайтын жеке меншік әскердің болуы жайлы да сөз қозғаған.

Елім деп есті іс атқарған ер азаматтың бойында бізге үлгі боларлық қандай мінездері болды?

Бұл жөнінде жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың: естеліктерінде тұрашылдығы, мысы басып тұратын өзгеше жаратылысы, бауырмал, жаны ашығыш, сезімтал екендігін жазады.

Міне, қазақтың басын бір ту астына біріктіргісі келген, дамыған елдер қатарынан көруді армандаған, жер асты байлықтары қазақтың өзіне ғана бұйыруын тілеген рухты тұлға.

Қоғамдық ойды жаңғыртуда, қазіргі ұлтжанды, рухты тұлғаны қалыптастыруда жаңашыл бағыттағы ізденістердің концептуалды жүйесін қалыптастырған Әлихан Бөкейхан мұраларының танымдық ерекшеліктері мен интеллектуалдық әлеуетінің жаһандық маңыздылығын анықтап көрсетіп, оны насихаттаудың инновациялық креативті әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет.

Әлемдік деңгейде насихатталып жүрген қоғамдық ойдың көшбасшылары мен Алаш көсемінің көзқарастарындағы рухани үндестіктер мен гуманистік дүниетанымының барысын айқындау осы ойымызды іске асыруымызда маңызды іс болмақ. Ол үшін Алаш қайраткерлері мұраларының интеллектуалдық әлеуетін, инновациялық және танымдық бағытының әлемдік деңгейдегі ізгі мұраттармен біртұтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуіміз қажет. Сондай-ақ, Алаш қайраткерлері мұраларындағы идеялық мазмұнының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен үндестігінің жаһандық әлеуетін айқындап алудың да орны ерекше болмақ.

XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея қайсы десе, Алаш идеясы деп жауап берер едік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, жарқын болашағымыздың бағдары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы да осы идеямен үндесе отырып шыққан. Бұл дегеніміз бабалар арманының бір арнаға түйісіп, ортақ сипатта дамып жаңашылдық пен дәстүр жалғастығының көрінісін айқындап отыр. Сондықтан, «Мәңгілік Ел» идеясы туралы ой толғап сөз еткенде, біртұтас Алаш идеясы туралы тыңғылықты мәлімет беріп, оны насихаттауымыз орынды. Енді, сол ұлттық құндылығымыз бен ұлтымыздың ұйтқысына айналған Алаш идеясы жайлы сөз қозғасақ.

Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясат жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «Алаш» атауын құртып-жою үшін барлық амал-айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел ішін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгіртаяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп-оңай топырлап түсіп жатты.

Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшыл» деген пәле жабылды, атылып-шабылды. Ең алдымен, Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ, соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып-жойылды. Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқаларының көздері құртылды.

Осы тұста құрылған «Алаш» партиясы – ұлттық мүдде үшін құрылған партия еді. Оның негізін қалаған ұлт зиялыларының мақсаты бір арнада тоғысып, бір-бірімен үндестік тапқан. Сондықтан олардың бастаған ісі өз жемісін берді. «Алаш» партиясының құрылуына себепкер болған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды дара тұлғаларымыздың өздерінің басына қауіп төнгенін біле тұра осыншама істі қолға алғандары бір жағынан ерлік болса, екіншіден, ұлтын шын сүйгендіктен деп білемін. Халқы үшін жанын құрбан еткен ардақтыларымызды құрметтеу, олардың өмірін зерделеу, істерін жалғастыру – ұлтым деп жүрегі соққан әрбір қазақ азаматының міндеті.


Әдебиеттер тізімі:

1. Алаш. Алашорда. Энциклопедия /Құраст. Ғ.Әнес, С.Смағұлова.-Алматы: «Арыс»баспасы, 2009

2. Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы. Бірінші том. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008.

3. Жұртбай Т., Тарих тағылымы. ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫЛАРЫ немесе Әлихан Бөкейханов және біртұтас Алаш идеясы//Түркістан.-2011

4. Қойгелдиев М., Тарихи тұлғалар. Әлихан Бөкейханов шығармалар. Алматы «Қазақстан» 1994 жыл,



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!