Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әліппеге мың алғыс!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БҚО,Теректі ауданы
Подстепный ауылы, Подстепный ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна 26.12.22ж
Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс!»
Мақсаты: Білімнің бастауы болған әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып сөз байлығының молайғанын саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, әріптер, слайд « Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар , ұстаздар!
Бүгін сіздер 1 «г»сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Әліппе қасиетті де қадірлі оқулық...
Осыдан 4-ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да, қызыға аттаған балаларыңыз өздерінің алғашқы оқулығы Әліппемен қоштасқалы тұр.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып ,оқитын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың
дей отырып , «Әліппеге мың алғыс! » атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер! Олай болса 1 «г» сыныбының оқушылары ортада.Ертеңгілігімізді әнұранды орындаумен бастаймыз.
« ҚР әнұраны» орындалады
Ертеңгіліктің I бөлімі «Біз Отанның бөбегі »деп аталады
Азамат
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан –ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Аружан
Отан-менің өз елім,
Отан-туған өз жерім.
Отан-далам,өзенім,
Гүлдей жайнап,өсемін.
Хор:Барлығы
бірге
Отан-біздің әніміз,
Отан-біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.
Хор: Ән: «Біз Отанның бөбегі»
Біз Отанның бөбегі, бал-бұл жанамыз
Еркелеткен біздерді Отан анамыз.
Болашағын елімнің ойла таңымыз
Ел сенімін ақтайтын батыр боламыз
Ойна шаттан, шаттан алақай,
Гүлдей жайна, жайна балақай.
Әуеніңді қалықтап әнге саламыз,
Мың бұралып дөңгелеп билеп аламыз
Біз бақытты балдырған оттай жанамыз
Туған жердің төсінде асыр саламыз
Гүлімде сен көктегі нұрын шашқандай
Көк әлемді шарлаймыз жұлдыз аспандай
Туған жерім кең далам алтын бесігім,
Қиял құсың қалықтап саған ұшқандай.
Келесі II бөліміміз «Мен қандаймын?»деп аталады.
(оқушылар өздерін таныстырады)
Жасмина
Баршаңызға иіліп сәлем берем,
Мен қызымын Артурдың Жасмина деген.
Оқуды да, жазуды тез меңгердім,
42 әріпті жатқа білем.
Әліби
Әлібимін сүйкімді,
Барлығында баураймын.
Алдағы мен уақытта,
Жақсы жолды таңдаймын.
Ясмин
Мен Ясмин өнерлі ,
Мың бұралып билеген.
Ата-анам ұстазым,
Өнерім үшін сүйсінген.
Хамитдин
Мен Хамитдин тәртібім,
Жақсы ұнайды бәріне.
Әдеппенен сәлем берем,
Кішіге де, кәріге.
Гүлім
Отбасының еркелеткен,
Жарқыраған жұлдызы
Сабақты жақсы оқитын,
Гүлім атты қызымын.
Ильяс
Ильяс деген баламын,
Таудай биік талабым.
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.
Аяулым
Айдай сұлу Аяулыммын,
Ұқыпты таза жүремін.
Жақсы оқып сабақты,
Озат болу тілегім.
Әмірхан Т
Әмірханмын Дамирдің баласымын,
Анамның еркесімін дарасымын.
Қашанда қатарластың алды болып,
Сенімін ақтаймын мен анашымның.
Аружан
Қыздар деген бола алады қыр гүлі,
Қазақ қызы болу керек үлгілі.
Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан,
Аружанмын сыныбымның бір гүлі.
Амирхан М
Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,
Білімді болып менде өсіп толамын.
Бассам деймін даналардың тек ізін,
Азаматұлы мен Амирхан боламын.
Раяна
Ата –анамның ардақтаған,
Раяна атты қызымын.
Анам мені мені еркелетіп,
Дейді алтын жүзігім.
Мағжан
Ұстаз ұғар қашанда,
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты,
Мағжан атты балаңмын.
Тахира
Әліппені жатқа білем бүгінде,
Өз бетіммен оқи алам ертегі.
Танысаңыз мен әдепті Тахира ,
Мен боламын еліміздің ертеңі.
Азамат
Азамат деп мені де,
Барлығы жақсы көреді.
Мінезі ашық бала деп,
Жақсы баға береді.
Айзере Е
Айзере менің есімім,
Менің де ашық қабағым.
Әліппені оқып жайменен,
Мен әдепті боламын.
Әбдіраһым
Ынталы да ақылды,
Өнегелі бір ұлмын.
Ата-анамның ақылдысы,
Әбдіраһым деген ұлымын.
Алинұр
Алинұр жайлы мінезім,
Ізденіп әркез жүремін.
Әліппені оқып , үйреніп,
Озат болсам тілегім.
Алихан
Алихан ашық мінезді,
Жадырап жаздай күледі .
Әрқашанда көңілді,
Бала болып жүреді
Айзере У
Айзере жайлы мінезім,
Математиканы жақсы көремін
Оқуды тез-тез меңгеріп
Озат болу тілегім.
Балжан
Сабырлы қыз Балжанмын ,
Айтқан тілді аламын.
Мынау барлық баланың,
Білімді болғанын қаладым.
Би:
Орындайтын: Сыныбымыздың мақтанышы: Досжанова Ясмин Алибековна
III бөлім «Әліппеге мың алғыс» деп аталады
Мұғалім:
Балалар іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Бірге:
Болашаққа жол ашар
Ол -сүйікті Әліппе
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
-Балалар мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.
Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын
Дауыстылар қайдасыңдар?(мұндамыз)
Дауыссыздар қайдасыңдар? (мұндамыз)
Әліппе
Ал әріптер шығыңдар,
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық кәне айтысты,
Жібермейік намысты.
А әрпі Ясмин
Адам аузын ашқалы,
А-дан сөзін бастады.
Ата,ана, ақыл ,ар,
А мен айы аспаны .
Ана тілмен сусындар ,
Қазағымның жастары.
Ә әрпі Әмірхан
Бас әріпке інімін,
Дауыстының бірімін.
Ә дегенің әліппе,
Бастауы бар ілімнің.
О әрпі Ильяс
Отан- менің ата-анам,
Отан- досым бауырым.
Отан-өлкем астанам,
Отан-туған ауылым.
Ө әрпі Гүлім
Доп -домалақ сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты өрік.
Б әрпі Аяулым
Бал бұлақтың басында,
Бір бәйтерек қасында.
Бұлан, бұғы келіпті,
Бір-біріне кезікті.
Н әрпі Абдраһым
Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз
Нан- қасиет, нан- байлық,
Деп ән айтып жүреміз.
Ғ әрпі Раяна
Ғалым болсаң ғылымда,
Ғажайыптар аша біл.
Ғарыштың да тыңына,
Ғылым дәнін шаша біл.
М әрпі Әліби
Мен мен мен деген,
Мейірімі мол деген.
Мұрасы мол әріппін,
Молмен берер елге дем.
С әрпі Азамат
С деген –спорт,
Спортпен айналыс.
Сұлулық сыйлаған,
Сол саған пайдалы іс.
Е әрпі Амирхан
Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп,
Есерлігін қоймаған.
Д әрпі Айзере Е
Дос қуанар балаша,
Өмір сүрер жараса.
Достарымыз көбейді,
Сан жетпейді санаса.
К әрпі Аружан
Ашық күннің жыры боп,
Қалықтай бер көгершін.
Бейбітшілік жыры боп,
Шарықтай бер көгершін.
ІY бөлім Сәлем саған мектебім
Көрініс: Қасым Аманжолов
Жетпіс пен жеті
Атасы немересін жетектеп
келеді.
Автор:
Жеті жасар
баласын,
Жетпісте шал
жетектеп.
Келе жатыр
көшеде,
«Қайда әлгі
мектеп»-деп.
Жетпіс келеді сүрініп
Жеті келед жүгіріп
Ата:
Әмірхан
Балам,балам, жақсы
бол,
Міне,сенің
мектебің.
Сабағыңа зейін
сал
Ақылды бол
тентегім.