Материалдар / Әліппемен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әліппемен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу 1 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2024
233
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін, үйренген өнерлерін, жасалған жұмыс нәтижелерін қорытындылау. Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, өздерінің сауатын ашқан кітабы Әліппеге байланысты өлең, тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету, өзін-өзі бақылау мен зейін дағдыларын нақтылай түсу.

Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер, әріптер,


Барысы


Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!

Бүгінгі әліппе оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізді, сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып, жазуға үйреткен Әліппе оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.

Әліппе бітіру –алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Қош келдіңіздер! «Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды қошеметпен қарсы алайық!


Жақсылықты жақтайтын Қарапайым балалар
Бәрін біліп жаттайтын Мақсат пенен Расул бар
Ақерке, Әділ, Аминамыз Өзгеше мінезі олардың

Үміт артар баламыз Сыныпта бар баланың


Ата – ананың үміті болашақта Мінекей алтын балалар

Балалар бар салмақты әр уақытта. Ата-ананың үмітін артар

Ажар менен Ерхан Адина, Мейір, Аяулым

Намысты ерекше жан Жайқалып өскен қыр гүлім!


Құлпырған балғын жүзді балаларым
Қонаққа келді ата - аналарың
Көрсетші кәне қандай өнерің бар
Қуанып қалсын ата - аналарың.

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік басында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
(Аналарымыз шашу шашады)


Мұғалім:

Бар білімнің бастауы Жас балаға нұр шашқан
Бар ғылымның бастауы Қандай кітап тіл ашқан?
Балалар Хормен :Әліппе

Мұғалім:
- Иә, ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырып алғысымызды білдірейік.



Әліппе:

Армысыңдар жас достар! Жақсы білім көрімдік,

Армысыздар ата- ана! Болсын бізге халайық,

Болашаққа жол бастар, Не үйреніп, не білдік,

Әліппең келді ортаға. Қане, ортаға салайық!


4 Мейір: 2 Ажар: 3 Ерхан:

Әліппем менің Әліппем, Әліппе- білім анасы, Бұрқыраған білімнің

Сені қолға алып мен. Әліппе -кітап данасы. Қайнар көзін көріп пе ең?

Есігін аштым мектептің, Әліппе бетін ашпаған Том том болған кітаптың

Ертеңгі сәуле жарықпен. Адам бар ма баласы? Басы болған әліппем.


1 Амина 5 Аяулым:

Бар кітапқа бас болған, Бар әріпті үйреткен,

Әліппе -ғылым анасы. Міне, менің Әліппем.

Әліппеден басталған Жақсы оқимын сабақты,

Даналықтың данасы. Әріптерді танып мен.


«Әліппе» биі


Мұғалім: Балалар, жарайсыңдар! Әліппенің сендерге дайындап қойған тапсырмасы бар. Дорбадан асықты алып, нөмері бойынша сұрақты мұқият тыңдап, жауап береміз.


1. Біздің қазақ балалары үшін ең алғаш «Әліппені» жазған кім?
2. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болып келеді?
3. Апта күндерін ата?

4. Тәуелсіздік күні қашан?

5. Есеп қандай бөліктерден тұрады?

6. Кемпірқосақтың неше түсі бар?

7.Сақтар деген кімдер?

8.Өсімдікке өмір сүру үшін не керек?

9. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кім?

10. 42 жауынгер Сапын түзеп тұрады

Бүлдіршіндер қауымы Сырын терең ұғады Бұл не? (Алфавит)


Мұғалім: Қане бері қарайық, Әріптермен танысу
Зейін қойып тыңдайық Тақпақтардан бастайық


Амина: Ерхан: Расул:

Әдептілік десеңіз, Есті бала ер жетіп, Спортпен айналыс,

Әрқашан да керегің. Елдің қамын ойлаған. Сұлулық сыйлаған.

Әсемпаздық дегенің, Ессіз бала кері кетіп, Сол саған пайдалы іс,

Әуре –сарсаң әлегің. Есерлігін қоймаған. Сауық пен кинодан.


Аяулым: Ажар:

Үлкенң кісі -шың бағың Парызың ақыл қосу кішіге,

Үлкен айтса- тыңдағың. Парызың- сәлем беру кісіге.

Үлкен адам жөн сөйлер Парызың -халін сұрау ауырса,

Шығып кетпей шыдағың. Парызың – көмектесі бәріне.


Ақерке: Адина:

Шындықты сақтаймыз, Рәміздерім -елдігімнің белгісі

Шыншылды жақтаймыз. Білу керек бала дағы ең кіші.

Шаршы топ алдына, Рәміздерім -Әнұран, Ту, Елтаңба

Шығарып мақтаймыз. Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Әділ: Мейір:

Ислам -дінім, тірегім, Жасұланбыз, жастармыз

Иманға толы жүрегім. Жарқын істер бастармыз.

Имансыздан сақтанып, Жерімізді түлетіп,

Ибалы болып жүремін. Жайнатып -ақ тастармыз.


Мақсат:

Махамбеттей ерім бар

Мағжан сүйген елім бар.

Мұқағали жырлаған

Мақтан етер жерім бар.


Мұғалім: Балалар біздің туған жеріміз қалай аталады?

Бас қаласы қай қала? Туған жер деген сөзді басқа қай сөзбен айтуға болады? Отан туралы кім тақпақ біледі?


«Елімнің ертеңгі иесі біз» әні


Әліппе: Ана тілі:
Жарайсыңдар, жас достар! Сәлем, ойшыл достарым!
Аталар мен аналар! Терең білім, ой –саналы,

Танысыңдар досыммен, Әрбір сөзім ой салады.

Достасыңдар осымен. Ғылым, тәлім, өнерім көп

Аттанғанда бүгін мен, Достасқанға берерім көп!

Ана тілін таныңдар,

Оқып Ана тілін

Ақыл, білім алыңдар!



Ана тілі: -Бәрекелді, балалар! Әлліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ал енді менің тапсырмаларыма шамаларың жете ме?

Кім жаңылтпашты жаңылмай тез айта алады?


Үш кіші ішік піштім Шеше,шеше Қай тай лақтай, Үміт түбіт түтті

Бес кіші ішік піштім. Неше кесе Қай лақ тайлақтай. Түбітті түтіп бітті

Неше кіші ішік піштім? Сынды кеше?


Бәрекелді, қандай зерексіңдер өздерің. Ана тілі оқулығы келесі тапсырма беріп отыр. Мына сөздердің әріптері жартылай өшіріліп қалыпты. Сол әріптерді толықтырып жазып, сөздерді оқыңдар.

Мектеп, оқушы, дәптер, қалам, жұлдыз.


Аналармен бірге ойын

Аналарыңмен бірге ойын ойнайық. Әрқайсысың аналарыммен бірге екі қолмен суретті бастырып шығамыз. Кім жылдам және әдемі сызады екен?


Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң қуанып, ренжісең -жұбататын асыл адам -Ана. Ана біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау -біздің парызымыз. Әліппені меңгеруге, жазуға, санауға үйреткен, тақпақты жаттауға көмектесетін ата аналарымыздың да үлесі бар. Ата-аналарымызға ризашылығымызды білдірейік.


«Ата -ананы тыңдаймыз» әні


Әліппе: Балалар сіздердің білімдеріңе риза болдым. Тамаша балалар. Сендер бүгін өздеріңнің жан - жақты, дарынды, өнерлі балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Ана тілі оқулығын да осы сияқты жақсы меңгеретіндеріңе сенемін. Сендерге көп - көп рахмет.



1 Адина: Әділ: Расул:

Ыстық әрбір беттерің, Ізгілікті ойға тоқитын, Оқитын, әрі жазатын,

Жазуыңды ұғамын. Шәкірт боп үздік оқитын. Білімге қол созатын.

Ақыл бердің Әліппе. Әліппе атты кемемен, Оқушы болдық сауатты,

Ақылшым сен – мұғалім. Кеземін білім мұхитын. Білімнің тегін қазатын.


Ақерке: Мақсат:

Білім деген ғажаптың Әліппе даңғыл жол ашты,

Әліппесін меңгерген. Жаңадан пәндер жалғасты.

Келешегі қазақтың Әліппе сырын ұқтырған,

Басталады біздерден. Рахмет, ұстаз алғашқы!



«Рахмет саған, әліппе» әні


Ана тілі: - Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!


Мұғалім Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың.

Ақ көңілмен баршаға

Тілек айтар қонақтар


Құттықтау сөзі:

Мектебіміздің директоры. Диплом, грамота , ата анаға алғыс хат

Ата – аналарда

Ертеңгілік соңында










































Гүлайым: Ермұхаммед:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Көз салып қараңызшы бойымызға
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Әліппемен қоштасу тойымызға.


Мәди:

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Сыныбымызды қонақтарға таныстырайық


Альбина: Асылхан:

Біздің сынып тамаша, Сабақтан ешкім қалмайды,

Көз тоймайды қараса, Нашар баға алмайды.

7 қыз бен 9 ұл Шаршамайды мұғалім

Күнде түгел санаса. Әр бала өнер таңдайды.


Бірі сүйіп спортты,

Бірі сурет салады.

Талабы зор балалар

Өнерден орын табады.


Мұғалім:

Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Балалар Хормен :Әліппе

Мұғалім:
- Иә, ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырып алғысымызды білдірейік.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе. Әліппе келеді (музыкамен)

Әліппе: Ана тілі:
Армысыздар, жас достар! Сәлем, ойшыл достарым!
Аталар мен аналар! Терең білім, ой –саналы,

Танысыңдар досыммен, Әрбір сөзім ой салады.

Достасыңдар осымен. Ғылым, тәлім, өнерім көп

Аттанғанда бүгін мен, Достасқанға берерім көп!

Ана тілін таныңдар,

Оқып Ана тілін

Ақыл, білім алыңдар!


Әліппе: - Балалар, сендер мені оқыдыңдар. Сонда менен не үйрендіңдер?


Еркебұлан: Арайлым: Абылай:

Келгенде алғаш мектепке Енді біз жаза аламыз, Бар кітапқа бас болған,

Білмеуші едік әріп те. Әріпті қосып әріпке. Әліппе- ғылым анасы.

Оқимыз қазір ертекті Риза боп саған жүреміз, Әліппеден басталған,

Үйреткен оны әліппе. Сүйікті біздің Әліппе. Даналықтың данасы.


Мұғалім:

1) Әліпбиді біліңдер Қырық екi жауынгер.
Әр әріпті таңып дәл. Сапын түзеп тұрады.
Біздің қазақ тілінде Бұлдiршiндер. Қауымды ел,
Қанша әріп бар? Сырын терең ұғады. Бұл не? (алфавит)


Алфавитті ортаға шақырайық

Мөлдір:

Алфавиттің А тұрады басында, А деген ол аналар ғой ардақты.

Әрқашанда Ә тұрады қасында Ә деген ол әкелер ғой салмақты.

Байқадың ба Б тұрады үшінші. Б деген ол балалар ғой әдемі.

Ал осының сыры неде? Түсінші: Біздің елде үшеуі де кәделі.


Әліппе: Балалар, менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

Ендеше «Шар ішінде не бар?» ойынын ойнап көрейік.

Әр шарда тапсырма бар. Шарды жарып, тапсырманы кім орындайды?

Ойын: «Шар ішінде не бар?»
Сұрақ:
1. Біздің қазақ балалары үшін ең алғаш «Әліппені» жазған кім?
2. Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болып келеді?
3. Апта күндерін ата?

4. Тәуелсіздік күні қашан?

5. Санамақ білесің бе?

6. Кемпірқосақтың неше түсі бар?

7. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кім?

Әліппе: -

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!