Материалдар / алжапқышты құрастыру және модельдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

алжапқышты құрастыру және модельдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
алжапқышты құрастыру модельдеу үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2018
742
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп








Технология пәнінен ашық сабақ



«Алжапқышты құрастыру

және модельдеу»


6 сынып






Технология пәнінің мұғалімі:Сейтхан:М.Е













2017-2018 оқу жылы


«Еңбек тобы»

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.


«Іскер» тобы

Оюлардан көреміз,

Кереметтер тізбегін.

Өрнектердің ізін,

Көріп, сездік те.

Мөлдірлік пен ізгілікті іздедік.

Еркін ойлап, сызба сызып үйрендік.

Үлгі қиып, сән үлгісін меңгердік.




  1. топ: Талшық дегеніміз не?



1 топ: мата бетінің құрылысы?



1 топ: Өлшем алу кезінде сақталатын ережелер?



1 топ: Матаның бойымен орналасқан жіпті қалай атайды?



2 топ: Мата шығару процессі.



2 топ: Қол жұмыстарына арналған қандай құрал-жабдықтарды білесіңдер?


2 топ: қол тігіс түрлерін ата.



2 топ: Көлденеңнен жатқан жіпті қандай жіп дейді?




Сабақтың тақырыбы: Алжапқышты құрастыру және модельдеу.

Сабақтың мақсаты:

Б іл ім д іл ік : алжапқыш бұйымдарының сызбасын дамыту. Маңыздылығын білу және түрлерін анықтау;

Дамытушылық: бағыт-бағдар бере отырып, ой-өрісін дамыту, топтық жұмыста шапшаңдылықпен ұқыптылыққа машықтандыру. Практикалық іс-әрекетін қалыптастыру;

Тәрбиелік: эстетикалық талғамға мән бере отырып, ептілікке, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық және практикалық, ізденіс, жобалық жұмыс.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

-жеке тақтамен жұмыс

- топтық жұмыс

- жұмыс объектісі: алжапқышты модельдеу

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі- иллюстративті, сұрақ-жауап, сарамандық, инновациялық технологияны дамыту. СТО. Деңгейлі сұрақтар.

Көрнекілігі: алжапқыш модельдері, технологиялық карта, сканворд, сызба түрлері, компьютер, интерактивті тақта.

Көрнекті құралдар: үлгілер, см таспа, лекало және 1:4 сызғыштар.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, информатика.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. 2 мин

Оқушыларды түгендеп, құрал-жабдықтарды тексеру.


Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мына сканвордты шешейік: 3 мин

Қызығушылығын ояту:

1. Киім тігуге пайдаланатын шикізат:(мата)

2.Тігін машинасының түрі: (қол)

3.Тігін құралы:(жіп)

4. Тігін машина түрі: (аяқ)

5.Қол тігіс түрі:(қайып)

6.Тігін құралы: (оймақ)

7.Мата түрі: (зығыр)

8.Тігін құралы (қайшы)











 


М

А

Т

А


Қ

О

Л



Ж

І

П

А

Я

Қ

Қ

А

Й

Ы

П


О

Й

М

А

Қ




З

Ы

Ғ

Ы

Р

Қ

А

Й

Ш

Ы




Дұрыс, біз қазір белдікті алжапқышты дайындау технологиясын өтіп жатырмыз.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Алжапқышты құрастыру және модельдеу.» Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын біз үй тапсырмасын тексерейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар екі топқа бөлінеді. 2 мин

«Еңбек тобы», «Іскер» тобы

«Еңбек тобы»,

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

«Іскер» тобы

Оюлардан көреміз,

Кереметтер тізбегін.

Өрнектердің ізін,

Көріп, сездік те.

Мөлдірлік пен ізгілікті іздедік.

Еркін ойлап, сызба сызып үйрендік.

Үлгі қиып, сән үлгісін меңгердік.



I. топтарға карточкамен сүрақтар беріледі.

Карточкамен сүрақтар.

  1. топқа: Талшық дегеніміз не? ( Мата талшықтан тұрады, талшықтар шығу тегіне қарай табиғи және қоспалы болып екіге бөлінеді. Табиғи талшыққа -өсімдік және жануар. Қоспалы талшыққа – химиялық әр түрлі шикізаттардан алынған талшықтар жатады.)

  2. топқа: Мата шығару процессі. ( Талшықтардан жіп жасау, яғни жіп иіру. Фабрикаларда жіптен мата тоқылады.

  3. 1 топқа: мата бетінің құрылысы? ( матаның екі жақ беті бар. Оң және теріс.Оларды матаның бетіне түскен суреті, түсі, реңі, бетінің жылтырлығы арқылы анықтайды)

  4. 2 топқа: Қол жұмыстарына арналған қандай құрал-жабдықтарды білесіңдер? (оймақ, см таспа, қайшы, инелер)

  5. 1 топқа: Өлшем алу кезінде сақталатын ережелер? ( оң жағында тұрып түсіру, беліе резеңкемен байлау)

  6. 2 топқа: қол тігіс түрлерін ата. ( көктеу, жөрмеу, көмкеру, қиғай көмкеру, майда қайшы тігіс, ірі қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу,)

  7. 1 топқа: Матаның бойымен орналасқан жіпті қалай атайды? (Негізгі)

  8. 2 топқа: Көлденеңнен жатқан жіпті қандай жіп дейді? (Арқау жіп)



Интерактивті тақтамен жүмыс.

I тапсырма (слайд арқылы керсетіледі).

1 топқа: Тақтада мақтаның суреті шығады.


Сұрақтарға жауап беру:

1. Мақтаның шыққан Отаны? ( Үнді, Қытай және Мысыр)

2. Қазақстанда мақта өсетін аймақ? (Оңтүстік Қазақстан )

3. Мақта неше жылдық есімдік? (бір жылдық)


2 топқа: Зығырдың суреті.

Сұрақтарға жауап беру:

  1. Зығырдың Отаны (Ресей)

  2. Зығыр матасының түсі қандай түсті болып келеді? ( сұр)

  3. Зығырды жылтыр сұр түсіне қарай қалай атайды? ( солтүстік жібегі)


Жұмбақ жасыру:

Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)


Бүгінгі біздің тақырыбымыз Алжапқышты құрастыру және модельдеу.

Дәптермен жұмыс: бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты жазу, Мағынаны тану:

 Не білемін

Не білгім келеді

Не білдім

Алжапқышты үйде тамақ пісіргенде киеді

1.Алжапқышты түрлі матадан тігеді.

2. Әр түрлі алжапқыштар болады.

Алшапқышты пішіп үйрену

Қандай тігістер қолданады

Алжапқышты тігіп үйрену

Алжапқышқа әдемі жиектер тігу

Оқушылар өздері үйден толтырады.

  1. Тақырыптың мақсатымен таныстыру.

Мақсатымыз алдарыңдағы алжапқыштың сызбасын модельдеу.

Модельдеу екіге бөлінеді: 1) Көркем модельдеу – әртүрлі әшекейлі өңдеулерді пайдаланып, бұйымның сыртқы түрін өзгерту.

2) Техникалық модельдеу –таңдалған модельге сәйкес пішімнің сызбасын өзгерту.

2) Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен шұғылданған кезде алжапқыш қолданамыз. Алжапқыш киімнің алдын ластанудан сақтайды. Алжапқышқа арналған мата қандай болу керек?

-Түксіз.

- Жеңіл.

- Тез жуылатын.

- Тігісі мықты.

Оларды шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бүл маталардан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі.

Алжапқышты бірнеше үлгімен тігуге болады (тақтаға үлгі шығады).

Ол тігіншінің қиялына байланысты. Алжапқышты тікпес бұрын, оның сызбасын қүрастырып, үлгі дайындайды.


Өз жұмысын қорғап шығу .

Әр топ өздерінің шағын жоба жұмыстарын яғни, алжапқышын ортаға шығып, өз моделі бойынша айту.


Сонымен қатар бұл алжапқыштың басқа алжапқыштардан айырмашылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетуі керек ( Мысалы: қалтасыннын жиегінде желбірі бар немесе кеуде тұсын кестеледік )


Бекіту сұрақтары:

1. Алжапқыш не үшін қажет?

2. Алжапқыш қандай матадан тігіледі?

3. Өлшемді қалай алады?


Тест тапсырмалары.

Деңгейлік тапсырмалар.


Бағалау.

Үй тапсырмасы: қалталарды модельдеу. Модельдерді әшекейлеу. 148-149 бет


  1. бөлім :

III- деңгей

  1. Қандай өлшемдер толық , ал қандай өлшемдер жартылай түрде жазылады ? Неліктен ?

  2. Адам денесін қай жағынан өлшейді ?

  3. Алжапқыш бөлшектерін ата ?

  4. 4. Алжапқыш үшін қандай өлшемдер қажет ?


II- деңгей

    1. 1:4 деген масштабты қалай түсінесің?

    2. ЖБА сызба неліктен жартылай өлшемде орындалады ?

    3. Киім өзіңе қонымды болу үшін не істеу керек ?

    4. Қиындыларды мата үстіне орналастырғанда неге назар аудару қажет ?

I- деңгей

    1. БЖО, МЖО, БҰ әріп белгілеулерін қалай оқуға болады ?

    2. Алжапқыш пен орамалды қандай матадан тігу қажет ?

    3. Алжапқыштың бөліктерін ата

    4. Киімдерді қандай жағдайда қолданамыз?


Жауап үлгісі


III- деңгей

1. Барлық ұзындықтар толық жазылады , орамал өлшемдерін толық өлшейді , бірақ өлшеген көлемінің жартысын жазады. Себебі сызба адам пішімінің жартысына құрылады .

  1. Әйелдер киімінің өлшемі оң жақтан алады .

  2. Кеуде , белдік , төменгі бөлік , қалта .

  3. Дн кеуденің ұзындығы . Ди төменгі бөлік ұзындығы Ст жартылай бел орамы , Сб- жартылай ( мықын ) орамы.


II- деңгей

  1. Сызбалар масштабы сызылады .Мысалы : табиғи түрлері см1:1, .4 , кішірейтілгендігісі 1:4 масштабтағы сызба жасалады , 1 см төрт бөлікке бөлу.

  2. Адам денесін симметриясының осі, бұл адам денесін екі бөлікке – оң және солға бөлетін сызық . Адам пішімінің екі жағы бірдей болса , егер адам пішіні симметриялы болмаса , онда әрбір жағы бөлек өлшенеді . Егер симметриялы болса, сызбаны адам пішінінің жарты бөлігіне құрайды.

  3. Өлшем алу керек.

  4. Ені суреттегі айырмашылықтарға


I- деңгей

  1. Ст – жартылай бел орамы . Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді . Өлшем белдіктің ұзындығын аңықтау үшін қолданылалы.

Сб- жартылай бөксе орамы . Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енінанықтауүшін қолданылады .

Ди- төтенгі бөлік ұзындығы

Дн- кеуденің ұзындығы .Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

  1. Киімді ластаудан сақтайтын , ауа өткізгіш , ылғалдылығын , жуғыш құралдардың ықпалына төтеп бере алатын және ұзақ мерзімге жарамды болатын матадан тігу керек.

  2. негізгі бөлім, белдігі, қалтасы, омырауы

  3. Ауа райының қолайсыздығында , сәндік үшін

 







Тест 5- сынып

Тақырыбы : " Киім және алжапқыш "

1. Киімді не үшін пайдаланады ?

а) суықтан сақтау үшін және әсемдік үшін

б) мерекеге бару үшін

в ) өзін өзі көрсету үшін

2.Киім адам пішіміне қонымды болу үшін не істеу керек ?

а) сызба жазау керек

б) өлшем алу қажет

в ) әсемдік жоба жасау

3. Алжапқыштың сызбасын тұрғызу үшін алынатын

өлшемдерді ата?

а) БЖо (Ст ) , БҰ (Ди ), МЖо (Сб)

б) БҰ (Ди),Дн,БЖо (Ст ),МЖо (Сб)

в ) ТН, БҰ (Ди),Дн,БЖо (Ст ),МЖо (Сб)

4. Алжапқыштың бөлшектерін ата ?

а) Кеуде ,белдік , төменгі бөлігі , қалта

б) Белдік , жең, төменгі бөлік , қалта

в ) Кеуде, қалта, жең, белдік

5. Алжапқыштың ені қандай өлшемге байланысты ?

а) БҰ (Дн)

б) МЖо ( Сб )

в ) БЖо ( Ст )

6. Адам денесін қай жағынан өлшейді ?

а) оң

б) сол

в ) төменгі

7. Алжапқыштың ұзындығы қалай атайды ?

а) БҰ (Дн)

б) МЖо ( Сб )

в ) БЖо ( Ст )

8. . Алжапқыштың енінің формуласы қандай ?

а ) МЖо = Сб: 2 +10

б) МЖо = От + 2

в ) Мжо = Сб : 2




Тест 6- сынып

Тақырыбы : " Киім және алжапқыш "

1. Киімді не үшін пайдаланады ?

а) суықтан сақтау үшін және әсемдік үшін

б) мерекеге бару үшін

в ) өзін өзі көрсету үшін

2.Киім адам пішіміне қонымды болу үшін не істеу керек ?

а) сызба жазау керек

б) өлшем алу қажет

в ) әсемдік жоба жасау

3. Алжапқыштың сызбасын тұрғызу үшін алынатын

өлшемдерді ата?

а) БЖо (Ст ) , БҰ (Ди ), МЖо (Сб)

б) БҰ (Ди),Дн,БЖо (Ст ),МЖо (Сб)

в ) ТН, БҰ (Ди),Дн,БЖо (Ст ),МЖо (Сб)

4. Киімнің түрлерін ата ?

а) Өндірістік , сәндік, мерекелік

б) Тұрмыстық , арнайы, ыңғайлы

в ) Формалық , өңдірістік, тұрмыстық

5. Алжапқыштың бөлшектерін ата ?

а) Кеуде ,белдік , төменгі бөлігі , қалта

б) Белдік , жең, төменгі бөлік , қалта

в ) Кеуде, қалта, жең, белдік

6.Алжапқыштың ені қандай өлшемге байланысты ?

а) БҰ (Дн)

б) МЖо ( Сб )

в ) БЖо ( Ст )

7. Адам денесін қай жағынан өлшейді ?

а) оң

б) сол

в ) төменгі

8.Алжапқыштың ұзындығы қалай атайды ?

а) БҰ (Дн)

б) МЖо ( Сб )

в ) БЖо ( Ст )

9. Алжапқыштың енінің формуласы қандай ?

а ) МЖо = Сб: 2 +10

б) МЖо = От + 2

в ) Мжо = Сб : 2






«Еңбек тобы»




«Іскер» тобы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!