Материалдар / Алма мен алмұрт.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алма мен алмұрт.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүсіндеу сабағына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2021
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: шығармашылық,таным.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: Алма мен алмұрт.

Мақсаты: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Міндеттері: күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру; алма мен

алмұртты салыстыру арқылы пішініндегі айырмашылықты анықтау;

ермексазды домалақтау, созу тәсілдерін қайталау; сөйлеу тілін дамыту;

қолдың ұсақ моторикасын дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: домалақтау, созу тәсілімен жемістер жасайды;

түсінеді: әртүрлі жемістерден үйлесімді натюрморт құрастыруды; күзгі

жиын-терін туралы;

қолданады: домалақтау, созу дағдыларын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар,

жемістер бейнеленген натюрморт, алма мен алмұрт, үлестірмелі материал.

Сөздік жұмыс: сопақша.

Билингвальді компонент: алма – яблоко, алмұрт–груша, сары–

желтый, қызыл–красный.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

Магниттік тақтаға натюрморттар ілінеді («Алмалар мен жапырақтар»,

«Себеттегі алмалар» және т.б.)

Суреттерде не бейнеленген?

Осы суреттер сендерге қандай көңіл күй сыйлады?

Бұл суреттер ашық түсті және көңілді бояулармен салынған, сондықтан

оларға қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй пайда болады.

Суретші неге алмаларды қызыл дастарқанның үстіне бейнелеген?

Әрине, сары және жасыл алмалар дастарқан үстінде әдемі көрініп тұруы

үшін ойластырылған.

Тағы бір суретте алмалар үстелдің үстінде жатыр, олар – қызыл және

жасыл түсті алмалар. Суретші олардың әртүрлі түсіне, көлеміне, дөңгелек

пішініне, тәттілігіне қызығып бейнелеген болуы керек. Сендерге қандай алма

ұнады?

2. Негізгі кезең

Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде жатқан алмаларға қараңдаршы.

Осы суреттерді бір-бірімен салыстырыңдар. Суретпен жұмыс аяқталғаннан

кейін педагог алма мен алмұртты қолына ұстап көрсетіп, пішінін

салыстыруды сұрайды.

Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі, түсі бар. Әртүрлі жемістерді

суретшілердің картинасындағыдай сауытқа әдемілеп орналастырайық.

Бүгін біз осы алма мен алмұртты ермексаздан жасап үйренеміз.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Сурет бойынша әңгіме

жүргізеді.

Қазір күз мезгілі. Бақтарда піскен жемістерді жинайды. Марат та бүгін

атасына көмектесіп, бақтағы алма мен алмұртты жинап жатыр. Біз оған

жәшіктерді толтыруға көмектесейік. Бір жәшікке жасаған алмаларымызды

саламыз, екіншісіне алмұрттарымызды саламыз. Біздің де жасайтын

жемістеріміз ағашта өсіп тұрғандай әдемі, жылтыр болсын.

Сөздік жұмыс: сопақша.

Билингвальді компонент: алма–яблоко, алмұрт–груша, сары–жëлтый,

қызыл–красный.

Сергіту сәті.

Саусағым, қайда болдың?

Балалармен не істедің?

Бір баламен жүгірдім,

Бір баламен биледім,

Бір баламен қыдырдым,

Бір баламен ойнадым,

Бір баламен секірдім,

Достарымды жинаймын,

Мүсіндеуді бастаймын!

(Г.Бектұрова)

Педагог мүсіндеу тәсілін көрсетеді.

Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен алманы жасаймыз. Алманың

сабағын орналастыратын жерді саусағымызбен шұңқырлаймыз. Сабағы мен

жапырағын жасап, шұңқырға орналастырамыз. Алмұртты жасау үшін,

алмадан үлкендеу дөңгелек жасап, жоғарғы жағын сопақша пішінге келтіріп

созамыз. Сыртын тегістейміз.

Жасаған жемістеріңді жәшікке салыңдар. Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог

балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия

Балалар, Марат сендерге жәшікті толтыруға көмектескендерің үшін

алғысын білдіріп жатыр. Ол өзінің ауласындағы бақта пісіп тұрған

жемістерінен сендерге беріп жіберіпті.

Педагог балаларға алма, алмұрт үлестіреді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!