Материалдар / Альтернативті энергия көздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Альтернативті энергия көздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Энергия көздері жайлы мағлұмат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2020
716
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Альтернативті энергия көздері

«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткендей,
«көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның
баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын
технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. 2050 жылға қарай елде энергияның
баламалы жəне жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың
кем дегенде тең жартысы келуге тиіс. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне
Елімізде тəуелсіздік алған күннен бастап арзан, тиімді электр энергия көздерін іздеу
мақсатында, “Қазақстанда 2050 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту
туралы” мемлекеттік бағдарлама қабылданды.Осы бағдарламаға сəйкес қазіргі
уақытта жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына
қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары
дəрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы
жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер
қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай
байқалмайды. Дегенмен, баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені
сөзсіз.
Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты
энергетиканың қоршаған ортаға кері əсерін төмендетуƏлемдік тəжірибеде солай.
Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
мəліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн
тоннаны құрап, оның 85%-ы 43 ірі кəсіпорынға тиесілі болған. Оның үстіне, қазіргі таңда
Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды –
негізінен, жергілікті көмірді жəне аз көлемде көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен
алынатынын ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына
қалдықтардың 10%-ға жуығын жəне улы қалдықтардың басым үлесін мұнай жəне
ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кəсіпорындар шығарады. Осы ретте,
қалпына келетін энергия көздерін қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник
газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар.
Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап
айтсақ, оны электр қуатын өндіру жəне жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның
энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады.Баламалы энергетика
— энергияны дəстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық
көздерден жəне т.б. энергия көздерінпайдалану арқылы алу.
Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Өнеркəсібі дамыған əлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары
дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен жəне көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу
электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына əкеп
соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан əлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия
көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. Жел
қондырғысы дегеніміз – жел энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін
қондырғы. Бұны желқозғалтқыш деп те атауға болады. Желқондырғысына негізгі əсер
етуші күш – ауа ағыны (жел). Ауа ағыны барлық қозғалатын заттар сияқты қозғалыс
энергиясы немесе кинетикалық энергияның қоры болады. Ауа ағынының кинетикалық
энергиясын жел дөңгелегі немесе басқадай жұмыс органы арқылы механикалық
энергияға түрлендіреді.Қондырғының міндетіне байланысты механикалық энергия


Page 2

орындаушы механизмдердің көмегімен электрэнергия, жылулық, механикалық жəне де
қысылған ауа энергиясына айналдыруы мүмкін.Желтурбинасының қозғалатын бөлігін
ротор деп атаймыз. Ротор жел ағының энергиясын көп қамтыса, соғұрлым көп электр
энергиясын өндіреді

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық жəне экономикалық
артықшылықтары көп. жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру
арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін
жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру
қажет.
Қазақстанның климаттық жағдайы - күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың
айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард
киловатт-сағат. Мəселен, күн сəулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық
автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сəулесінің
түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

Ал өз кезегінде күн энергиясын қолдану жылу мен жарықты қатар алуға мүмкіндік
береді. Бұл арзан əрі қолайлы. Сондықтан ол қазақстандық ғалымдардың басты
назарында.

Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыны фотоэлектрлік немесе
фотовольталық, ал күн энергиясын жылулық энергияға айналдыратын аспапты –
термиялық деп атайды. Бұл аспаптарды гелиожүйе-лер деп атайды. Экономикалық
құндылығын бағаласақ, күн қондырғылары эксплуатациялық шығынға ұшыратпайды,
оны жөндеу жəне қалпына келтіру үшін қор жұмсалмайды, ұзақ мерзімде жұмыс істей
береді

Су энергетикасы. Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б.
бар. Су энергетикасының энергия көздері турбина арқылы өтетін су ағынының орны
өзенге немесе көлге құятын жəне бұлақ суымен толтырылады. Су энергетика қорлары
— өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры.
Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп
отырады. Бұл энергияның арзан, əрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады

Биогаз – бұл тамаша қалпына келетін ресурс жəне мұны кез келген органикалық
қалдықтан (тамақ қалдығы, мал қалдығы, тұрмыстық қалдық, ағын суларының
тұнбасынан жəне т.б. сол сияқты) алуға болады. Тек бір ғана ауылшаруашылық
өнімдерінің қалдықтарынан пайда болған биогаздың потенциалдық қоры жылына 1-1,3
млрд. тонна жанғыш шикізат береді екен, ал бұл дегеніміз пайдаланылатын
дүниежүзілік энергия ресурстарының оннан бір бөлігі. Биогаз қондырғыларында
биогазды ең түрлі ауқымда алуға болады. Ол өз кəсіпорнын энергиямен қамтамасыз
ету үшін шағын тазарту мен қондырғылар болуы мүмкін жəне газ бен электр қуатын
желіге беруге арналған алып орталықтандырылған энергия парктері болуы мүмкін.

Жалпы, қалпына келетін энергияның келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта
сарқылмайды, əрі арзан, тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын
бұзбайды.Егер біз баламалы энергия көздерін тиімді жəнеүнемді пайдаланатын болсақ
бұл біздің келешегіміздің кепілі


Page 3

Жел энергиясын қалай пайдалану туралы ұсыныстар.
Қазақстан бірнеше аймақтарына желқондырғысын орнату керек деген ұсыныс
білдіремін. Ал орнату үшін, біріншіден бізге тұтынатын энергиямыздың мөлшерін
есептеп алу керек жəне өз жерімізге орташа соғатын желдің жылдамдығын білуіміз
керек, екіншіден, жел- қондырғысын орнататын жерді таңдау. Ашық ландшафтағы төбе
жəне тау жотасына жерқондырғысын орнату тамаша орын болып есептеледі. Төбеде
жел жылдамдығы жазық тегіс жерге қарағанда ылғида жоғары.

Сондықтан Қазақстан да жел энергиясын дамытуды басты назарға алу керек деп
санаймын.

Қолданылған əдебиеттер тізімі

1. Экономика журналы 2011 жылғы шығарылым.

2. С.Ə.Əлібекова Қолданылған балама энергетикалық қондырғылардың түрлері мен
параметрлері.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!