Шығыс Қазақстан
Облысы
Аягөз қаласы «Қалалық қазақ
мектеп-лицейі»КММ
Мектепалды даярлық топ
тәрбиешісі Нурлыбаева Гульнар Джумагалиевнаның сабақтарында ойын
технологиясын пайдалану іс –тәжірибесіндегі ойынның
маңызы.
Тақырыбы: Қалдық заттардан тұрмысқа
қажетті бұйымдар жасау
Аңдатпа:
Мақалада мектепалды даярлық
топ оқушынысының ойын технологиясы арқылы белсенділігін арттыруға
арналған дидактикалық ойын түрлерін
ұстанады
Аннотация:
В статье автор рассматривает
примеры применения игровых технологии для повышения активности
обучащихся дошкольной группы , акцентирует внимание на
дидактических играх
Annotation:
the author in the article
gives the examples of using playing technologies to increase the
engagement of pre-school students. The publication focuses on the
didactical games
Тірек
сөздер:
Ойын түрлері, қызығушылық,
тұлғалық дамыту, оқу процесі
Ключевые
слова:
Виды игр, интерес, личностное
развитие, учебный прцесс
Key
words:
The types of
games,interest,personal
development,the learning
process
Еңбегің кетпес далаға
...
«Баланы заманына қарай оқытып,
тәрбиелеу керек,»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, әрбір ұстаз заман
ағымынан қалып қоймай, үздіксіз ізденуі тиіс. Жоғары динамикалы,
жаһадану, дәуірінде өмір сүру үрдісін , ойлау мен қарым-қатынасты
түбейгейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ
адамның интеллектісіне , әл-ауқаттылығына , оның икемділікке,
жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамынын негізгі
капиталы бола алады.
Осы орайда оқушыны тұлғалық
дамыту міндеттерін іске асырудағы оның психикалық және
физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендіруде мектеп
білімінің маңызы зор. Әсіресе, «Білім негізі- бастауышта »дегендей,
кіші жастағы оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігі мен қоршаған
ортаның шынайылығы туралы білімді игерудің даралығын ашу , оқуға
ынтасын арттыру, білімін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі
сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын, оқу әрекетін
қалыптастыруға ықпал ету – әрбір ұстаздың парызы деп ойлаймын және
осыларды басшылыққа ала отырып, өз қолыммен , ізденісіммен,
шығармашылығыммен жасаған төмендегі құралдарымды көпшілікке ұсынуды
жөн көрдім. Олар : Бірнеше пәнге қолдануға мүмкіндік туғызатын
«Ойын технологиясы» негізінде құрылған дидактикалық «Әмбебап» ,
«Шырмауық» , «Таңғажайып алаң» , «Кім жылдам?»сияқты ойындар құрап
шығардым. Осы құралдарым арқылы оқушылардың пәндерге қызығушылығы
мен ынтасын арттырып, даралықтарын ашуға қол
жеткіздім.
Ойын – оқу процесіндегі
оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен
оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы
ретінде қолдануға болады. Мектепалды даярлық оқушыларының мектепке
келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие
процесінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға
бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар
арқылы жүзеге асады.Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті
жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі,
оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Нәтижесінде сабақ сапасы
жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге
ұмтылдырады, есте сақтау қабілеті қалыптасады.Ойын барысында
грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері
мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар
серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген
қызығушылықтары артады. Ойнай отырып баланың адамгершілік
қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады және
сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға
болады.Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті –
оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген
қызығушылығын арттыру.Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ
осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да
адамныңмәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі ғасыр, ойын
технологиясы арқылыбаланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру
жеңіл болмақ.Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы
әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Бала саналы,
мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және
тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір
құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы
зор.
А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса,
өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады» деген.
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы
жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу
тәсілі. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Балалар ойын
кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де
сөйлесіп жүреді. Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен
бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық,
зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-
ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен
ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік
қалыптасады. Ойындар - тек денені ғана емес, ойды да
жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын
егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді
көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес,
жан-жақты дамымақ емес. Ойындарды бүгінгі педагогикалық
ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың
сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған
баланың алғашқы ірге тастарын мықты қалыптастырған жөн. Сондықтан
кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу
керек.
Даярлық топ оқушыларына
арналған
авторлық танымдық
ойындар
Мақсаты:
Ойын барысында жан-жақты
ойлауға , өз ойымен бөлісе білуге
дағдыландыру.
Нәтиже:
-
Ойындар кезінде бір ғана
мәселелерді шешіп қоймай, басқа да тапсырмаларды орындауға
қалыптасады.
-
Тұғырықтан шығу жолдарды
іздеуге ықпал жасайды.
-
Мақсаты:
Негізгі
пәндердің барлығында қолдана отырып,оқушылардың ой –өрісін дамыту,
нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі
коммуникативті қабілеттерді меңгерту және танымдық қабілеттерін
жетілдіру.
Ойын
шарты: Балалар барлық ұйымдастыру
кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Топтық жұмыс кезінде өте
қолайлы.
Мысалы:
1.Сауат ашу негіздері кезінде
мысықтың суретін көру арқылы, мысық сөзін жазып
шығады.
2.
Экология
негіздері кезінде берілген тапсырмалар бойынша бұталар, ағаштар,
шөптесін өсімдіктер суреттерін көріп, керекті өсімдіктерді қоя
алады. Шөптесін
өсімдіктерге: құлпынай, бұрыш
т.б.
Бұталар
өсімдігіне: Шие, итмұрын
т.б.
Ағаштарға:
Өрік,
алма , алмұрт т.б.
Ойларын нақты шешімге апаруға
талпынады.
Д/о: Таңғажайып
алаң
Д/о: Кім
жылдам?
Д/о: « Әмбебап»
ойыны
Д/о: «Шырмауық»
ойыны
Мақсаты:
Айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасауға
қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны және оқушылардың
әріптерді құрастыруға, қарапайым математикалық әдістерді
пайдаланып, геометриялық фигураларды жасап үйренуге
дағдыландыру.
Ойын
шарты: Балалар барлық ұйымдастыру
кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Өз бетінше және жұптық жұмыс
кезінде өте қолайлы.
Мысалы:
1.Сауат ашу негіздері
кезінде жіптерден әріптер жазуға
болады.
2.
Қарапайым
математикалық негіздері кезінде әртүрлі геометриялық фигуралар
құрастыруға болады.
Д/о: «Таңғажайып алаң»
ойыны
Мақсаты:Қабілеті төмен
оқушылардың ой -өрісінің дамыту нәтижесінде , тығырықтан шығу
жолдарын табуға, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты
күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қабілетті тұлғаны
қалыптастыру.
Ойын
шарты: Балалар барлық ұйымдастыру
кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Мысалы:
1.Таңғажайып алаң ойынын
ойнау арқылы жан-жақты сұрақтарға жауап бере
алады.
Жылдың 4 мезгілін айтып,
айырмашылықтарын салыстыра біледі.
Әрбір қораптағы ыдыстардың
ішіндегі асықтарды санап, әріптерді танып айтып
шығады.
2.
Таңғажайып алаң ойыны барлық ұйымдастыру кезінде қолдануға
ыңғайлы.
Д/о: «Кім жылдам?»
ойыны
Мақсаты:
Суреттерді пайдалана отырып, бағыттаушының көмегімен
оқушылардыңбағыт-бағдарды анықтауға мүмкіндіктерін ояту,
шығармашылық құзыреттілігі мен қиялдау қабілетін дамыту, жан
құбылысын, сезімі мен ойын көркем түрде жеткізе білу талпынысын
жетілдіру.
Ойын
шарты: Балалар барлық ұйымдастыру
кезеңдерінде бұл ойынды қолдана алады. Топтық жұмыс кезінде өте
қолайлы.
Мысалы:
1.
Қарапайым
математикалық негіздері кезінде балалардың осы ойында , қай
қабатта?, нешінші пәтерде тұратындығы анықтауға
болады.
2.
Қоршаған
ортамен таныстыру кезінде қай жануар қайда мекендейтінгін және
қандай жануар екендігін білуге
болады.
Қорытындылай келе
айтарым ойын араласқан сабақ
тартымды өтеді, балалардың білуге деген құштарлығын арттырады,
түсініктерін
тереңдетеді. Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса,
қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны
тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі
– сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский
айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,
фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше,
баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы
екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген
ұтымды.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
-
Логикалық
сұрақтар,есептер,ойындар мен құрастырмалар/ Рамазан Омаров. Алматы
: Өлке 2012 ж. 320 бет
-
«Мептепке дейінгі тәрбиелеу
және оқыту» журналы .Алматы қаласы 2013 ж . 50 бет «Баланың
логикалық ойлауын дамыту »
Авторы:
Ойшиева.Б.А
-
Логикалық есептер,ойындар мен
құрастырмалар, «Өлке» баспасы 29.06.12 ж. Құрастырған. Р.Омаров 20
бет.
-
.[Баланың ойлау қабілетін
дамытуға арналған логикалық ойындар. Авторы: Саутова Б.К. интернет
жүйесі 1 бет 22.11.2011ж ]
-
Мектептегі психология №5, 2011
жыл
-
Мектептегі психология №1 2009
жыл
-
Б.
Байжұманов. Оқушылардыңпсихикалық даму ерекшеліктері.
Бастаукышмектеп,
-
Балаңызмектепкедайынба? Балаларәдебиеті, 2006
ж
-
Мектептегіпсихологиялықәдістемелікқұрал, Астана
2005 жыл
-
Қазақстанмектебі №11-12, 2008
жыл
-
Логикалықойлауқабілетіндамыту №11, 2008, 53-54
бет
-
«Балаңызмектепкедайын
ба?»,«Мектептегіпсихологиялық диагностика әдістемесінен», «12
жылдықбілім беру бағдарламасыәдістемелерінін» тест тапсырмалар мен
жаттығулар