МКҚҚ
№161 бөбекжай
–балабақшасы
«Алтын күз келді
бақшама»
(тақырыптық оқу
қызметі)
Кіші «Ботақан»
тобы
Тәрбиеші :
Нарынкулова.А.Т
2021-оқу
жылы.
Алтын күз келді ,
бақшама!
Мақсаты
: Балаларды күз мезгілінің
ерекшелігімен ұғындыру .Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға
пайдасын түсіндіру ,білімдерін кеңейту.
Тәрбиеші
:
Сәлеметсіздер ме қонақтар
,балалар.Бүгінгі біздің тақырыптық оқу қызметіміздің тақырыбы"
Алтын күз келді , бақшама» олай болса шаттық шеңберіне тұрайық
:
Тербеледі ағаштар
,
Алдымнан жел еседі
.
Кіп-кішкентай ағаштар
,
Үлкен болып өседі
.
Тәрбиеші :Жарайсыңдар
балалар(орындарына отырғызу)
Суретке қарап әңгімелеу .Күн
қысқарып ,түн ұзарады .Аспаннан бұлттар қаптап , жаңбыр жие жауа
бастайды екен.Құстар жылы жаққа ұша бастайды .Ағаштардың
жапырақтары сарғайып ,жерге түседі .Шөптер қурай бастайды
екен.Егіншілер астығын жинайды .Жеміс –жидек . көкөністер піседі
екен.
-Балалар қазір жылдың қай
мезгілі ?
-Күз мезгілі .Дұрыс
атасыңдар
-Күз мезгілінде неше ай бар
екен?
-3 ай .Қыркүйек , қазан
,қараша.
-Дұрыс айтасыңдар .Қазір қазан
айы екен.
-Күз мезгілінде жапырақтардың
түсі қандай болады?
-Сары , қызыл.Түске боялады
.
-Ауа- райы қандай болады
?
-Күн суытып , жаңбыр жие жауа
бастайды екен.
-Жыл құстары қайда ұшып кетеді
екен?
-Жылы жаққа ұшып кетеді
.
Ой ,Балалар тыңдайықшы , біреу
есікті қағып тұр ма ?Тук.тук.тук.
Әуенмен Күз Ханшайымы кіреді
:
Тәрбиеші : Қарсы алайық
бәріміз ,
Жасымыз бен кәріміз
.
Қырдан келіп
қыдырып
Алтын күз бірге нұр төгіп .Күз
ханшайымын қарсы алайық.
Сәлеметсіз бе ? Күз
Ханшайымы.
Күз Ханшайымы:Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп қосқаным
.
Сыйлығына қаныңдар
.
Молшылыққа кенеліп
,
Шаттық әнге
салыңдар.
Тәрбиеші :Ал, төрлетіңіз Күз
Ханшайымы сіз келіп көңіліміз көтеріліп қалды , солай емеспе
балалар ?
-Балалар –иә
.
Олай болса осы Күз Ханшайымына
арналған тақпақтарымызды айтып берейік:
Айша : Қызыл,сары алтын көк
,
Алуан алуан
жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
,
Көз тартады жадырап
,
Сезімай : Берекесін сыйлауға
,
Өлкемізге күз келді
.
Жемістерін
жинауға
Шақырады біздерді
.
Алуа :Құт береке астық толы
қоймамыз ,
Алтын күзді біз
тойлаймыз.
Әмір :Жапырақты тасалап
,
Өсетін жері бақша
–бақ.
Күрең қызыл шіркін-
ай,
Менің атым құлпынай
.
Әділет:Пісіп тұрған
алманың,
Жерге сілкіп түсірме
,
Ісіп кетер
маңдайың.
Бәрекелді балалар, недеген
керемет айттыңдар .
Балалар барлығымыз орнымыздан
тұрып
Музыка әуенімен бой сергітіп
,жаттығу жасап алайық:
Сергіту сәті : «Көңіл
күй»
Күз Ханшайымы : Ой неткен
өнерлі баласыңдар , сендердің өнерлеріңді көріп тамсанып отырмын
.Менің сендермен бір ойын ойнағым келіп
тұр:
Ойын : «Қандай
жеміс?»
Ойын шарты :балалар
жемістердің суреттерін көрсетіп , қандай жеміс екенін сұрайды
.
Жұмбақ жасыру .Жапырақты бояды
,
Атырапты бояды
.
Бояп-бояп
барлығын,
Сап сарығып тастады
.(Күз)
Көктен жауып түседі
,
Жерге келіп түседі
,
Жер оны ішеді
.(Жаңбыр)
Жарайсыңдар
балалар!
Шығармашылық жұмыс
балалармен.
Педагогтің балаларға
түсіндіріп, көрсетуі. Дайын салынған суретке дәстүрден тыс
технология әдісімен ( саусақпен сурет салу) ағаштың жапырақтарын
саусақты бояуға малып алу арқылы салу.
Күз Ханшайымы : Рахмет
балалар. Өнерлі балалар екенсіңдер .
Сендерге зор денсаулық
тілеймін .Жүздеріңнен күлкі кетпесін . Ал енді мен қайтайын, сендер
сияқты балапандар күтіп қалды мен соларға барайын . Сендерге жомарт
күзден жеміс-жидектер беріп кетемін .Тәтті-дәмді дәруменді
жемістердің дәмін көріңдер. Келесі кездескенше сау болыңдар
!
Тәрбиеші : Күз Ханшайымы сізге
де көп-көп рахмет .
Келер жылға дейін асыға
күтеміз сізді (музыка әуенімен Күз Ханшайымы шығып кетеді
).
Тәрбиеші :Балалар бүгінгі
біздің «Алтын күз, келді бақшама» атты тақырыптық оқу қызметіміз
ұнады ма?
-Күз мезгілінде қандай
құбылыстар болады екен?
-Жапырақтар сарғайады .Күн
суытады .
-Құстар қайда кетеді
?
-Жылы жаққа ұшып
кетеді.
-Бізге қонаққа кім келді
?
-Күз Ханшайымы келді
.
Балалар сендерге рахмет .Бәрің
жақсы қатыстыңдар .Ал кәнеки орнымыздан тұрып қонақтармен
қоштасайық.Сау болыңыздар.