Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Алтын күз"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ.Смайылов атындағы ЖББ №43 орта мектебі
«Алтын күз»
Өткізген: М.Болатова
З.А.Койгельдина
2017-2018 оқу жылы
«Алтын күз»
Мақсаты: Күз кереметтері туралы даярлық балаларының түсініктерін қалыптастыру,эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін,қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу
(сынып іші мерекеге сай безендіріледі,шарлар, қанатты сөздер т.б күзге байланысты әуен қойылып тұрады)
Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біздің мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдініздер!
Ән: «Күз тамаша» хор
Тақпақтар:
1Нұртөре
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
2Ғалымжан
Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне
3Сабина
Қарашы кү келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді
4Адия
Қолшатырлар көбейіп
Бұлт тұмшалады ыөңірді
Келді міне алтын күз
Аспан жасы төгілді
5
Жемісімен мөлдіреген бағы бар
Сары күздің саумал сазы танымал
Самал желмен баяу ғана толқиды
Сары масақ, қауызында дәні бар
6Бекарыс
Салқын тартып түз демі
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі
7Әли
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халұымыз
8
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәңге толы ең далам
Дариядай шалқып жүр
9
Шоғы толған гүлдей жайнап
Жарқырады алтын күз
Сайрандадық күліп-ойнап
Келді міне алтын күз
10
Тамсандырып таңдайды
Жеміс – жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Жер бетіне түсіді
11
Құстар қайтты күз болып
Сары бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп , гүл солып
Қыс ызғары басталды
12
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Ел егінің жинайды
Қырманға дән жинайды
Тәрбиеші:Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық! Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ма ол кім?
Балалар: ол күз!
Тәрбиеші: ендеше күзді ортаға шақырайық
Алтын күз: Армысыздар дархан елім! Мен сары алтындай алтын күз болам. Балалар мен өзіммен бірге күз айларын алып келдім.
Қыркүйек айы
Інжу
Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді,
Жемістерін
жинауға
Шақырады
біздерді.
Мен балалар сендерге жай
келген жоқпын өздерімнің жемістерімді алып
келдім.
«Жемістер»
1.Алма-Бейбарыс
Қызыл, сары түсім
Домалақ,сұлу мүсін
Ағашта өсем салбырап
Күзде пісем албырап
2.Шие-Саялы
Қып-қызыл нарттай
Шиемін өзім
Қызығасың маған
Түскенде көзің
3.Өрік-Ізбасар
Мына мен өрік
Бақшаға көрік
Піскенде жайнап
Аласың теріп
4.Мандарин-Балнұр
Сарғыш түсті мандарин
Ортасында дәні бар
Ауызға салсаң еритін
Балдай тәтті дәмі бар
5.Жүзім-Ислам
Мен жүзіммін,жүзіммін
Жаңа пісіп,үзілдім
Күлгін, жасыл,қара,көк
Көркі болам күзіңнің
6. Алмұрт-Нұраят
Шамға ұқсаған келісті
Сопақша бір жеміспін
Алмұрт деген атым бар
Тәттісімін жемістің
7.Банан-Әли
Арттырам күшін адамның
Балбыраған бананмын
Ыстығында өсемін
Тропикалық аралдың
Казан
айы Адия
Бұлт болып Алатауға
Байланыпты алтын күз,
Дастарханға таба
нанға,
Жиналыпты алтын
күз
Қараша айы Фархат Балалар менің де бұл тойға әкелген сыйлығым бар.Көкеністер келіңдер!
«Көкеністер»
1.Қызылша-Нұрайлым
Көкеністің ішінде
Менің атым қызылша
Денсаулығын нығайтып
Қызмет етем адамға
2.Қызанақ-Ибрагим
Қызара піскен бақшада
Қызанақты білерсің
Шырыным мен етіме
Тояттап-ақ жүресің
3.Сәбіз-Айғаным
Қызыл сары сәбізбін
Жер бетінде бұрымым
Көзге берер күш қуат
Дәруменнің бірімін
5.Орамжапырақ-Ақерке
Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін
6.Картоп-Асылхан
Отаным менің қиырдан
Күз болғанда жиылам
Асыққанда аналар
Мені табаға қуырған
7.Қияр-Ділда
Бақшада көп өсетін
Мен кәдімгі қиярмын
Жұлып алып жесеңіз
Күрт-күрт етіп тұрамын
Шалқан ертегісі
Шалқан-Фархат
Ата-Ізбасар
Апа-Адия
Немере қыз-Саялы
Күшік-Нұртөре
Мысық-Балнұр
Тышқан-Бекарыс
Ән: Қазақы дастарханым – Амантай Нұртөре
Алтын күз: Жарайсыңдар!Ал енді менің де сендерге ала келген біраз тапсырмам бар, соны орындап көріңдерші,жарайма!
1.Алтын күздің тапсырмалары:/әр топтан 3 бала шығарып алу,шартын түсіндіру/
І-ойын:Алтын күз жолда келе жатып дәнді дақылдар,көкеністер, жемістер жинап алған еді.олардың бәрі бірімен бірі араласып кетті. Сендер соларды өз аттарыңа байланысты ажыратып топтап беріңдерші!/шыққан балалар араласқан заттардың ішінен жемістер тобы жемістерді,көкеністер тобы көкеністерді, тауып өз үстелдерінде тұрған себеттерге апарып салулары керек.Уақыт белгіленеді, уақыт біткенде тоқтайды,қай топ қанша жинағандығы сараланып,жиған заттарының көп-аздығына көреді/
Би: Достар биі – Ақерке мен Ибрагим
Алтын күз: ІІ-ойын
-Ал енді сендерге тапсырма мынандай: мына жердегі шашылған жапырақтардың ішінен жемістер сары жапырақтар жинайсыңдар, көкеністер қызғылт сары жапырақтар жинайсындар,дәнді дақылдар тобы ашық жасыл жапырақтарды жинайсыңдар! Біз барлығымыз 20- ға дейін санаймыз,ал 20 дегенде тоқтайсыңдар, біз сендердің жиған жапырақтарыңды санаймыз. /әр түсті жапырақтарды шашып қойып үш топтан шыққан балаларға әр түсті жапырақтарды жинату/
Алтын күз: Жарайсыңдар,сендер өздеріңнің сондай бір алғыр, тапқыр белсенді екендіктеріңді көрсеттіңдер, бәріміз сендерге ризамыз.
Би: Қолшатыр-қыздар
Алтын Күз: Мен бүгін сендерге сондай ризамын, сендер менің мол байлығымсыңдар.Мен күз мезгілімін,ал сендер- жемістер, көкеністер, менің халыққа берер мол сыйымсыңдар. Бүгін мен сендерге өзімнің керемет сыйымды алып келдім. Ол сендердің алтын күз мерекесінде ерекше өнер көрсеткендерің үшін./Үш топқа жеміс-жидек тарату/
Алтын күз: Ал енді мен қайтайын, тағы аралайтын жерлерім бар, сендер сияқты тағы да алтын күз мерекесін тойлатқан елдерге барып қуанышымды жалғастырайын. Қош сау болыңдар!
Ән: «Алтын күз» хор
Би: «Маленькие звезды» флэшмоб
Жүргізуші: Алтын күз өзінің халыққа берер керемет сыйларының тамаша өнерлеріне дән риза болып аттаныпты. Назарларыңызға рахмет,келесі Алтын күзде жүздескенше!
1 сценарий Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейту, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Сынып іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңесі, яғни жемістермен көкөністер салынған себеттер.
Барысы: Әдемі әуен ойналып тұрады, қонақтар орындарына жайғасып болған соң сыныпқа балалар кіріп орындарына тұрады.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің мектепалды даярлық тобында өткізілгелі отырған Алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз!
Тәрбиеші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, меркелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам. Армысыздар қонактар! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоооқ.
Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз,
Сайраңдаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Алтын күз»
1 оқушы: Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
2 оқушы: Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді,
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
3 оқушы: Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді,
Осы ма, осы ма күз деген,
Бақшаға баратын бізбенен.
4 оқушы: Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты топырақ,
Ызғарлы екен желде тым.
5 оқушы: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Тәрбиеші: «Қолшатыр» биі
6 оқушы: Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
7 оқушы: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
8 оқушы: О, алақай тамаша,
Шашу шашады жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап!
9 оқушы: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
10 оқушы: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ән: «Көбелек» орындайтын: Амангелді Самира
Тәрбиеші: Балалар енді мен сендерге көкөністерге қатысты жұмбақтар жасырамын.
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға
Бәрі жейді тамсана. (Орамжапырақ)
Өсем бақша-бауыңда,
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикілей
Күлкі болма қауымға. (Шалқан)
Мен бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Венегретте үстелде. (Қызылша)
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жаңа піскен күйімде,
Жейді бәрі сүйсіне (Қияр)
11 оқушы: Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
12 оқушы: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
13 оқушы: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
14 оқушы: Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесе береміз.
Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»
15 оқушы: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дәриядай шалқар күз.
16 оқушы: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
17 оқушы: Күз сыйы бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де,
Күзбенен сәулетті.
18 оқушы: Сары алтыннан бұрымда,
Сары пүліш көйлегі:
Алтын күзді шынында,
Ару дерсің бейнелі.
Тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Алма: Мен алмамын, алмамын
Таңдайда калар бар дәмім.
Күз: Өте тамаша, балалар! Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенін табу.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап корейік. «Ұйқасын тап» ойыны
1.Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Оның аты (шабдалы)
2.Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба? (шиені)
3.Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Оның аты (таңқурай)
Би: «Жапырақтар»
Тәрбиеші: Алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар балалар,
Келгенше жыл айналып.
Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!
2
сценарий Берекелі
Алтын күз
Мақсаты:
Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың
әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық
әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу.
Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын
байыту.
Көрініс.
Балалар әдемі
сазды әуенмен саз залына кіріп
орналасады.
Жүргізуші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты
жарқын жүз.
Мол өнімді
ісімен,
Таңдандырып
халқын күз.
Армысыздар,
ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ортаңғы
«Балбала» тобының дайындаған «Берекелі алтын күз» атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз
мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты
алтын күз құрметіне арналған мерекемізді
бастаймыз.
1-ші бала:
Аспанды сұрғылт бұлт
Жан-жақтан
жабады.
Күн бірте
суытып
Жауын көп
жауады.
2-ші бала: Көк
майсалы көрікті
Алқаптағы көп
егін
Бұл күндері
киіпті,
Сары жібек
көйлегін
3-ші бала:
Ағаштарды жамырап
Ұшты кенет
жапырақ
Құстар қайтып
барады
Көк аспанды
қалықтап.
«Ән»
«Күзде»
Би:
«Саңырауқұлақ»
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, тыңдандаршы, бұл не шу? (Осы кезде
әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді. Қолында жеміске толы себет,
үсті толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі бас киім.
Қасында көкөністер бар.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Балалар:
Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам
армысын.
Табиғатым,жаны
жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы
күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар
халқымның алғысын.
Мен –Күз
ханшайымымын, сіздерді көргеніме
қуаныштымын.
Жүргізуші:
қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтар мен
өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз
(Балалардың қазақша, орысша, тақпақтары
)
Күз ханшайымы:
Рахмет Мен өзіммен бірге ойын алып келдім. Кәне ойын ойнауға қалай
қарайсыздар балалар.
Ойын: « Егін
жинап аламыз»
Ән: «
Күз»
Би «Жапырақтар»
биі.
Жүргізуші: Күз
ханшайымы, балалардың өнері ұнады
ма?
Күз ханшайымы:
Иә балалардың өнері ұнады
ма?
Күз ханшайымы:
Ия, балалардың барлығы да өнерлі екен. Ал ендеше ойын
ойнайық.
Ойын: «Кім
тез»
Күз ханшайымы:
Жарайсыңдар, балалар! Енді балалар, сендерге жұмбақтар жасырайын,
шешуін табыңдар.
1.Жазда інге
тығылып,
Жатқан қызыл
түлкіні.
Құйрығынан
қызыл түлкіні.
Құйрығыннан
суырып,
Әкелді әжем бір
күні (сәбіз)
2.Жайлы жұмсақ
төсегім
Домаланып
өсемін
Қабат-қабат
тоным бар.
Қалай оны
шешемін
Бұл не? (
Орамжапырақ)
3. Қалың киім
ұнатады
Шешіндірсең
жылатады. ( пияз)
Күз ханшайымы:
Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақты шеше
алдыңдар.
Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға.
Шақырады
біздерді.
( Осы кезде
әуен ойналып Шалқан ертегісі
басталады.)
Тәрбиеші: Ерте,
ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй
шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті.
Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып
өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып
қарайды.
Ата: Ой
бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіп қалыпты
ғой.
Тәрбиеші:
Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады,
бері тартады шалқанды жұла алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін
шақырады.
Ата:
Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды. қой көмекке, кемпірмді
шақырайын.
Кемпірім,
кемпірім,келші қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім
тарта алмай қалдым.Кел екеуміз бірге
тартайық.
Кемпір: Ой
шынында да, үлкен болып өсіпті ғой, кел тарсақ
тартайық.
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады. Бірақ шалқанды орынан
қозғалта алмайды. Кемпір қызың көмекке
шақырады.
Кемпір: Қызым,
қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Қыз: жарайды
апа сізге көмектесейін.
Тәрбиеші: қыз
көмекке келіп, шалқанды рет ретімен тартады. Бірақ күштері
жетпейді. Сонымен көмекке итін
шақырады.
Қыз: Ақтөс,
ақтөс, көмекке келші.
Ит: Аф, аф, аф,
көмектес, десендер
көмектесейін.
Тәрбиеші:Ит
қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдаң, шал
шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра
алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты
шақырады.
Ит: мысық,
мысық бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық: мияу,
мяу, көмектесіп жіберейін.
Енді мысық
көмекке тышқанды шақырады.
Тышқан: әрине
көмектесіп жіберемін.
Олар, тарта,
тарта шалқанды суырып
алады.
Күз ханшайымы:
Рахмет, балалар! Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге
денсаулық шаттық және
әкелсін!
Жүргізуші: Күз
ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл
айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз
сыйлығын топқа барғасын
бөлісеміз.
Осы кезде әуен
ойналып Күз ханшайымы қоштасып, шығып
кетеді.
( Осы кезде
найзағайдың күркірі
естіледі)
Балалар, Күн
жауғалы тұр, біз жауынан қорықпаймыз. Ән саламыз
«Осень»
Жүргізуші:
Күздің кереметі,байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді
дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы
байлыққа жету үшін, көп енбек ету керек. Сондықтан сіздер енбекшіл,
болуларыңыз қажет. Бүгінгі күз мерекесін жақсы тойладық.Әр отбасына
бақ, береке әкелсін! Осымен «Берекелі алтын күз» атты
ертеңгілігіміз аяқталды, сау
болыңыздар!
3 сценарий Алтын күз
Мақсаты:
1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.
2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:«Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер.
Жүргізуші:
- Саламатсыздар ма құрметті шақырулы қонақтар, ата-аналар. Біз бүгін сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз! Ертеңгілігімізді бастамас бұрын халқымыз неліктен күзді «Алтын күз» дейді.Соған тоқтала кетейік.
Марлен
- Күз маусымының алғашқы айы-қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.
Ерасыл
-Күз маусымының екінші айы-қазан. Бұл ай-жиын –таеін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.
Әділет
- Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш-қурай жапырағыннан айрылып, орман-тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.
Жүргізуші
Балалар жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз?
Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық!
Күз
Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге бұртиып, қабағымды түйе қаламын.
Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп-төгіп жіберемін.
Әйтсе де, менің жомарттығым мен ақ көңілділігімді бәрі де ұнатады.
Жүргізуші
Балалар күз мезгілі сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?
Ендеше күзге арнаған өлең, тақпақтарымызды айталық.
Айнара:
Күз де келді, күз келді
Құстар мекен іздеді.
Күз де келді, күз келді
Қондырмайды түзге елді.
Күз де келді, күз келді.
Керек оқу бізге енді.
Нурдаулет
Қыркүйек келіп, күз келіп
Шопан көшті күздеуге
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздер де.
Сара
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ,
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Саят
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын тау.
Гүлназ
Астық жеміс жиылды
Алдық өнім сыйыңды
Ардақты куз, мың алғыс
Қамбамызға құйылды
Мансұр
Алтын, сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Айкөркем
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Дильназ
Күздің сыйын алайық
Қызығына қарайық
Күзге арнап бәріміз
Әнімізді салайық.
Ән: Жау-жау жаңбыр.
Ойын: Алма теру
Көкөністер мен жемістер айтысы.
Ж-ші:
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып-қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер мен жемістер жиыла қалып дауласты.
Көкөністер мен жеістер.
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Қырыққабат
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Сәбіз
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қияр
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Қызанақ
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген?
Шалқан
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауыпкөр менен дарханды.
Өрік
Өрікпін мен, өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін.
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Пияз
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Шие
Шиемін мен, шиемін
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Картоп
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық.
Көкөністер мен жемістер:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз?
Ж-ші: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!
Би: «Күзгі жапырақтар».
Ж-ші: Балалар күз ханшайымы сендерге жұмбақтар әкелген екен, шешуін тауып көремізбе?
Жұмбақтар:
1.Іші-жұмсақ,сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
(Қарбыз)
2.Дөп- дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.
(Алма)
3.Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көп киім
Жаңбыр жауса өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(Қырыққабат)
Күз:Рахмет балалар,
Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға нәр бір демім
Өздеріңмен біргемін.
Ж-ші: Балалар күз ханшайымын шығарып салайық
Би:« Көбелектер».
Ән: «Әрқашаш күн сөнбесін».
Ж-ші:Осымен Алтын күз мерекесі аяқталды, балалар сендерге көп рахмет!