Материалдар / Алтын күз!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2018
260
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Алтын КүзМерекеге сай безендірілген бөлме. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге билеп кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Еркемай» балабақшасының «Ақсұңқар»тобының балалары дайындаған «Алтын Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Армысыздар, халайық,Бармысыздар халайық!Күзгі тойды жұп жазбай,Келіңдер қарсы алайық!- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.Қолымызға не ұстап келдік?- Жапырақтар.- Осы жапырақтардың түсі қандай?- Сары.(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!Балалар: Сәлеметсіз бе!Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,Табиғатым жаны жайсаң тал мүсінХаншайымы Күздің бүгін келіп тұр,Алмақ болып бар халқымның алғысын.Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.Ағайынды бәрі,Шықса – жасыл,Түссе – сары. Бұл не?Балалар: ЖапырақКүз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.Ән «Күзгі жапырақтар»Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.1-бала: (Қыркүйек) ҰлжанБірінші қыркүйекБілімге бастады.Мал мен аң жүр билеп,Құс шарлап аспанды.2-бала: (Қазан) СерікЖаңартқан ғаламдыЖаңбырлы ғажап айОсынау замандыОрнатқан қазан ай.3-бала: (Қараша) Айзере Мол байлық тергеніШаттығы қаншалық.Қарашы, өрледіҚараша ән салып.Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар. «Өнерлі бала – елдің көркі»Алкімнің өнері бар қаншалықты, Би-билеп, ал біреуі ән салыпты, деп Серік пен Мансурды «Балапан» биімен қарсы аламыз.Тәрбиеші: Өнім биыл тамаша!Көз тоймайды қараса:қияр, бұршақ, орамжапырақ, шалқан,асқабақ қарашы.Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.Балалар (хормен):Жиналып қаппыз бәріміз,Қайсымыз ең дәмдіміз?Ішімізден адамғаТиеді көп пайдамыз?Райымбек (Бұршақ)Кішкене түймедеймін менҰнаймын мен бәрінеДәмді тағамдарыменСый жасаймын бәріңе!Мейіржан: (Орамжапырақ)Мақтанғаннан не пайда?Менсіз дәмді щи қайда?Мені қосса самсаға,Бәрі жейді тамсана.Жігер: (Қияр)Дәмім тілді үйіргенМен тұздалған күйімде!Жаңа піскен кезімдеЖейді бәрі сүйсіне!Олжас: (Шалқан)Кім білмейді шалқанды?Талайлар маған таң қалды.Бәріне сый боламынТауып көр менен дарханды.Мустафа: (Асқабақ)Өсем бақша-бауындаҚатты ұқсаймын қауынғаЖемек болып шикідейКүлкі болмай қауымға.Тәрбиеші:Көкөністер бәрідеДенсаулыққа пайдалыМұны жақсы біліңдер,Оларды жақсы көріңдерТәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдармен қыздар жемістерді себетке жинайды. Шапшаңдылыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса сол жеңеді.Ойын: «Кім жылдам?»Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Тәрбиеші: - Ал, балалар, балалар, Енді бері қараңдар.Ақсұңқар тобыныңҚолшатыр биін тамашалаңдар.«Қолшатыр» биіТәрбиеші: Күз келіп хан мен ханшайымӨткізді күзгі бал айын Ханшайым тапқыр қыз болдыАғызар сөйлеп сөз майынАл, ханымыз ақылды Барша жұртты шақырдыБи де билеп ән айттыҚуаныштан шалқы – деп модельлер қыздарымызды ортаға шақырамыз.Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Ән: «Жау,жау жаңбыр»Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.Күз ханшайымы:Берекелі бақ дәулетАртта түссін тойланып.Сау болыңдар, балалар,Келгенше жыл айланып.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)Қош бол,Күз ханшайымы. Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.(Тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аудару)Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.







МКҚК «Еркемай» балабақшасы «Алтын күз»













Орындаған: Түселбай М





Бекітілді__________________Балабақша әдіскері: Темірова Н.

















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!