Материалдар / "Алтын күз" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2018
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын күз»

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.Жүргізуші кіреді.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді.



Балалар тақпақтары

Айғаным: Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Сымбат: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Ануар:Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Зере: Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.



Аруна: Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Нұрия: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Дария: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз.

Хамза: Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

Хор : «Күзгі жаңбыр»

(балалар өз орындарына отырады)

Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан «Күз ханшайымы»келіпті

(осы кезде себетке толы жемістері бар «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар

Балалар:Салеметсізбе!

Күз ханшайымы:Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан «Еркем-ай «тобына арнайы келдім.Маған өнерлеріңді көрсетесіңдерма?

Балалар:Ия

Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақта ,биде билей алады.Біздің балалардың барлығы ақылды.

Күз ханшайымы:Ондай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс

Ата –аналарға жұмбақ жасырады

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би-билейік ойнайық.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайқ.

Балалар тақпақтары:

Заңғар: Дала сары киінді,

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

Бекарыс: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді

Алма: Амир

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал,

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал



Шие: Ислам

Мен маржандай шиемін

Күн сәулесін сүйемін

Жемістерім піскенде,

Жерге басымды иемін



Қияр: Айзере

Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде ,

Бес алғандай қуандым



Пияз: Аруназ

Қос батырдай түйілген,

Тоғыз қабат киінген.

Аршимын деп пиязды

Жылап шықтым үйімнен.



Бұрыш: Дина

Аршығанда бұрышты

Абай болған дұрысты

Ашытады көзіңді ,

Жылатады өзіңді.



Қырық қабат: Нұрасыл

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат, қабат киініп,

Қырық қабат атандым.

Сәбіз: Ерасыл

Өсіретін бойыңды ,

Дамытатын ойыңды.

Қоянғада азықпын

Сәбізбін жазықсыз

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп келеді)

Қоян: Балалар күз ханшайымы менен бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп әрең жеттім.Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен ойнайсыңдарма?

Балалар Ия

Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық. Ойынның аты

«Кім жылдам».

Қоян:Балалар ойын ұнадыма?

Балалар : Ия

Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар балалар.

Балалар : Сау бол қоян

Жүргізуші: Кане балалар шеңбер болып тұрып әнімізді орындап берейік

«Қайсы екен қолымыз»

Балалар тақпақтары:

Шұғыла:

Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Қауын: Жасмин

Жинап досты бауырды

Ортаға алдық қауынды

Жарып ішін қауынның

Қарық қылдық қауынды

Асқабақ: Ұлдана

Қауынанда басқарақ,

Қарбызданда басқарақ.

Семіріпі бақшада ,

Қандай болып асқабақ

Ерсұлтан:

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз, бақшаға баратын,

Алақай-ау күн жақын

Дильяр:

Жапырақтар сарғайған,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар ұшып барады.

Жүргізуші:

Қарсы алайық қол соға,

Өнерлі жас қаншама

Мың бұралып, билеген

«Қолшатыр» биімен ортада

Би «Қолшатыр»

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнадыма?

Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.



















































«Арайлы,алтын күз!»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация, жеміс-жидек, көрме.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Жомарт күз!» мерекесімен құттықтаймын.
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке! (хормен)
Би: Аррива

Алмат:
Бүгін мейрам бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

Аружан:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді,күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Ақниет.
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс ,бірлік ала келді.

Ақбота:
Алтын ,сары ,қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырық.
Күзгі бақтар күлімдеп,
Көз тартады атырап.



Ислам:
Алақай,алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті,дән пісті,
Айтамыз алғысты.

Ахрам:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Жүргізуші.

Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүек айы(Ахмедияр) Менің атым –Қыркүйек.Күздің бірінші айымын,Байлықтың,барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

Алихан:
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.


Қазан айы:Нұрхан .Н Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
-Ұстаздар күні,қарттар күні бар.(Іңкәр)
Қараша айы (Думан). Күздіңтсоңғы айы қараша деген мен боламын !Күннің суып ,қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Айым:
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.
Жүргізуші:Енді,балалар ,мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға шақырайық,қолында күзгі базарлығы бар)

Күз ханшайымы:
Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
-Көп рахмет сізге,Алтын күз.(Бәрі хормен)
Жүргізуші:Күз ханшайымы ,мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?
Күз ханшайымы: балалар оны еңбекпен алулары керек.
Жүргізуші:Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті,шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді

Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл,
Түссе сары.(Жапырақ)


Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )


Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)


Күтпеген жерден Дымбілмес кіріп келеді.
-Балалар ,мен жаңа өзі әдемі киінген,қолында себеті бар бір қызды көріп едім.Мына базарлығын жолда ұмытып кетіпті.Сендерге келмеді ме?
-Рахмет саған! Сенің есімін кім болады?
-Дымбілмеспін! Мен еш нәрсе білмеймін ,балардан үйреніп алайын.
-Ал мен күз ханшайымымын! Біздің арамызға қосыл Балалар менің сіздерге алып келген ойыным бар.

Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат»
Ойынның шарты. Балалар көздері жұмып ауыздарын жеміс пен көкөністі салады.
Күз ханшайымы: Балалар айтыңдаршы,жемістер қайда өседі? (Бақта) Көкөністер қайда өседі?(бақшада)
Біздің қыздарымыздың әсем биін тамашалайық .

Би: «Ай ,будет круто!»
Жүргізуші:
Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.


Пияз (Аманжан)
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.


Асқабақ (Нариман)
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыста сақтап қоюға

.
Қауын(Ерхан)
Исім жұпар аңқыған ,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.


Қарбыз (Нұрхан)
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.

Марлен:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат — қабат киініп,
Қырыққабат атандым.


Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді де тамашалайық.
Алма(Меруерт)
Нарттай қызыл алмаман,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.


Алмұрт(Айым)
Мен алмұрпын,алмұртпын,
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін.
Жесең тойып қалатын.


Өрік (Нұрсұлтан)
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.


Жүзім (Темірхан)
Мен жүзіммін,жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.


Шие( Инабат)
Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе жаныма,
Басымды мен иемін.

Дымбілмес: Балалар ,менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің өнерлердің көрдім енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрелік. Мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келеді. Ойынның аты «Жаңбыр суы».Ойынның шарты бойынша мына екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса ,сол адам менің сыйлығыма ие болады.Ендеше ойынымызды бастайық.


Жүргізуші.Рахмет,Күз ханшайымы,Дымбілмес!Балалардың өнері әлі таусылған жоқ.Төрімізге шығып ,тамашалаңыздар!



Дильназ
Қамба толды астыққа
Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық,та,
Қап-қап астық алдық біз.



Саламат
О,балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Гүл жапырақ салыпты,
Ел егінін егіпті.

Дария
Күзде жауын,бұлт –тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады даланы.

Нұрмұхаммед:
Жарып шыққан қауызын,
Дән өмірлік азығың.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
Ерте тұрып ақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын,диқаннан,
Егін егіп,нан жиған.

Элеонора.
Көк майсалы, көрікті.
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін

.
Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!
Жүргізуші:

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталды.









Алтын күз ертеңгілік сценарий

Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар. Біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін «Балапан» тобының балалары күзгі баққа саяхатқа келіп отыр.
Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық.
(күз патшайымымен амандасу)
Күз патшайымы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?

-Олай болса бастайық.
Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшасын төрге отырығызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.
Көрініс: «Көкөністер айтысы»
Санжар мен Ақжүніс бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Аида (қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.

Рауан (картоп):
Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Рашида: (Ас бұршағы):
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын және бәріне,
Дәмді салаттарыммен ,
Сый жасаймын бәріңе.

Айзере (пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.

Айрайлым (сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.

Балнұр: (шалқан)
Кім білмейді шалқанды,
Дәмімді татып таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр менен дарқанды.

Мәди (қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәрі тамсана.
Бекзат (қызанақ):
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.

Бекзада: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.

Бегімай (Асқабақ)
Іші сары, сырты қатты,
Дәні-дәрі, дәмі-тәтті.
Пісіріп жесең ас тамақ,
Мұның аты асқабақ.

Санжар:
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.

Ақжүніс:
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер.
Ән: Ана тілі

 

«Дәмін тат та, атын айт» ойыны.
Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен,
яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Темірлан:
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.

Інжу:
Ой балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Жанель:
Жапырқтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып бар құстар кетіпті.

Жұмбақ шешу ойыны.
(Табиғатқа байланысты жұмбақтар)
Махамбет:
Алтын сары қызыл көк,
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.

Ақнұр:
Күзде жайнап ашыла,
Күннің нұры көшкендей.
Алма ағаштың басына ,
Қызыл қарбыз өскендей.

Мансұр:
Алтынға бояп өңірді,
Күзде келді көңілді.
Бау- бақшада , орманда,
Сары жапырақ төгілді.

Диана:
Қыркүйек қазан,қараша,
Күздің бұлар айлары.
Үлкендер қуанып балаша,
Егіндерін жинайды.

Ән:«Алтын күз»

Орындайтын: хор
«Дыбысты тап» ойыны
Балалар сендерге табиғаттың әртүрлі құбылыстарын дауыстарынан танып ажыратайық.
Би: «Жаңбыр»
Орындайтын: Балнұр мен Аида.
Балалар сендерге күз патшайымы рахметін айтып өз сыйлықтарын үлестіреді.
Ән орындау.
Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.






























«Алтын күз»


Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

Заңғар:

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

Аруна:

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Бекарыс:

Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Айсұлтан:

Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.



Ерсұлтан:

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Зере:

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Інжу:

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз.

Маржан:

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

(Үн таспадан дыбыс естіледі)

---Ау балалар ,бір дыбыс естіледі ме?Бізге орман жақтан келе жатқанкірпі апай ғой кәне амандасайық

Балалар: - Сәлеметсіз бе кірпі апай.

Кірпі: -Сәлем балақайлармен мерекенің үстінен түсіппін ғой .Мен алманы іздеп келсем

Жүргізуші:

Кірпі: - Тамаша балалар

Жүргізуші: Кірпі апай сізге мына жерде Ақ қоянның сәбізі бар екен.

Қоян шығып

Аруна: - Кірпі апай мынаны алыңыз( сәбізді ұсынады)

Кірпі: - Ой,мен сәбізді ұнатпаймын,бірақ мұны жесең бойың өседі дейді ғой.Рахмет.

Түлкі шығып

Ұлдана: - Кірпі апай жүзім жеп көріңіз(Жүзім ұсынады)

Кірпі: - Иә, жүзім дәрумендерге бай ғой.Жоқ жүзімді ұнатпаймын

Тышқан шығып

Иманәлі: - Апай мүмкін мына дәнді аларсыз

Кірпі: - Рахмет, тышқанжан пейіліңе.Маған дәнде ұнамайды бұларды ормандағы достарыма беремін.

Жүргізуші: Балалар кірпіге не ұнайтынын білесіңдер ме?

Балалар: Саңырауқұлақ ұнайды

Жүргізуші: Онда, кірпі апай,саспаңыз біз де көп саңырауқұлақтар бар.Қазір көресіз

Би: « Саңырауқұлақтар»

Кірпі: - Ой жақсы болды ғой орманға алып кетейін рахмет,балалар сау болыңдар(Саңырауқұлақтарды алып кетеді)

-Күз ханшайымын көрсем жол сілтеймін

Жүргізуші: Ата-аналар осы саңырауқұлақтардың бірнеше түрі бар.Олардың аттарын атап,қандай тағамдар жасалатынын және қандай дәрумендерге бай екенін кім біледі?

Жүргізуші:-Күз ханшайымы келгенше күз мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсірейікші.

Балалар:-Күн суытады,жаңбыр жиі жауады.Құстар жиі жаққа ұшып кетеді.

Жүргізуші:- Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: -3 ай ,Қыркүйек,Қазан,Қараша

19.Төрегелді

Қарашы күз келді,күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түйеді

20.Арман

Қарсы алайық бәріміз

Жасымызбен кәріміз

Қырдан келіп қыдырып

Алтын күзге нұр төгіп

21.Айару

Егінім пісті алқапта

Қазағымның ырысы

Төрт түлігім семірді

Көз тартады тұрысы

23Айзере.

Күздің айы тамаша

Жеміс жидек піседі

Астықтар оралып

Қоймаларға түседі

24 .Айғаным

Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартып кәрі қүз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз

Нүрия:

Алтынға бояп өңірді

Күзде келді көңілді.

Бау-бақшада ,орманда,

Сары жапырақ төгілді.

Дария:

Қыркүйек,Қазан,Қараша,

Күздің бұлар айлары.

Үлкендер қуанып балаша,

Егіндерін жинайды.

Нұрасыл:

Қамба толды астыққа

Алғыс саған,Алтын күз!

Бір уыс дән шаштықта ,

Қап-қап астық алдық біз.

Жүргізуші: -Ендеше «Алтын күз» атты әнді орындаймыз

Ән: «Алтын күз»

Музыка ойналып ,Күз ханшайымы да келеді.

Жүргізуші:-Міне ,балалар Күз ханшайымы да келеді.

Балалар:-Сәлеметсіз бе?

Күз ханшайымы : Уа халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын

Жүргізуші:- Қош келдің Күз ханшайымы! Төрлет.

Күз ханшайымы : Балалар мен құр алақан келген жоқпын өзімнің жемістерімен көкөністерімді ала келдім.



1.Алма: Ерасыл

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал,

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал

2.Шие: Ұлдана

Мен маржандай шиемін

Күн сәулесін сүйемін

Жемістерім піскенде,

Жерге басымды иемін

3.Қияр: Амиралі

Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде ,

Бес алғандай қуандым

4. Пияз: Иманәлі

Қос батырдай түйілген,

Тоғыз қабат киінген.

Аршимын деп пиязды

Жылап шықтым үйімнен.

5.Сәбіз: Әмір

Өсіретін бойыңды ,

Дамытатын ойыңды.

Қоянғада азықпын

Сәбізбін жазықсыз

6.Жүзім:Ануар

Моншақ болып тізілдім

Шырынмын мен,нәрмін мен

Топ-топ болып үзілдім



7.Қызанақ:Арай

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген



8.Қарбыз:Дильяр

Күздің әрбір таңында

Өзімнің бау-бағымда

Жайылып жасыл желегім

Менде өсіп келемін



9.Қырық қабат: Дина

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат, қабат киініп,

Қырық қабат атандым.

10.Картоп:Санжар

Мен ұялшық картоппын,
Мен емесепін мақтанар,
Мені жақсы көреді,
Үлкендермен балалар.

Би: Көкөністер

Жүргізуші:- Ой Күз ханшайымы здар қандай керемет,ал енді сізде балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.

12.Аруна:

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

13.Бекарыс:

Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

14.Айсұлтан:

Алтын, сары, қызыл көк,

Алуна, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.



15.Ерсұлтан:

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

16.Зере:

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

17.Інжу:

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз.

18.Маржан:

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен бастайық

28Тоғжан

Күзде жауын,бұлт –туман

Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйытқып .

Сапырады даланы.

Күз ханшайымы : Кәне балалар сендермен бір ойын ойнап жіберейін

Ойын: «Жапырағынан таны»

Ойын шарты:Емен,қацың ,қарағай ағаштарының ерекшеліктерін айтып жапырақтарын тауып жапсыру керек.

Жүргізуші: Күз ханшайымы ойыныңыз қандай керемет!Жарайсыңдар балалар!

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалар екі тілде ән орындап бермек.

Ән: «Уражайная»

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ-дәулет

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар, балалар

Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!