Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
«Алтын Орда мемлекеті: территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы»
Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақ жүргізу;«Қазақстан тарихы» сабағынан СӨЖ, дәріс тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану;Реферат, баяндама және жоғарғы курстарда курстық, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Реферат кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан ( бірінші тарау екі бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
02 Желтоқсан 2018
5395
7 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих, экономика және құқық факультеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: «Алтын Орда мемлекеті: территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы»
Студенттің аты-жөні: Сақтаған Г.Е.5в011400 Курсы ІІ, топ И (о)-16 кОқу түрі: күндізгіЖетекші: Т.ғ.к., доцент Картова З.К.
Петропавл қ., 2018 ж. Мазмұны
Кіріспе3
1. Алтын Орда мемлекетінің тарихи сахнаға шығуы1.1.Алтын Орданың территориялық аумағы51.2.Алтын Орданың этникалық құрамы6
2. Алтын Орда мемлекетінің саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайы2.1. Алтын Орданың саяси тарихы82.2.Алтын Орда мәдениетінің дамуы142.3. Алтын Орданың ыдырауы17
Қорытынды19Пайдаланылған әдебиеттер20
Кіріспе
Қазақ халқының ғасырлар бойы мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің тарихи тәжірибесін объективті шындық тұрғысынан жүйелі түрде зерттеу - отандық тарихнамаға жүктеліп отырған күрделі де маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта қол жеткізген ғылыми тұжырымдардың мемлекеттік идеологияны, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруына, егеменді еліміздің іргетасын нығайтуға, жалпы алғанда халқымыздың болашаққа деген сенімінің артуына қосар үлесі зор.Кең-байтақ еліміздің тарихы әлі де толығымен зерттелмеген. Соңғы онжылдықтарда тарихшылар зерттеулерінің пәні Қазақстан аумағында мемлекеттің дамуы болды. Мемлекеттің пайда болуын осы аумақта қазақ хандығының немесе Монғол империясы мен монғол мемлекеттерінің тууымен байланыстыру тоқтатылды. Тақырыптың өзектілігі: «Ел тарихы – жер тарихы. Жер тарихы – мемлекет тарихы». Біздің қазақ халқы «Тарих толқынында» қалыптасқан ұлт екендігіні анық. Бүгінгі таңда Алтын Орда мемлекетіне деген қызығушылық әлсіреген жоқ және оның тарихы көптеген елдерде бұрыннан зерттеліп келе жатыр. Алтын Орданың өзектілігі өте маңызды, ғылыми және тәжірибелік қызығушылыққа ие. Бірақ, Алтын Орданың өмірі мен тарихының көптеген саяси және күнделікті аспектілерін бағалауда әлі де қарама-қайшы пікірлер бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытқа дейін ғылыми жұмыстар мен оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ тарихтың кеңінен таралған көрінісінде, Алтын Ордаға байланысты бірқатар қателіктер немесе қалыптасқан көзқарастар бар. Алтын Орда мемлекеті туралы тың деректер аз, сондықтан бүгінгі таңда зерттеп, зерделеп, тарихына тереңінен үңілу жас ұрпақ үшін өзекті мәселе болып табылады.Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты Ұлы Дала тарихындағы елеулі із қалдырған Алтын Орда мемлекетінің ХІІІ ғ. – ХV ғ. ортасындағы тарихын саралап, Еуразия кеңістігіндегі этникалық үдерісін айқындау.Жұмыстың міндеттері: Айқындалған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер тобы орындалады:-Алтын Орда мемлекетінің территориялық орналасуын айқындау және этникалық құрамына тоқталу;-Алтын Орда мемлекетінің саяси тарихына шолу жасау;-Алтын Орда халықтарының қалыптастырған мәдениетіне тоқталу арқылы өзіндік ерекшеліктерін көрсету;-Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себептерін қарастыру.Жұмыстың хронологиялық шегі: Алтын Орда мемлекетінің тарихы ХІІІ ғ. – ХV ғ. ортасын қамтыды. Осы кезең жұмысымыздың хронологиялық шегі болып табылады. Жұмыстың тәжірибиелік мәні:«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мектепте сабақ жүргізу;«Қазақстан тарихы» сабағынан СӨЖ, дәріс тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану;Реферат, баяндама және жоғарғы курстарда курстық, дипломдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Қолданылған әдістер: бұл рефераттық жұмыста сипаттау, синтездеу, тарихи-салыстырмалы, уақытнамалық, сұрыптау (анализдеу), кезеңдеу әдісітері қолданылды.Мәселенің тарихнамасы: Алтын Орда тарихына көптеген ғалымдар қызығушылық танытып, өз еңбектерінде көптеген деректер қалдырып кеткен. Жалпы, Алтын Орда туралы көп зерттеген ғалым Федоров-Давыдов еңбектерін атауға болады. Атап айтқанда, Алтын Орда мәдениетінің күштілігі және Алтын Орда астаналары Сарай мен Жаңа Сарай ХІV ғ. дүниежүзінде әсем қалалардың бірі екендігін араб тарихшысы, саяхатшы Ибн Баттута былай дейді: «Әсем қалалардың бірі, тез көтерілген, адамдарға толы, базарлары әдемі және кең көшелері бар. Бір күні біз жылқымен қаланың бір шетінде тұрдық, азанда шығып, қаланың келесі шетіне жету үшін түс ауғанда жеттік. Бұның бәрі үйлерден қатарлап тұрғызылған, көшелерінде бос жерлер жоқ және бақтар да кездеспейді дейді. Қалада отыз мешіт бар, сонымен қатар тағы да кішігірім мешіттер де кездеседі. Онда көптеген халықтар тұрады: монғолдар, олардың көбі мұсылмандар, қыпшақтар, черкестер, русьтер, византиялар тұрады. Әрбір халық өз территориясында тұрады. Онда өздерінің базарлары, мешіттері бар. Саудагерлер болса бөлек тұрады. Көпестер Ирактан, Египеттен, Сириядан келгендер». (Тизенгаузен Смизо 1884. 306 б.)Екінші бір араб жазушысы ХIV ғ. Әл-Омари Алтын Орда туралы өзінің құнды мәліметтерін қалдырып кеткен болатын. Әл-Омари бір дерегінде былай деген: «Сарай қаласы Берке ханның әмірімен Еділ өзенінің жағасында салынған. Сонымен қатар ол дуалы жоқ жазық жерде орналасқан. Келгендерге-үлкен сарай бар, оның үстінде алтын жаңа ай орналасқан. Сарайды дуалдар қоршап тұр, моншалар, үйлер орналасқан. Бұл өзен (Еділ) Нілдің көлеміндей, кейбір жерлері екі-үш есе үлкен болып келеді. Онды үлкен кемелер жүзіп, орыстарға, славяндарға барып тұрады. Бұл өзеннің бастауы Славян жерінде. Ол ұлы қала: өзінде базар, баня, мешіттер, тауар сақталатын жерлері бар болған. Ортасындағы көлщік осы өзеннен тартылған. Ондағы су тек жұмысқа арналған. Ішу үшін суды өзеннің өзінен алады». «Искуство кочевников и Золотой Орды», «Культура и общественный быт золотоординских городов» және т.б. Федоров-Давыдовтың көптеген мақалалары Алтын Орданың мәдениеті мен қоғамдық ерекшеліктері Советская Археология журналында баяндалған.Т.Омарбековтың «Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» деген еңбегінде Алтын орданың тарихына жан-жақты тоқталып, құнды деректемелер келтірген[1; 146 б]. Ортағасырлық Қазақстан тарихының алғашқы кеңестік парадигмасын құруға Б.Греков пен А.Якубовскийдің 1937 ж. жарық көрген ғылыми монографиясы негіз болды. Осы ортағасырлық еңбекте мынадай деректер келтірілген: «Алтын Орда Жошы Ұлысы және Көк Ордамен біртекті»; «Қырым, Қазан (Б.Грековтың айтуы бойынша, бұл Бұлғар хандығы да) және Астрахан хандықтары Алтын Орданың мұрагерлері болып табылады».Шоқан Уәлихановтың сөздері және оның шығармаларының редакторлары тарапынан білдірілген пікірлер аса көрнекі эпизод болып табылады. Мәселен, Ш.Уәлиханов: «Қырғыздар дәстүрлері бойыншга өздерін Алтын Орда татарларының ұрпақтарымыз деп санайды». Шоқан Уәлиханов дүниеден озғаннан бір ғасырдан аса уақыт өткен соң пікір білдірушілер: «Өздерін Алтын Орданың ұрпағы деп қазақтар емес, тек Шыңғыс ұрпақтарының әлеуметтік тобы ғана санайды»,- деп жазды.Жұмыстың құрылымы: реферат кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар екі тараудан ( бірінші тарау екі бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен) және пайдаланған әдебиттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
1. Алтын Орда мемлекетінің тарихи сахнаға шығуы1.1. Алтын Орданың территориялық аумағы
1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.1239 ж. басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 ж. күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғ. аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қол астына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайлды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты моңғол мемлекетін құрды. Территориялық аймағы – Шығыс Дешті Қыпшақ яғни Обь пен Ертістің жоғарғы жағынан, Еділ мен Амударияның төменгі бойларына дейінгі жері, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі, жаңадан жаулап алынған жерлер енді.Бату -1243-1255 жж., Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 ж. Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді [2; 79 б.].Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді. Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған. Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІV-XV ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.
1.2. Алтын Орданың этникалық құрамы
Алтын Орда этникалық құрамы жағынан күрделі мемлекет болған. Оның құрамына бір-бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары – ең көбі қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. Отырықшылардан бұлғарлар, орыстар, черкастар, хорезмдіктер, т.б кірді. Мұнда моңғолдар саны аз болды. ХІІІ ғ. аяғы мен ХІV ғ. моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың халқы «татарлар» деген атау алды [3; 118 б.].Шыңғыс хан өзіне жақындатқан негізгі төрт ру болды. Бұл рулар 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс ханды ақ киізге отырғызып, моңғол тайпаларының ханы етіп салайды. Осылай 1206 ж. бастап Моңғол империясының негізі қаланып, оның негізгі этникалық құрылымын наймандар, қияттар, меркіттер және керейлер құрайды. Әр заманда осы төрт тайпа Шыңғыс ханның және оның мирасқорлары құрған хандықтың орталық тайпалары болды. Жошы Ордасының құрылған кезінде Шыңғыс хан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы, ірі қара мал және оларды бағып жүргендермен қоса Жошыға найман тайпасының құрамынан екі ірі ру – Балталы және Бағаналы руларын бөліп берді. Бұл рулар Алтын Орданың құрамына кіріп, Орда әскерінің негізін құрды. Белгіленген рулар бүгінгі күні де Жошы ұлысы болған территорияда мекен етеді, яғни Ұлытау тауларынан оңтүстікке қарай Қарағанды облысында. Алтын Орданың негізгі халқын қазақ тайпалары мен татарлар құрады. Бұл тайпалар Алтын Орданы билеуші тайпаларына айналды.Араб деректемелерінде көрсетілген қыпшақ тайпалары деп аталған ноғай халқының тайпалық құрылымы келесі түрде көрсетілген:
Жошы ұлысын мекендеген басқа түрік тайпалары туралы деректер табылған жоқ. Қалған халықтарды араб тарихшылары орыстар мен шеркестер деп атайды. Кейінірек керейлерден Абақ-Керей, Ашымайлы-Керей рулары бөлініп, Керей тайпасы деп аталды. Керейттердің қалған рулары басқа елдердің құрамына еніп (қырым татарлары, өзбек, қарашай, қарақалпақ), қазір Қазақстанның Батыс бөлігінде мекен етеді. Олардың саны азайып, Керейт деген жалпы атаумн Жетірудың құрамына кірді.Алтын Орда дәуірінде қазақ тайпалары жүздерге бөлінген жоқ. Жүздерге бөліну әкімшілік қажеттіліктен туған құбылыс болды. Қазақ халқының жүздерге бөліну кезінде қазақ халқының құрамынан қияттар, маңғыттар және қожалар бөлініп кетті. ХV-XVI ғғ. маңғыттар Алтын Орданың құрамында жаңа автономия – Ноғай ордасын құрды. 770 ₸ - Сатып алу

- Қият 12. Ошақты
- Жалаир 13. Алшын
- Қаңлы 14. Жетіру
- Албан 15. Арғын
- Суан 16. Найман
- Дулат 17. Қыпшақ
- Шапырашты 18. Керей
- Сіргелі 19. Меркіт
- Шаңышқалы 20. Қоңырат
- Ысты 21. Маңғыт (ноғай)
- Сарыүйсін 22. Уақ
Жошы ұлысын мекендеген басқа түрік тайпалары туралы деректер табылған жоқ. Қалған халықтарды араб тарихшылары орыстар мен шеркестер деп атайды. Кейінірек керейлерден Абақ-Керей, Ашымайлы-Керей рулары бөлініп, Керей тайпасы деп аталды. Керейттердің қалған рулары басқа елдердің құрамына еніп (қырым татарлары, өзбек, қарашай, қарақалпақ), қазір Қазақстанның Батыс бөлігінде мекен етеді. Олардың саны азайып, Керейт деген жалпы атаумн Жетірудың құрамына кірді.Алтын Орда дәуірінде қазақ тайпалары жүздерге бөлінген жоқ. Жүздерге бөліну әкімшілік қажеттіліктен туған құбылыс болды. Қазақ халқының жүздерге бөліну кезінде қазақ халқының құрамынан қияттар, маңғыттар және қожалар бөлініп кетті. ХV-XVI ғғ. маңғыттар Алтын Орданың құрамында жаңа автономия – Ноғай ордасын құрды. 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
Барлығы 663 959 материал жиналған
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ