Материалдар / Әмірхан Абдуллин «Ақкөл жағасында»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әмірхан Абдуллин «Ақкөл жағасында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Планшеттен «Айналайын Торғайым» әнін іздестіріп кімнің сөзіне жазылғанын екенін айтқызу . Ән аяқталғасын не көргендерін, әннің не туралы екендігін сұраймын. Оқушылар жауап береді. Олай болса, бүгінгі сабағымыз А.Байтұрсынұлы туралы Ә.Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты әңгімесінен үзіндіні оқимыз. Авторы Ә.Абдуллин Торғай селосы Жанкелдин ауданының тумасы, газет редакторы болып қызмет атқарған зейнеткер. А.Байтұрсынұлы – аса ірі ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын, аудармашы, ұстаз, әдебиет зерттеушісі, мемлекет қайраткері, ағартушы, күрескер. Ол 1873 жылы Торғай облысында Ақкөл ауылында туған. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап боп басылып шыққан. Қазақ әліппесі «Әліпби» 1921 жылы шыққан. «Тіл құралы» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «а»

Күні: 27.11.2017 жыл

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Әмірхан Абдуллин «Ақкөл жағасында»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әңгімені түсінік бере отырып, оқуға итермелеу, оқушы бойында оқырмандық көзқарасын қалыптастыру.
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп, дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.

Күтілетін нәтижелер:
- сұрақтарға нақты жауап береді;

  • қиялдайды, арманын айқындайды;

  • мәтінді оқиды, түсіндіреді, топта талқылайды;

  • сабақ бойынша не білетіндерін, нені білу керектігін кері байланыс парағына түсіреді;

  • сауалнама арқылы өздерін бағалай алады.

Керекті жабдықтар: Оқулық, автор суреті, интерактивті тақта, А.Байтұрсынов суреті, текше, постерлер, маркер, стикерлер, орындық, чемодан, еттартқыш, қоқыс шелегінің суреттері.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, Ассоциация құру, талдау, қорыту, сұрақ-жауап, «кубизм», радиодикция, ыстық орындық, «тазалық» кері байланысы.
Модульдер: АКТ, бағалау, диалог
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті, Оқушы әрекеті

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: Кіріспе
(Оқушылармен амандасу, топқа бөлу)

Топқа бөлу.

Топтың аттары А.Байтұрсынұлының оқулықтарымен аталады.

І топ: «Қырық мысал»

ІІ топ: «Тіл құралы»

ІІІ топ: «Әліпби»

Психологиялық дайындық.

(көңіл күйлерін білу)

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.



Бүгінгі сабақты бағалау үшін сабаққа қатысқан оқушылардың тізімі мен тапсырмалар жазылған кестені тақтаға ілемін, сабақ барысы бойынша оқушыларды бағалап жұлдызша жапсырып тұрамын. Сабақ соңында жұлдызша санын есептеп, бағалаймын.

Үй тапсырмасын сұрау. С.Көбеев «Қырдың жас түлегі».

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-С.Көбеев «Қырдың жас түлегі»

«Кубизм» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұралады.

Үш топтан үш-үштен оқушылар шығып, текшені лақтырып, түскен сандарға байланысты сұрақтарға жауап береді.

1. Шығарма кім туралы?

2. Шоқанның қандай шығармаларын білесің?

3. Сен офицер болсаң не істер едің?

4. Анатолийдің жасағаны дұрыс па?

5. Шоқан бұл шығармада кім болған?

6. «Қорқарың бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

Жаңа сабақ. Әмірхан Абдуллин «Ақкөл жағасында»

Қызығушылықты ояту. Планшеттен «Айналайын Торғайым» әнін іздестіріп кімнің сөзіне жазылғанын екенін айтқызу . Ән аяқталғасын не көргендерін, әннің не туралы екендігін сұраймын.

Оқушылар жауап береді.

Олай болса, бүгінгі сабағымыз А.Байтұрсынұлы туралы Ә.Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты әңгімесінен үзіндіні оқимыз.

Авторы Ә.Абдуллин Торғай селосы Жанкелдин ауданының тумасы, газет редакторы болып қызмет атқарған зейнеткер.

А.Байтұрсынұлы – аса ірі ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын, аудармашы, ұстаз, әдебиет зерттеушісі, мемлекет қайраткері, ағартушы, күрескер. Ол 1873 жылы Торғай облысында Ақкөл ауылында туған. Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап боп басылып шыққан. Қазақ әліппесі «Әліпби» 1921 жылы шыққан. «Тіл құралы» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегі бар.

Оқулықпен жұмыс

Енді, мәтінді 3 бөлікке бөліп оқып шығамыз.

Осы оқыған жерлеріміздің тақырыптарын ашып алайық.

«Сұрақ - жауап» әдісі қолданылады.

І топ, сендер оқығанда Ахмет кімдерді көрді? Ахмет әңгіме басында неше баламен сөйлесті? Олай болса, бұл бөлім тақырыбы «Ахметтің балалармен диалогы» болады. ІІ топ, сендер оқыған бөлімде олар қайда жиналды? Онда не істеді? Бұл бөлімге «Ақкөл жағасында айтылған жұмбақтар» деп тақырып алайық, ІІІ топ, жұмбақты қайдан үйренді? Осы сұраққа жауап ретінде «Ахмет оқулықтарынан» деп атаймыз.

Постермен жұмыс.

І топ: Оқыған бөліктеріне радиодикция жасау, Ахметке ассоциацияны ақылдасып құру.

ІІ топ: Мәтіндегі жұмбаққа ұқсас өздерің білетін жұмбақтар мен жаңылтпаштарды ойдан құрастырып жазыңдар.

ІІІ топ: Ахметтің шығармаларын атап, бір шығармасына диалог жасау.

Әр топ өздерінің тапсырмаларын тақтаға іліп, қорғайды.

Сергіту сәті – «Көңілді күн»

Дәптермен жұмыс.

Бүгінгі күн ретін жазып, оқулықтың 91 бетіндегі кестені толтыру.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытамын. Үш топтан үш оқушыдан шығып, орындыққа отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді. Мәтінге байланысты сұрақтар қойылады.

Бағалау.
Бүгінгі сабақта қатысқанына байланысты тақтадағы жапсырылған жұлдызшалар санын есептеп, бағалаймын.

Үйге тапсырма.Ә.Абдуллин «Ақкөл жағасында» мәтінін оқу

Рефлексия. «Тазалық»

Чемодан - тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.

Еттартқыш - бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар.

Қоқыс шелегі - сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!