Материалдар / Ән падишасы. Сабақ жоспары. Қазақ тілі.7-сынып.Арман ПВ баспасы.ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ән падишасы. Сабақ жоспары. Қазақ тілі.7-сынып.Арман ПВ баспасы.ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.7.1. ғаламтор, энциклопедия,газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау; 7.4.4.1 Етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
590
27 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

3-бөлім:

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ән падишасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.7.1. ғаламтор, энциклопедия,газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау;

7.4.4.1 Етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаты

- ғаламтор, энциклопедия,газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасайды;

- келер шақтың түрлері туралы біледі;

-етістіктерге жұрнақ жалғайды, келер шаққа айналдырады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал тудыру



Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!



Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады


Оқулық, жұмыс дәптерлері


Сабақтың басы

Миға шабуыл



Ой шақыру сұрақтары

Аққуға аспандағы әнін қосқан – Әміре Қашаубайұлы.

Жарқын Шәкәрім

Қазіргі таңда «ән падишасы» деп кімді айтар едің? Әншілік өнерге қызығасың ба?


«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

.


1-тапсырма

Тыңдалым

Сынып











2-тапсырма.











3-тапсырма.

Оқылым.

Жұптық жұмыс




4-тапсырма.

Топтық жұмыс.



5-тапсырма.

Жазылым.

Жеке жұмыс













ӘТН
















Мәтінді тыңда. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды анықта.


Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер. Жұбыңның жауабымен салыстыр.


  1. «Әнді кестелеп, қошқар мүйіз салып, үкі-маржан тағып айту» дегенді қалай ұқтың?

  2. «Ертеден қара кешке дейін үздіксіз ән шырқаса да, айнымай, әнді жаңа ғана бастағандай әрбір әні мүлтіксіз естіледі» дегенді қалай түсіндіресің?


Мәтінді оқып, қазақ музыка өнерінің дүлдүлдері тізімін жалғастыр. Дереккөзіне сілтеме жаса.

Мәтін тақырыбы:

«ЭКСПО»-ға қатысқан алғашқы қазақ.


Бүкіл әлем өнеріне тәнті болған әншінің тағдыры қалай болды деп ойлайсың? Тобыңмен талдап, пікірлес.


Кірме сөздерді синонимдерімен алмастырып, мәтінді редакцияла.

Әміре Қашаубайұлы – әуелеген әнімен адамзат баласын таңдандырған тенор әнші. Қазақ музыкасындағы Әміренің миссиясы Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Мәди сынды тұлғалардың әншілік дәстүрін советтік кезеңге жалғастырып, жеткізіп беру болды. Қатарлас әріптесі Елубай Өмірзақов Әмірені «самородный сары алтын» деп атаған екен. Әміре, шын мәнінде, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді.

Жарқын Шәкәрім


Оқушылар келер шақ туралы ережемен оқып танысып, жасалу жолдарын Түртіп алу» әдісі арқылы дәптерге жазады.

Дескриптор:

-тыңдалым мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

-айтылым дағдысын қалыптастырады;

-мәтін бойынша сұхбаттасады;

-сілтеменің құрылымын біледі;







Дескриптор:

-шылаулардың ерекшелігін ескереді;

-үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;

-мәтінді өңдеп, редакциялай алады;

-келер шақ етістігі және оның түрлері, жасал жолдары туралы біледі.








Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК





Мадақтау стикерлері-мен бағалау


Сергіту сәті

Ансамбль

Мұғалім сыныптағы топ санына байланысты әр топқа бір музыкалық асаппатың ойнау үлгісін ұсынады.Мұғалім әуендетіп, дирижердің қимылын көрсетіп, қай топты нұсқаса, сол топ өзіне берілген аспапта ойнайды. Егер мұғалім барлық топты көрсетсе, әр топ өз аспабында ойнауы керек.


Сабақты бекіту

6-тапсырма.

Тақтамен жұмыс










7-тапсырма.

Жеке жұмыс


Етістіктерге жұрнақ жалғап, келер шақ етістіктеріне айналдыр.


Сұрақтарға жауап жаз. Осы шақ және келер шақ етістіктерін тап.

  1. Қазіргі қазақ музыкасының дамуына көңілің тола ма?

  2. Музыканың қай түрін (жанрын) ұнатасың?

Дескриптор:

- -етістіктерге жұрнақ жалғайды;

-келер шақ етістіктеріне айналдырады;

-сұрақтарға жауап береді;

-осы, келер шақ етістіктерін табады



Оқулық

Үй тапсырмасы

8-тапсырма.

«Аққуға аспандағы әнін қосқан» тақырыбында аргументті эссе жаз.


Оқулық

Сабақ соңындағы рефлексия

«Кері байланыс бутерброды»

әдісі.

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....




Сөзжұмбақ.


Picture 2

  1. Джаз

  2. Рок

  3. Күй

  4. Блюз

  5. Поп

  6. Опера

  7. Классика

  8. Эстрада

  9. Симфония

  10. Романс


Қосымша тапсырма:

«Т» кестесі. Төменде берілген етістіктердің қайсысы ауыспалы келер шақ, қайсысы ауыспалы осы шақ екенін тауып жазыңдар.

Мен музыканы ұнатамын. Асқар автобуспен қалаға барады. Біз үнемі жақсы көңіл-күйде жүреміз.

Болашақта үлкен үй саламын. Қайтарда сені ала кетемін. Айман сабағын жақсы оқиды. Сәниямен бірге көйлек алуға барамыз. Санжар мұғалім болып жұмыс істейді. Менің домбыра тартып үйренгім келеді. Әсел, сен торт пісіргенді жақсы көресің, солай ғой?

Дұрыс жауап :

Ауыспалы келер шақ

Ауыспалы осы шақ

Болашақта үлкен үй саламын.

Мен музыканы ұнатамын.

Асқар автобуспен қалаға барады

Біз үнемі жақсы көңіл-күйде жүреміз

Қайтарда сені ала кетемін

Айман сабағын жақсы оқиды.

Сәниямен бірге көйлек алуға барамыз.

Санжар мұғалім болып жұмыс істейді.

Менің домбыра тартып үйренгім келеді.


Әсел, сен торт пісіргенді жақсы көресің, солай ғой?














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!