Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана
тілін құрметтеуге баулу.
Барысы:
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, «Ана тілім - ажарым, асыл
мұрам » танымдық кешіне қош келдіңіздер! « Ана тілім өркенде, Бола
бер күшті, көркем де » деген сөзбен бүгінгі кешімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
I
бөлім: «Ана тілім - мерейім». Оқушылар тілге деген құрметін
жүрекке ұялаған өлеңдермен жеткізеді.
Тілім менің-тірегім, дінім
менің,
Тілсіз қандай болады күнім
менің?!
Өз халқына жетеді өз
мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым
менің.
Тілім менің – қуатым, күшім
менің,
Күшім кетсе не болар ісім
менің?!
Тілсіз өмір бар десе
түсінбедім,
Тілімменен тірлікті
мүсіндедім.
Тілім менің – асылым, арым
менің,
Арым кетсе не пайда барым
менің?!
Бас кескендер тілімді кесе
алмаған,
Тілден бұрын кетеді жаным,
демім.
Тілім менің – қазынам,
қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас
иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі
жоқ,
Бола көрме, ана тіл,
қасіретім.
Тілі өлсе болмайды тірі
халық,
Бірі өліп тұра алмас, бірі
қалып!
Басқа емес өз Ана тіліңде
тек
Тіршілігін білдірер ұлы
халық.
(Оқушылар Ана тіліне тағзым
етеді, осы кезде барлығы бірге айтады)
Тілім менің – ғасырлардан
аманат,
Аманатқа адал болсын
қағанат,
Ар-намысқа келтірмейік
жамағат,
Қазақ болып туылдық
па,
Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге
бағалат.
Сүйемін туған тілді, анам
тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген
білім.
Шыр етіп жерге түскен
минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс
үнін.
Ән: «Анамның тілі- аяулы
үні».
Ана тілін
білмеген
Ардақ тұтпас
даласын.
Ана тілін
білмеген
Сыйламайды
анасын.
О, туған тіл!
Дүниеде
Сен болмасаң не етер
ем?
Аңмен бірге аң
болып,
Шаңмен бірге щаң
болып
Ұстағанның
қолында,
Тістегенннің
аузында
Олжа болып кетер
ем.
Сені берген
атамнан,
Сені үйреткен
әжемнен
Қалай айналмаспын
мен!
Сенен алған
намыспен
Қырқып түсер
қылыштай
Қалай қайралмаспын
мен!
Қуан
далам!
Қуанатын күн
бүгін!
Серпіп таста мұңды жүрек
түндігін.
Тіл туралы заңым енді
күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа
кіндігін.
Қазақ
тілі-
Атаң,
Анаң!
Қуат алар Отан да
одан.
Дүниеде ешбір
асыл
Тең келмейді қатар
оған.
Ұлтың –
қасиетің,
Тартқан талай ұлыстар
бар
Тілсіздіктің
қасіретін.
Қазақ
тілі,
Ол - менің ана
тілім.
Ләззат -
қуат
Сөйлессем
табатынмын.
Тізілетін сөз
маржан
Жазғанымда,
Білем анық
Бағымның
жанатынын.
Қазақ
тілі,
Байсалды баба
тілім.
Сол
байлықтан
Аз емес
алатыным.
Беретінім
Қанша екен? Шүбәсіз
хақ
Қарыздар
боп
Әйтеуір
қалатыным.
Тілім
менің,
Шешен де дана
тілім!
Сәтін
күткен
Жұлдызды
сағатының.
Көмілмеген
Шаңына
ғасырлардың.
Сен –
үнсің
Бүгіннің,
ендігінің.
Сен
тілісің
Ұрпақтың
талайының.
Сен
тілісің
Махамбет,
Мұхтарлардың.
II бөлім: «Ана тілі –
білімнің кілті»
(Топтар арасындағы
сайыс)
Мұғалім: Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп
дарынды.
«Халық айтса
қалып
айтпайды»,
Әрқашанда нанымды,- дей келе
сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар. Сайысымыз бірнеше бөлімнен
тұрады.
-
«Бәйге» (сұрақтарға жауап беру)
-
«Полиглот» (мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін анықтап, екі
тілдегі баламасын табу)
-
«Тіл өнер» (өлеңді жалғастыру)
-
«Әдебиет айнасы» (әдебиет пәнінен сұрақтарға жауап
беру)
Мұғалім: Кім білімді, өнерпаз, білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек
әділдікті,
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - деп сайыскерлерімізді
ортаға шақырамыз.
Мұғалім: Білім деген биік шың
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген
ақылшың
Қиындықтан өткізер. Келесі
сайысымыз «БӘЙГЕ»
1.Қазақ тілі қашан мемлекеттік
мәртебеге ие болды ?
2.Қазақ әліпбиін құрастырған
қазақ зиялысы кім ?
3.Фонетика нені зерттейді
?
4.Түбір дегеніміз не
?
5.Жалғау нешеге бөлінеді
?
6.Қазақстан Республикасының
Тіл туралы Заңы қашан қабылданды ?
7.Әріп деген не
?
8.Жұрнақ нешеге
бөлінеді?
9.Қазақ тілінде неше сөз табы
бар ?
10.Сын есім құрамына қарай
нешеге бөлінеді ?
2 сайыс:
«ПОЛИГЛОТ»
Құлақтан кірген
.......
Жүрекке барып мұз
болар.
(сөз -
слово)
Таза мінсіз асыл
.....
Су түбінде
жатады.
Таза мінсіз асыл
сөз,
Ой түбінде
жатады.
(тас -
камень)
Бас кеспек болса
да,
....... кеспек
жоқ.
(Тіл -
язык)
Сөз анасы –
құлақ,
..... анасы –
бұлақ.
(су -
вода)
Мұғалім: Ана тілім – анамның
Ақ сүтімен келген
тіл.
Ана тілі –
бабамның,
Ақылымен өрген
тіл.
Сайысымыздың келесі бөлімі
– «ТІЛ
ӨНЕР» (өлеңді жалғастырып, кімнің қандай өлеңінен үзінді екенін
табу)
Өнер-білім бар
жұрттар
Тастан сарай
салғызды.
( Айшылық алыс
жерлерден
Көзіңді
ашып-жұмғанша
Жылдам хабар
алғызды.)
Ыбырай Алтынсарин.
«Өнер-білім бар жұрттар»
Көзіңді ашып, ойды
өсіріп,
Айтады кітап өмір
сырын.
( Адамдыққа ақыл
беріп,
Үйретеді өнер,
білім.)
Сапарғали Бегалин.
«Кітап»
Мұғалім: ТІЛ –халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға
ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің
мақтанышы. Демек әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай
қорғауга, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға
міндетті.
Ана тілін білмеген
–
Ақылы жоқ
желікбас.
Ана тілі сүймеген
–
Халқын сүйіп жарытпас , - деп
қырғыз ақыны Б. Сарноғаев айтса, Расул Ғамзатовтың «Ертең туған
тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын!» деген ойлары тілдің
қай елде, қай ұлтта болса да қастерлі, қасиетті екенін
дәлелдейді.
Мұғалім: Алуан-алуан ғасырдың
Шежіресі болған
тіл.
Небір ұлы
асылдың
Шын көңілі толған тіл, - дей
келе келесі сайысымыз «ӘДЕБИЕТ АЙНАСЫ»
(әдебиет пәнінен
сұрақтар)
1.Әдебиет нешеге бөлінеді?
(Ауыз әдебиеті, жазба әдебиет)
2.Ауыз әдебиетінің түрлері
қандай? (айтыс, жаңылтпаш жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз
әңгімелер, шешендік сөздер, тұрмыс-салт жырлары, эпостық (батырлық,
ғашықтық жырлар) ертегілер)
3. «Жолаушыдан жолаушы жолың
болсын сұрайды» өлеңінің авторы кім?(Өтебай
Тұрманжанов)
4.Ер Тарғын батырдың
тұлпарының аты қалай? (Тарлан)
5.Қабанбай батырдың шын есімі
кім? (Ерасыл)
6. «Қазантас» мәтініндегі
ерке, байдың ұлының аты кім? (Баттал)
- Ал, енді кезекті
әділқазылар алқасына берейік.
Қорытынды: Тіл – басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы.
Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық,
ағайын!