Материалдар / Ана тілін сыйламаған сыйламайды ұлтын да
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ана тілін сыйламаған сыйламайды ұлтын да

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылр мен көпшілік қауымға ана тілдің маңыздылығын түсіндіру жырлары арқылы ой сала отырып, ана тілге деген қызғушылықтарын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2018
597
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да»

Мақсаты: Оқушылр мен көпшілік қауымға ана тілдің маңыздылығын түсіндіру жырлары арқылы ой сала отырып, ана тілге деген қызғушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: қабырға газеті, тіл туралы қанатты сөздер.

Барысы:

Музыка мектебінің мұғалімі А.Қ.Алимханова мен 4-сынып оқушылары Мелтаев Нұрислам мен Әуесхан Құдіреттердің орындауында “Көңіл толқыны күйі” ойнап тұрады.


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қауым! “Ана тілін сыйламаған, сыйламайды халқын да” атты әдеби толғауға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы

11 сайланған қаз. Республикасы жоғарғы кеңесінің кезектен тыс төртінші сессиясында 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның, өзіне тән ажырағысыз белгісі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.


1-жүргізуші: Тіл – адам баласының айнасы. Сөз арқылы адамның ақыл ойы, мінез-қылығы, жалпы рухани жан дүниесі танылатыны анық.


2-жүргізуші: Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы” Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастауын көрсетеді.


1-жүргізуші: Тілімізді көздің қарашығындай сақтап арам шөбін жұлып, баптап, бағып-қағып жүрміз бе? Бүгінгі көтергелі, яғни ортаға салғалы отырған көкейтесті жан айғайымыздың тақарыбы осындай өзекті мәселені тілге тиек етпек.


2-жүргізуші: Ел боламын десең – бесігіңді түзе” - деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқан бесігіміз – отбасымыз бен мектеп – кемеміз.


1-жүргізуші: Бүгінгі ой толғауымзда айтылатын, оқылатын жолдардың бәрі Мұхтар Шаханов ағамыздың жыр жолдары арқылы сыр шертпек.


2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов – Республикалық “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалысының төрағасы болған тіл жанашырларының көсемі, “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атұарған қоғам қайраткері.


1-жүргізуші: Жасыратыны жоқ, қазір бізде орыс тілді қазақ деген немесе Шала қазақ деген қосымша атау дегеннен гөрі “ұлт” бар. Бұл қай жағынан қарасақ та дұрыс емес. Өйткені тіл – ұлттың ең басты белгісі. Ендеше, сен қай тілде сөйлесең, сол ұлттың өкілісің, қайраткерісің.


2-жүргізуші: Түрі ғана қазақтардың көпшілігі бүгінде қазақ мемлекеттілігінің арқасында атқа мініп жүр. Сөйте тұрып өз ұлтын, қазақ халқын бағалағысы келмейтініне танғаласың. Ұлттық сорымыз осылай жалғаса беруде.


1-жүргізуші: Енді сіздер мынадай мәліметке назар аударып көрңізші. Бір жылдары біздің мектеп аралас мектептердің бірі болды. Аралас мектеп болған ең соңғы жылынан мынадай нақты мәлімет келтіре кетейін. Мектепте барлығы - 180 оқушы болды. Оларды 142- қазақ, 30- орыс және 8 - басқа ұлт өкілдері құрады. Қазақша оқитын қазақтар саны - 113, орысша оқитын қазақтар саны - 31. Міне алысқа бармай-ақ қазақ тіліміздің мүшкіл халін өзіміздің ортамыздан-ақ көруімізге болады.


2-жүргізуші: 45 минут сабақтан басқа кезде өз ана тілін жылы жауып қойып, орыс тілінде шүйіркелесіп жүрген құрбы – құрдастарымыз қаншама. Келесі шумақтарымыз қазақ болып дүниеге келгендеріне ұялып жүрген Шала қазақтарға Мұхтар Шаханов тұрғысынан айтқанда қазақ болуға асықпайтындарға арналмақ.

1-оқушы:

Өз тілінді жерсінбеудің,

Өз ананды менсінбеудің

Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?

Ол-рухи мүгедектік, әрі ұлттық сатқындық!

Аз қайғы ма, талабынды түсінігің алдаса?...

Мейлі, он тіл,

Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса,

Өз ұлтыңның тілі менен рухы

Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

2-оқушы:

Ғасырымыз – іздеу, өрлеу, қиратулар алаңы.

Адамзатты қарын мүдде қайда бұрып барады?

Көлшіктер бар сыртқа ақпайтын, суын шетке қимайтын,

Не бір өзен, не бір бұлақ сырттан келіп құймайтын.

Соған ұқсас жеке адамдар, тіпті ұлттар болады.

Ол тәуелсіз менмендіктің болашағы жаралы.

Экономикалық алыс-беріс – нарық ғасыр талабы.

Тек аз ұлттар ділін, “Менін” қалай сақтап қалады?

3-оқушы:

Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,

Бақ құрдық та, ұлтсыздық кеңстікке ат бұрдық....

Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік.

Ана тілін қорғамаған,

Қорғағанды қолдамаған

Өз еліне шыншыл қызмет ете алмайды саналы!

Бәрін таптай бермек пе әлде рухсыздық табаны?

Бұл сұраққа өркениет қашан жауап табады?

4-оқушы:

Мәресі мұңлы ма ғасырдан ғасырға кетер ісінің,

Атақты желтоқсан көтерілісінің

Ең басты күресі тіл үшін болғанын.

Ұлтының сондағы замани зарлы әнін

Талайлар қалайша жіберген есінен шығарып?

5-оқушы:

Жасырынғамыз біз, биліктің айбатынан біз жасырынғамыз,

Жасырын екіжүзділікпен талайдың басын жұлғамыз,

Әлі де жасырынуда қаншама асыл тұлғамыз...

Неліктен Назарбаев ғасырында біз

Тілімізді қорғауда ісіміз бірікпей,

Санымыз сандалып, күшіміз кірікпей,

Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз?

Жерімізді қорғап жат қолдан,

Тәуелсздік үшін мерт болған

Бабаларымыздың даңқын, үмітін, сенімін басынудамыз.

6-оқушы:

Тіл кетсе ұлтымыз жойылатынын білсек те,

Мазмұнымызға нүкте қойылатынын білсек те,

Қамсыздар, қансыздар қатарына қосылудамыз.

Рух мүддесінде тоқырап, тоқтап,

Шыншылды даттап, ұрыны мақтап,

Қарын мүддесі үшін ғана асығудамыз,

Қоғамның науқасын қоғамнан жасырудамыз ...

1-оқушы:

Қай тілде қайнап.

Қай тілде ойлап,

Қай тілмен ақса перзенттік түйсік-өрісің,

Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің.

Бар кезде таным, таныту өрлейді,

Тек баба тілінді дамыта бермейді

Өзге тілдегі жеңісің...

2-оқушы:

Құрдымға құлдыратар қоғам нарқын

Ар-намысын қарны ғана билейтін,

Оның қайғы-қасіретіне мүлде жаны күймейтін адамдардың

Іскерлігі, білім-ойы қаншама,

Тіпті, мейлі, елден бөлек болса да,

Күш алса да биліктегі ең беделді сатыдан,

Сөз сөйлеуге хақысы жоқ бүкіл қазақ атынан!

4-оқушы:

Ұлтын, тілін мойындамауға - өгей мінез бұл ерек,

Әрбір ұлтсыз космополит – рухани мүгедек!

Тіліміздің тәуелсіздік таңы қашан атады?

Күнен-күнге көбеюде мүгедектер қатары.

Оларға енді басқа істерден маңыздырақ, арлырақ

Туған ұлттың арнасына қайтар бір жол бар бірақ.

Анасына қайта оралу – жаңа игі істің бастауы,

Ал қайтқысы келмегендер – ұлтымыздың қас жауы!

1-жүргізуші:

Оқушылардың орындауында «Рух пен тіл» әні

Сүйемелдеуші: Цымбал Ю.А.

Ән: Рух пен тіл

Сөзі мен әні: М. Шахановтікі

Мұхтар Шаханов


Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетінді,

Қай кезде туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,

Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.

Қайырмасы:

Ұлтсыздану заманында,

Тілің нарық табанында,

Көнбістік бар қадамында

Рухынды басып кетті қарын.

DrawObject1 Тіліңді жоғалтсаң, 2 рет

Діліңді жоғалтсаң

Жоғалтасың бәрін.


Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүйемей тұрып сүймек емес ғалымды.

Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,

Алдымен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.


Қайырмасы:

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған, сыйламайды халқын да.



5-оқушы:

Тамырынды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдыретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы,айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және туған тарихты еске алу қашанда

Ауыр әрі қасіретті болса да.

6-оқушы:

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт ансын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана-

Тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес-

Күрестердің ұлысы.


2-жүргізуші: Сонымен құрметті қауым, болашақта “Өз тілінде сөйлей алмай қазақтың тең жарымы, Амалсыздан басқа ананы өз анам деп таныды”- деп жырлаған, толғаған М. Шахановтың соңғы кездегі ұлтқа қатысты өлеңдері талай-талай қазақ балаларының, ағаларының, ата-әжелерінің, ата-аналарының бетін бері қаратып жалпы халыққа, қоғамға ой салаларына күмәніміз жоқ.

Күй орындалады.

Құрметі оқушылар, ұстаздар!

Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын тіліміздің, бар екенін ұмытпаңыздар! Ана тілінің көсегесін көгертіп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңізге байланысты екенін ұмытпаңыздар. Оқу-білім, еңбек жолында ана тіліңнің қамқоры, жанашыры бола біліңіздер, деп бүгінгі әдеби толғауымызды аяқтаймыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!