Тақырыбы: Ана тілің – асқар
шыңың танымдық
Түрі: сайыс
сабақ.
Мақсаты: Ата-бабаның ғасырлар
бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы – туған
тіліміздің қасиетті құдіретті киелі тіліміздің құдіретін асқақтата
білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: Ананың ақ
сүтімен дарыған киелі тіліміздің қасиетін біледі, құрметтейді.Асыл
мұрамыз мақал-мәтел, шешендік сөздерді, бата тілектерді айта
отырып, өз ойларын жүйелі жеткізе біледі.
Тілден биік асқар
жоқ
Тілден асқан байлық
жоқ
Тілден терең теңіз
жоқ
Ғ.Мүсірепов
Қазақ елінің
ұланы?
Дала төсінде ғасырлармен
сырласқан қазақ халқы тіл өнерін құт дарыған қасиет ретінде
қастерлеген, бабаларымыз қиын кезеңдерде тауып айтылған сөздерден
рухтанып даналықтың сәулесін шашқан ойдан қуат
алған.
Құрметті ұстаздар, оқушылар
бүгін 9-10 сынып оқушыларының « Ана тілің – асқар шыңың» атты
танымдық, сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Оқушыларға тек қана
сәт-сапар тілейміз! Оқушыларды топқа бөлу. Әділ-қазылар алқасымен
таныстыру
Тілді, тарихты, салт дәстүрді
ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып сақтау – қасиетті
борышымыз.
Олай болса, әрдайым тілімізді
аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Сайыс
шарттарымен таныс болыңыздар.
I .Топты таныстыру
(ұраны,мүшелері)
II.Тіл – құндылық.«Тіл» туралы
кластер жасау .
III. М.Шаханов әні «Тіл мен
рух» бейнеролигін көрсету, әр топ мүшелері постер
қорғау
IV. Аталар сөзі – ұрпаққа
аманат. Тіл туралы өлеңдер, би- шешендердің тапқыр сөздерін
айту.
V.Зерделі болсаң, биік шыңға
жетесің. Кеспелердегі сұрақтарға жауап
беру
VІ.Сен білесің
бе?
VІІ.Ана тілін қадірлемеу біз
үшін жетістік пе? Мысал әңгімелер айту VІІІ.Мөлтек сыр. Әр топ ана
тілі туралы ойларын өздеріне ұнайтын суреттер мен сөздер арқылы
жеткізу
Ана тілім, Жүрегісің анамның ,
Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым, Сағат сайын саулығыңды тілеймін.
Сенсіз мынау керегі не ғаламның ? Сенің әрбір тынысыңмен күй
кешемін, Сен арқылы тіршілікпен тілдесемін III. М.Шаханов әні «Тіл
мен рух» бейнеролигін көрсету, әр топ мүшелері постер
қорғау
I топ «Туған тіл – басты
байлығым»
II топ «Қазақ тілі – қазақ
баласының мақтанышы»
III
топ «Мен – Ана тілім –
Болашақ»
IV. Аталар сөзі – ұрпаққа
аманат. Тіл туралы өлеңдер, би- шешендердің тапқыр сөздерін
айту.
V.Зерделі болсаң, биік шыңға
жетесің. Кеспелердегі сұрақтарға жауап
беру
1. «Тіл туралы» заң қашан
қабылданды?
2. «Тіл туралы» Заңды жүзеге
асыру үшін «Қазақ тілі» қоғамы құрылды?
3. «Тіл туралы» Заң неше
тарау, неше баптан тұрады? 4.ҚР-ның жаңа Конституциясында қазақ
тілі мемлекеттік мәртебеге қашан ие болды? 5. «Мен қазақпын»
өлеңінің авторы кім? 6.Көп тілді білетін адамды кім деп атайды?
7.Бұл дүниеде, ол дүниеде өсетін ағаш? 8. «Толғауы тоқсан, қызыл
тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл»,-деп кім айтқан? 9. «Өмірдің мәні
не: бала ма, бақ па, дәулет пе?»-деген сұраққа Бөлтірік шешен қалай
жауап берген? 10.От емес, өртейді, Мұз емес, тоңдырады. Ол не?
11.Көзге көрінбейді, бірақ сезінесің. Жақсы айтса майдай еріп,
Жаман айтса безінесің. Ол не? VІ.Сен білесің бе? Әбу Насыр
әл-Фараби 70 тілді меңгерген. Мәскеу қаласының тұрғыны Вилли
Мельников 103 тілді үйреніп алыпты. Планета тұрғындары арасында Д.
Меццофанти 38, Раск 28, Г. Уильямс 28 тілді еркін сөйлеген.
А.Янулас 41 тіл бойынша қызмет істеген, ең ірі лингвист саналатын
Д. Кэмпбелл 54 тілді меңгерген.
Кіршіксіз таза сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат , Ананың тілі-ардақты , Аманат, саған,
аманат! VІІ.Ана тілін қадірлемеу біз үшін жетістік пе? Қате
қолданыстарға мысал әңгімелер айту VІІІ.Мөлтек сыр.Әр топ ана тілі
туралы ойларын өздеріне ұнайтын суреттер мен сөздер арқылы
жеткізу.
VІІ.Көрермендер арасында
мақал, бата айтудан жарыстыру Ана тілім ұраным, Ана тілім құралым,
Ана тілім болмаса, болмас еді жыр-әнім, Ана тілім елдігім, Ана
тілім ерлігім ,Ана тілім болмаса, бүтінделмес кемдігім!-дей отырып,
бүгінгі танымдық сайыс сабағымызды аяқтаймыз! Бүгінгі
білім-болашақта бағындыратын биіктеріңнің бастауы
болсын!