Материалдар / Аналар мерекесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі: Сакеева Бакытжан Тлегеновна

Тақырыбы: «Аналар мерекесі»

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!

Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!

(балалар орындықтардың алдына тұрып тұрады)

Хормен

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.



А.Айым:Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Абубакир:Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Жүргізуші:Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді

(Ортаға музыкамен көктем кіреді)

Көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:

Ару көктем, қошкелдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Алуа:Біздің халық өнерпазға бай тегі.

Әнші деп те күйшідеп те айт оны

Сұлтан:Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді

Жүргізуші: Әрине, абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне біздің бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «ана туралы» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән:Көктем келді.

Көктем:

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін

(Гүлдер орынан тұрады.)

Жүргізуші: Балалар біз қандай гүлдерді біеміз?

Тамаша қыздарымыз гүлдер сияқты сұлу, нәзік. Тобымызда алуан түрлі гүлдер бар.Ендеше сол гүлдерімізге сөз берелік.

Шегір гүл:Мен әдемәмін, сұлумын. ЕЕЕ жылайды.

Жүргізуші: Сен шегір гүл сұлулыұтың қандай болатынын білмейді екенсің ғой. Жапырақтарың неге қурап қалған? Кел жылама қонақ бол бізде нағызү сұлу гүлдер көп, солармен таныс.

Бәйшешек: С.Айым

Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала

Қызғалдақ: Балнұр

Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын,

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын



Жауқазын:Каусар:

Жауқазынмын жайқалған

Сұлу гүлмін жайнаған

Көктемде мен гүлдесем

Құлпыра кетер айналам

Раушангүл: Сайда

Әдемімін сұлумын,

Менен қай гүл аса алған

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған

Көктем:

Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.

Би: Гүлдер

Ән: Апатайым анашым.

Көктем: Аналарымыз балаларды жылы сөздер айтып үлпілдетіп өсіріп келеді. Анасына балалар жылы лебіздер айта отырып ,адымдап басып барып бетінен сүйіп құттықтайды.

Ойын:Аналар мен балалар жылы сөздер айтады:

Жүргізуші:Біздің әдемі де сұлу қыздарымыз бен аналарымызға қошеметтеріңіз болсын.

Көктем: Жүр шегір гүл мына ұсқынсыз түріңді кетірейін. Жақсылап сені өсіріп, әдемі етіп шығарайын. Жүр екеуіміз кетейік. Сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Бәрекелді, үлкен рахмет, қошеметтеріңіз! Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Ерасыл:Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік болып жұлдызыңыз,

Көктемдей құлпырыңыз,

Бақыт қонсын басыңызға,

Қолдап жүрсін тәңіріңіз.

Жүргізуші: Дегенменде мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән: Әже

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә! Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ:
Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ:
Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).

Сайқымазақ:
Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.

(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)


Жүргізуші:
Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың аналарымен бір ойын ойнат. Сен өте көңілді жүресің әрдайым аналарымыз бір бабалық шақтарына оралып бақытты сәттерін естеріне алып бір демалып қалсын.

Сайқымазақ: (
қуанышпен) йа йа мен ойнағанды жақсы көремін.

Ойын: Аналарды балалары киіндіреді.

Сайқымазақ: Ой керемет көрініс болды ғой. Енді би билейікші.
(Балаларды билету)

Би: «Джентельмендер»

Сайқымазақ:Ой керемет, қандай жақсы би.

Жүргізуші:Байқаған шығарсың сайқымазақ біздің балалар шеттерінен өнерлі,

Жүргізуші: Ағылшынша тақпақтары .

Ән ағылшынша:

Жүргізуші. Келесі кезекте Орысша көңілді әзіл-сықақ әнге де кезек келіп жеткен сияқты:Алуа. Камилла. Султан.С.Айым. Әмір. Абдулмалик. Балнур.

Жүргізуші. Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Алтын аналарымыз аман болсын тағыда мереке құтты болсын. Балалардың даярлаған сыйлықтарын табыс етуге рұхсат етіңіздер.

Тілектің артықшылығы жоқ келесі кезекте құттықтау сөз орталығымыздың--------------- сөз берелік.

Осымен аналарға арналған ертеңгілігіміз аяқталды

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!