Бекітемін:
Күні:
11.02.2022 ж
Сыныбы: 5 «В»
Тақырыбы: Сүйіспеншілік – өмір негізі
Мақсаты: Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын
оқушыларға ұғындыру.
Міндеттері:
-Өмірдің
бар жақсылығын негізі махаббат сүйіспеншілік екенін
түсіндіру;
-Адамды,
Отанды, туған елін, ата-анасын, өмірді сүйе білу іскерліктерін
дамыту;
-Мейірімділікті,қайырымдылыққа
тәрбиелеу.
І.Ұйымдастыру кезең.
1-
жүргізуші:
Бізге
ашық күн керек
Аспан
керек мөп – мөлдір
Қуанышқа
тұр бөлеп
Бақытты
өмір төккен нұр.
Кел,
балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ
түйген не керек,
Көңілді
боп жүрейік!
Кел,
балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі
көңілді ашады,
Күліп
өмір сүрейік
Қайырлы
күн ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің шарамызға көптеген
қонақтар келіпті. Ендеше оқушылар біз бір – бірімізбен амандасып
алайық. Ортаға шығып шаттық шеңберге тұрып ыстық лебізімізді бір
бірімізге гүл беру арқылы айтайық.
(Әдепті
бол, білімді бол, сабырлы бол,мейірімді бол, аспаның ашық болсын,
елімізде тыныштық болсын, бірлік, татулық болсын, кішіпейіл бол
т.б.)
2-жүргізуші:
Ел
баласын мәпелеп саялаған
Әр
баланы жан тәнімен аялаған
Біледі
үлкен кіші бар еңбегін
Бала
үшін күш жігерін аямаған.
Жайсаң
жанды кең пейіл, асыл ана
Нәзік
тұлға шуақ шашқан бар балаға
Елімізге
тірек болып қолдап жүрген
Аман
саулық тілейміз, Сара анаға - деп бүгінгі 5 «а» және «в» сынып
оқушылары ұйымдастырған «Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік пен
шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік іс – шараның
аясында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты мерекелік
бағдарламамызды бастаймыз.
1-жүргізуші:
Біздің
бүгінгі сабағымыз «Өзін өзі тану» пәнін еліміздің білім жүйесіне
енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған Сара Алпысқызы
Назарбаеваға арналмақ.
2-
жүргізуші: Сүйіспеншілік бастан, болмаса ауыздан шықпайды ,ол жүректен
шығады. Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік –
тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат
көзі.
1-жүргізуші: Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды. Мейірімін
төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне
жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай
сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам
өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ
ұрып өтері анық.
2-жүргізуші:
Сара
Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы
Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап –
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы
және президенті. Бүгін «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара
Алпысқызының туған күні. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге
жәрдемдескен, «Өзін өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп,
жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1ші қыркүйегі
«Өзін өзі тану» пәні Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру
жүйесіне жаппай енгізілді. «Өзін өзі тану» пәнінің балаларға, ата
аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор. Бүкіл адамзатқа өзінің
жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір біріне
деген қарым қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына
бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін ашуға көп
көмегін тигізіп отыр.
1-жүргізуші: Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты
жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік. Осы мақсатта «мың өліп,
мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы
осы риясыз сүйіспеншілік сөзі
болмақ.
2-
жүргізуші: Мейірімділік, сүйіспеншілік,қайырымдылық, адалдық ақ
жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты,
өзімшілдікті, мақтануды білмейді. Сол үшеуінің басы қосылса, адам
жақсы өмір сүріп, бір-бірімен тату тұруында сөз жоқ дейді
Ұлы Абай
Құнанбаев атамыз.
1-жүргізуші: Ендеше бағдарламамызды Есполаев
Ерфахшадтың орындауындағы «Батырлар жыры» әнімен бастаймыз. Қабыл
алыңыздар!
2-
жүргізуші: Оқушыларымыздың сүйіспеншілік, мейірімділік туралы өлең
шумақтарына кезек береміз:
________________________________________________________________________
1-жүргізуші:
Өмір
деген - ол бір нәзік тіршілік,
Таң
сыйлайды Нұр сыйлайды күн шығып.
Қадіріне
жете алмасаң желдіріп,
Саған
қарсы ұмтылады жұлқынып. Сахнада 5 сынып оқушыларының
орындауында шағын көрініс «Ана махаббаты»
Төле
бидің алдында бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді.Екеуі
де «бала менікі»-деп бет қаратпайды.Біреуі «бұл баланы мен тудым,
бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді.Бұны пәлен жеріндегі
алақандай қалынан таныдым» -десе, екіншісі «ұрлаған түгім жоқ, 9 ай
көтеріп тапқан ұлым»-десе керек.
Сонда
Төле би қолына қылыш алып «бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» –
деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл
әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел
«ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрседе аман жүрсін!» – деп жер тізерлеп
отыра кетеді.Сүйтіп Төле би баланы өз анасына қайтарып
береді.
2-жүргізуші: Оқушылар көріністен қандай ой түйдік?
Өз ойларыңызды білуіміз үшін мына сұрақтарға жауап
берейікші.
1.Екі
әйел Төле бидің алдына не үшін таласып
келеді?
2.Төле
би қолына қылыш алған кездегі мақсаты не
еді?
3.Оқиғаның соңында не
жеңеді?
Байқадыңыздар ма, балалар,оқиғаның соңында әділдік риясыз
махаббаттың жағына шықты. Өйткені риясыз сүйіспеншілік қана
барлығын жеңе алады.
-Ал
сүйіспеншілік, махаббат деген де ең алдымен кім ойыңызға
түседі?
-Дұрыс,
Ана.
1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар
оқушылар.
Ғұлама
ғалым В.Т.Белинский ана туралы «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті
нәрсе жоқ.Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз
келеді» деген екен.
2-жүргізуші:
-Дұрыс
сенің жасың қаншада болсын-мейлі 5 жас болсын, мейлі 50 жас болсын,
саған әрқашан ана керек, оның аясы, мейірімі керек.Сенің анаңа
деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз
қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді.
1-жүргізуші: Иә,олай болса ортада Мақсатқызы
Жанерке орындауында «Алғыс» әні. Қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші: Мың бұралған ару қыздарымыздың
заманауи биін тамашалайық!
1-жүргізуші: Төлек сен білесің бе? Сүйіспеншіліктің 3
түрі болады екен.
2-
жүргізуші: АААА солай ма? Қандай?
1-жүргізуші: 1.Риясыз сүйіспеншілік – шексіз
сүйіспеншілік.
2.Өзара сүйіспеншілік - екі адам арасындағы
сүйіспеншілік
3.Өзімдік сүйіспеншілік – эгоист яғни өзін ғана жақсы
көретін адам.
2-жүргізуші: Мен риясыз сүйіспеншілік туралы өлең
оқып берейін.
Сүйіспеншілік сүйенеді
санаға
Үйретеді үйлесімді
үлгіге
Ойлантады ойлантады ойшылды
Ізгіліктің ілімдерін іздеуге
Сүйсінтеді сұлулықтың
сырына
Пайымдатад парасаттың
парқына
Естіртеді естіліктің есімін
Шақыртады шабыттының
шалқарын
Үлестіреді ілімдінің
іздерін
1-жүргізуші: 5 сынып оқушыларының жүректен
шыққан, шынайы жыр шумақтарын
тамашалайық!
2-жүргізуші: Бекмуратова Аружан мен Нұрлыбай
Нұрайлымның орындауында «Отан» әні.
2 –
жүргізуші: Риясыз сүйіспеншілік – адамдық өлшемнің белгісі. Адамның
риясыз сүйіспеншілігі күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа
арналғанда өзара үйлесімділікке қол жеткізуге болады. Сахнада
Бақытжанқызы Бақнұрдың орындауында «Аяулы анам»
әні
1-жүргізуші:
Ғұлама
ақындарымыздың сүйіспеншілік, мейірімділік туралы қаншама жыр
шумақтары жетерлік. Сахнада оқушыларымыздың өлең
шумақтары.
2-жүргізуші:
Адам
өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс
емес,сүйіспеншілік.Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе
алу мүмкін емес. Оны іспен ғана білдіре аласың.Себебі ол сезімнің
бір бөлшегі. Ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады.Үлкен сезімдерге
бастау береді.Сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын
алады. Ең бастысы бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен сыйластық
таныта отырып, ортақ нәтиже шығара алдық. Ендеше әр күнде осы бір
сүйіспеншілік сезімін жүрегімізде сақтап
жүрейік.
Ендеше
шынайы достық сезімдерді паш етіп көрсететін «Достар» әнін
тыңдайық! 5 сынып оқушыларының орындауында
хор!
1-
жүргізуші: Өзін-өзі тану әлемі бізді кеңпейілділікке, мейірімділікке,
жақсылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Олай болса дәл
осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңірген
оқушыларымыздың Сара
Алпысқызына арнап өздерінің құттықтау хаттарын, ізгі тілектерін
жасаған болатын. Назар аударып
тыңдайық!
2-жүргізуші:
Бүгінгі айтылған ойларды
зерделей келе, сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және
-кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің
маңызын ұғынып жүрегіміздің түбіне түйіп
қояйық.
1-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау
үшін сөз кезегін мектебіміздің