Әңгіме

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әңгіме

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойдан шығарылған әңгіме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нурлахметова Дана.

Әңгіме. Жетімдер үйіндегі бір күн.

Көктем. Таң енді атқан шақ. Далада салқындау жел еседі. Есіктің баяу ашылған сықырынан Ажар көзін ашты. Есік жақтан ұзын белдемше, үстінде қоңырқай күртеше киген, шашын төбесіне буған, жүзі суық, қолында бала санын тексеретін қағазы бар орта жастағы әйел адам кіріп келді. Марфа ханым.

- Тұрыңдар. Сағат жетіге он минут қалды- деп ащы дауысымен айқайлап жіберді. Шошынған балалар жылдам жылы төсектерінен тұра салып киінуге кірісті. Соған қарағанда бұл кісіден әбден қорқатын сияқты. Жаңағы әйел аяқ киімінің астын жерге тарсылдата тигізіп Ажардың қасына барды:

- Сен неге тұрмайсың?

- Қазір- деп тіл қатты Ажар.

Бұл әйелден талай жазықсыз ұрыстар естіген Ажар бұл жолы да сыбығадан құр қалмасын біліп, төсегінен әзер басын көтерді. Ол түні бойы сандырақтап, қызуы көтеріліп ауырған болатын. Мұнысын көріп тұрса да тіксінген әйел жылулық танытатын ойы жоқ. Бұрылып, есіктен шығып кетті.

Таңғы ас уақытында Ажар нәр татқан жоқ. Оны тәрбиеші Васелиса Егоровна деген мейірімді әрі балаларды жақсы көретін кісі көріп қалып, оны дереу медбикеге көрсетті. Ажардың денесінен соққы мен ұрғыдан зардап шеккен іздер көрінген. Қанша сұрағанымен Ажар кім екенін айтпады. Бұл істі Жамал медбике басшылыққа айтып, істі тексеруді өтінген.

Арада екі күн өтті. Іздестіре келе оның Марфа ханым екені анықталған. Ол кісіні сол мезетте жұмыстан шығарып, қажетті жаза қолданылды. Содан бері қатігез Марфа ханымның орынына жайдары жүзді, парасатты, жетім балалармен тағдыры бір София есімді орыс қыз жұмысқа келді. Ұлты орыс болғанымен қазақша жетік сөйлейді екен. Балаларға жылы көзімен қарап, мейірімін төгіп, балалармен ары қарай жұмыс істеуге келісті. Балалар үйінің есігінен кіре сала София көзіне жас алды, сірә өзінің бала күні есіне түсіп кеткен шығар.













Ой толғау. «Бауыр» әңгімесі және Мұқағали Мақатаевтың «Жазғырма мені, жан-аға» өлеңіне сүйене отырып жазылған.



Өмірде қаншама қиындықтар мен сәтсіз сапарлар, қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Бірақта ең қиыны туған-туыс, аға-бауыр, жақындарыңды жоғалтып алудан асқан қайғы жоқ. Ең мейірімді де, ең аяулы, жаныңнан табылатын жандар ол біздің отбасымыз екенін ұмытпағанымыз жөн болар.

Сау адамның басын қақсатып, жақынын сыртқа теуіп, ұлын ұяға, қызын қияға жіберудің орнына кейбір сүйкімсіз безбүйректер өз жақынын балалар үйіне немесе қарттар үйіне беріп жатқанын көз көрді. Балаң бауыр етің, ағаң қорғанышың, інің деміккенде тынысың боларын еске түсіру қажет.

Әлемде 7 миллиард халықтың ішінде дәл бауырың сияқты сені ешкімде жақсы көріп бауырына баса алмайды. Сол үшін жақындарыңды бағалау ол бізге берілген үлкен сый деп білемін. Сонымен қатар әр адам өз бауырын қандай жағдай болмасын қасынан табылып, қорғаныш болып, қолдап, қолпаштай алса, бұдан асқан шарапат жоқ деп түсінемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2024
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі