Материалдар / Әңгіме "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әңгіме "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгіме "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы". Бұл әңгімеде ұстаз бен шәкірт арасындағы жылы қарым-қатынас, оқушының жүрегіне жол тарту туралы баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2022
154
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы

Сайыс болатын күн де жетті.

Мадина оқушыларын мектептің 1–қабатында күтіп отырды. Жай отырмай, шәкірттерін сайысқа дайындаған күндерге ойша көз жүгіртті. “Мейірханды жан–жақты дайындадым. Өлең ұйқастарын, шумақ санын, көркемдеу жағын да қалыс қалдырған жоқпын. Өзі де осы сайысқа ерекше шабытпен дайындалды. Қанжығамыздың майланатынына көзім жетеді.

Әсел ше? Ақынның 6–ақ әнін жаттады. Құйқылжытып орындағанда денең шымырлайды, бірақ саны аз сияқты…” м–м–м деп отырғанда...

Не деген жауапкершілігің жоқ баласың! Мен саған айтқалы қашан! Ерте дайындап қоюың керек еді! Жаңа өлең жаттадың ба?

Уақытым болған жоқ, апай.

Не деген уақыт ол жетпейтін!

Апай, дайындығым шамалы, бармай–ақ қояйыншы. Отбасылық жағдаймен…жаттай алмадым...

Сөзді қой, Маржан, барасың! Былқ–сылқыңды естімейтін болайын.

Таныс дауыс... Дәлізде бар даусымен сөйлеп келе жатқан Гауһар әріптесін бірден таныды. Артынан еріксіз ілескен оқушысымен бірге хатшының бөлмесіне кірді. Сайыста айтатын өлеңдерінің көшірмесін жасамақшы. Мадина оны бірден түсінді, өйткені оның оқушысын да бірге сайысқа алып кетуі керек еді.

Бір кезде хатшының кабинетінен шығып, сөзбен тағы бір сілкіп алды да, Маржанды Мадинаға табыстап, тық–тық басып, жоғарыға көтеріліп кетті. Маржан үн–түнсіз қасындағы бос орындыққа жайғасты.

Жарыс өтетін жерге барғанша Маржан аузын ашпады. Қабағы түсіп кеткен. Жанарында жас тамшыларының ізі бар. Мадина өз оқушыларына жаңа қосылған талдырмаш денелі, әдеміше келген сары қызға ұзақ қарады. Оны аяғаны сонша – жақындап барып, бауырына басқысы келді. Бірақ сары қыз ешкіммен тіс жарып сөйлескісі келмеді.


Сайыс басталуға жарты–ақ сағат қалды. Қатысушылардың жүректері күпті, дайындық үстінде. Мейірхан мен Әсел залға біресе кіреді, біресе шығады. Мадинаның жанына барып, алдыңғы сайыстардағы қызықтарды айтып, мәз болады. Көңілдерін алдаусыратып жүргендей.

Маржан болса ең соңғы қатарда отыр. Ешкімге жоламайды. Өз әлеміне сүңгіп кеткен. Бетінде сайысқа қатысамын деген нышан да жоқ. Мәз боп тұрған Мейірхан мен Әселден көз алмай, біраз бақылап отырды. Мадинаның жалғыз қалатын сәтін бағып отыр. Мейірхан мен Әсел шығып кеткенде жүгіріп барып Мадинаның жанына жайғасты да, асығып–үсігіп:

  • Апай, сізге өтініш айтқым келіп тұр.

  • Иә, айта қой, Маржан,–деді Мадина.

  • Ренжімесеңіз, мен сайысқа қатыспай–ақ қояйыншы. Мүлде дайындығым жоқ... Соны апайыма айтып ем, тыңдағысы келмеді...

Бар оқиғаға қанық Мадина бірден:

Жарайды, бірақ сайыстың аяғына дейін бізбен бол, үйге бірге қайтамыз,– деді.

Қуанып кеткен Маржан жанын түсініп тұрған мұғалімге алғысын жаудырта бастады. Сосын баяу үнмен:

Апай, сізге бір басымнан өткен оқиғамды айтып берсем, тыңдайсыз ба?–дегені. Бағанағы көз алдындағы Маржанның өзгеріп сала бергеніне таңдана қарап тұрып Мадина:

Иә, айта қой,– деді.

Мұңлы көздерін төмен түсіріп, бір күрсініп алды да, әңгімесін бастап кетті.

Мен – әжем мен атамның қызымын. Менен басқа олардың 6 немересі бар. Бәріміз атам мен әжемізді жақсы көреміз. Бар сырымызды әжемізге айтамыз. Ол бізді тыңдайды. Бір күні әжем ауырып қалды да, бәрімізді шақырып алды. Алдын–ала жасап қойған сыйлығы бар екен. Соны берді. Өз қолымен қобдиша жасапты. «Мен болмаған кезде осы қобдишаға айтқыларың келген сырларыңды жазып саласыңдар, мен келіп оқып кетемін»,–деді. Сөзінің астарына үңіліп те үлгерген жоқпыз. Қуанып әжемнің сыйлығын жапа–тармағай бас салдық.

Екі апта бұрын әжем өмірден өтті,– деді Маржан көзі мөлтілдеп. Әжемді сағынып жүрмін. Айтатын сөздерім жиналып қалды. Бір күні бәрін қағазға тізіп жаздым да, қобдишаға салып қойдым. Таңертең біреу–міреу оқып қоймасын деп тез суырып алып, жыртып тастадым, – деді Маржан жасын сүртіп жатып.

Апай, осының бәрін сізге ақтарғым келді. Неге екенін білмеймін, сізге айтқым келді. Сіз тыңдай аласыз. Бағанадан бері сізге қарап отырдым. Оқушыларыңыз қысылмастан бірдеңелерін айтып жатыр, айтып жатыр. Оларға қызыға да, қызғана да қарап отырдым,–деді сары қыз күлімдеп,– менің де мұғалімім сіз сияқты болғанда ғой...

Мадина үнсіз Маржанды тыңдап отыр. Кіршіксіз бала көңіліне кірбің түскеніне іші удай ашыды. Кезінде өзінің сынып жетекшісі болған Клара апайды есіне алды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демеуші ме еді! Баланы тыңдай алатындығы мен талапшылдығын тура ұстазынан алған. Баланың тілін таба алғанда ғана алынбайтын қамалдың жоқтығына Мадинаның көзі тағы бір мәрте жетті. Сол сәтте:

  • Апаай,–деп жетіп келген шәкірттерін құшақтап, мейірлене тыңдай бастады.

Маржан да алдыңғыдай емес, әңгімеге араласып кетті.

- Апай, білесіз бе? Бүгінгі сайысқа келгеніме қуанып отырмын. Қатыспасам да ішкі жаныммен бөлістім. Мектепке оқушы қуанып бару керек, себебі екінші анасындай мұғаліммен қарым-қатынас та көп нәрсені шешеді. Менің көзқарасымдағы мұғалім,-деді Маржан,- оқушының айтайын деген ойын көзінен-ақ түсінетін адам. Жан дүниені ұғу мен түсінуді ең құнды қасиет деп білемін. Мен сияқты оқушыға керегі мұғалімнің жылы қабағы, біздің деңгейге түсіп ойлауы деп түсінемін. Сонда ғана білім алу жеңіл болады,-деп ойлаймын ,-деді Маржан одан сайын ашылып. Ішіндегі асау ойларының ұйқысынан оянғанына риза болған Мадина “бейтаныс” шәкіртін құшақтай алды.


Хорошая позиция учителя

Наступил день конкурса.

Мадина ждала своих учеников на первом этаже школы. Она не просто сидела, а вспоминала те дни, когда готовила своих учеников к конкурсу. “Я подготовила Мейрхана всесторонне. Не обошла вниманием рифмы стихов, количество строф. К этому соревнованию он тоже готовился с особым вдохновением. Я уверена, что удача будет на нашей стороне. Как насчет Асель? Она выучила всего шесть песен поэта. Когда она исполняет переливисто, бегут мурашки по всему телу, но, кажется, количества недостаточно...” м–м-м-м...

- Какой ты безответственный ребенок! Когда я тебе об этом говорила?! Ты должна была подготовиться пораньше! Выучила новое стихотворение?

- У меня не было времени, учитель.

- Что это значит, времени не было?!

- Учитель, я не готова, не хочу идти. По семейным обстоятельствам... я не смогла выучить...

- Замолчи, Маржан, ты идешь! Чтобы, я больше не слышала твои отговорки.

Знакомый голос... она сразу узнала своего коллегу Гаухар, которая громко разговаривала в коридоре. Она вошла в кабинет секретаря с последовавшей за ней ученицей. Она хочет сделать копии стихов. Мадина сразу поняла это, потому что ученицу Гаухар тоже должны были взять с собой на конкурс.

В какой-то момент они вышли из кабинета, Гаухар снова отругала Маржан, поручила ее Мадине и поднялась наверх, стуча каблуками. Маржан молча села на свободное место рядом с ней.

Маржан не разговаривала, до места проведения конкурса. Ее глаза опустились, она нахмурена. Казалось, что ей хотелось плакать. Мадина долго смотрела на изящную, красивую блондинку, которая только что присоединилась к ее ученикам.

Ей было так жаль Маржан, что захотелось подойти ближе и прижать ее к себе. Но блондинка ни с кем не хотела разговаривать.

До начала конкурса осталось полчаса. Участники готовятся, у них тревожно на душе. Мейрхан и Асель то входят, то выходят из зала. Они подходят к Мадине и рассказывают об интересных событиях прошлых конкурсов, будто ...

А Маржан сидит в самом последнем ряду. Она ни к кому не приближается. Погружена в свой мир. По ней не видно, что она хочет участвовать в конкурсе. Не отрывая взгляда от восторженных Мейрхана и Асель, некоторое время наблюдала за ними. Она ждет момента, когда Мадина останется одна. Когда Мейрхан и Асель ушли, она побежала к Мадине, села рядом и поспешно сказала:

- Учитель, у меня есть небольшая просьба к вам.

- Да, говори, Маржан, - сказала Мадина.

- Если не возражаете, можно я не буду участвовать в конкурсе? Я совсем не готова ... Я сказала об этом своей учительнице, она вовсе не хотела слушать ...

Осведомленная событием Мадина, сразу:

- Хорошо, но оставайся с нами до конца конкурса, мы вместе поедем домой, - сказала она. Взволнованная, Маржан стала благодарить учительницу, которая понимала ее чувства. Потом медленным голосом (или тоном):

- Учитель, если я расскажу вам свою историю, которую я пережила, вы послушаете?

Мадина смотрела на Маржан с удивлением от того, что она менялась на ее глазах.

- Да, конечно, - сказала она.

Маржан опустила печальные глаза, вздохнула и начала свой рассказ. Я-дочь бабушки и дедушки. Кроме меня у них шесть внуков. Все мы любим нашего дедушку и бабушку. Мы рассказываем наши секреты бабушке. Она нас слушает. Однажды моя бабушка заболела и позвала нас всех. У нее были подарки для нас, подготовленные заранее. Вручила их нам. Она сделала шкатулку своими руками. «Когда меня не будет рядом, запишите все то, что хотите мне рассказать, положите в эту шкатулку, а я приду и прочту их», - сказала она. У нас даже не было времени разобраться в ее словах, понять смысл. Мы обрадовались и набросились на подарки.

- Две недели назад ушла из жизни моя бабушка, —со слезами на глазах сказала Маржан. Я скучаю по бабушке. У меня накопилось слов, чтобы рассказать. Однажды я записала все это на листе бумаги и положила в шкатулку. Наутро я быстро вытащила и разорвала, чтобы никто не прочитал, - проговорила Маржан, утирая слезы.

- Учитель, я хотела вам все это рассказать. Не знаю почему, я хотела с вами поделиться, выговориться. Вы можете слушать. Я все это время смотрела на вас. Ваши ученики, не стесняясь, что-то говорят, рассказывают вам.

- Я смотрела на них с завистью и ревностью, - сказала блондинка с улыбкой, — я бы хотела, чтобы моя учительница была такой же, как вы ...

Мадина молча слушает Маржан. Она впадает в отчаяние наблюдая затем, как душа невинного ребенка разочарована. Она вспомнила свою учительницу Клару, которая когда-то была ее классным руководителем. Не говорят ли «Хороший учитель - хорошее отношение»! Она приобрела способность слушать ребенка непосредственно от своего учителя. В очередной раз Мадина убедилась, если найти подход к ребенку, то нет крепости, которую нельзя было бы захватить. В тот же момент:

- Учитееель, —говоря они, подошли к ней, Мадина обнимая своих учеников любезно слушала.

Не такая, как раньше, Маржан тоже вмешалась в разговор.

- Учитель, а вы знаете? Я рада, что пришла на сегодняшний конкурс. Если даже я не участвовала, но разделила самые сокровенные чувства, поделилась своей внутренней душой. В школу ученик должен идти с удовольствием, ведь общение с учителем, как и со второй мамой, тоже многое решает. Учитель с моей точки зрения, - сказала Маржан, - человек, который понимает, что пытается сказать ученик. Я считаю, что самое ценное качество - это понимание души. Я думаю, что такому ученику, как я нужен, - сердечный человек, думающий на нашем уровне. Только тогда, я думаю, будет легче получить образование, - сказала Маржан, становясь все более открытой. Мадина, довольная тем, что она еще больше раскрывается, смогла обнять свою «незнакомую» ученицу.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!